Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оиОм 7-9, 13-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
560.21 Кб
Скачать

7-билет

1 Камералық муфелі механикалық электрпештер.

Камералы пеш - металлургиялық өндірістік пештерінің бір тобының жалпылама аты. Бұл пештердің ерекшелігі- қыздыру кезеңінде ішіне салынған бұйымдар пешке қатысты қозғалмай бүкіл қыздыру кезеңінде бірыңғай температуралық режимінде жылжымай қыздырылады.

Камералы пеш металл дайындамаларды прокаттау және шыңдау алдында қыздыру, металл бұйымдарды термиялық өңдеу, керамикалық және боялған бұйымдарды күйдіру, т.б мақсаттарда пайдаланады.

Қыздыру әдісіне сәйкес камералы пештің температурасын бірқалыпты ұстауға немесе өзгертіп отыруға да болады.

Камералы пешке қатты тозаңданған, газ тәрізді және сұйық отындар жағылады. Оны электр тогымен қыздыруға да болады.

Термиялық камералық электр пештер - металды термиялық өңдеуге арналған арнайы аспап. 1250 максималды температураға дейін металдарды температуралық өңдеу үшін қолданады. Камералық пештердің көмегімен іске асырылады:

  • әр түрлі бұйымдар мен бөлшектерді шынықтыру мен күйдіру;

  • берілген температураға дейін қыздыру;

  • температурамен өңдеудің басқа да амалдарын орындау.

Камералық электрпештер машина жасау, электротехника және аспаптық өнеркәсіпте пайдаланылады

Электр пеш екі режимде - қолмен және автоматты түрде жұмыс жасай алады. Жұмысты орындау басқару шкафының көмегімен іске асырылады.

Камералық электр пешінің бір жүйелілігі:

  • электр пеш;

  • басқару шкафы;

  • қосымша бөлшектердің жиыны.

Шартты белгінің құрылымы : мысалы, "СНО(З) - Ш.Г.В/10И3". С - қарсыласумен қыздыру; Н- камералық; О- жұмыс аймағында қышқылдандыру ортасы; З- қорғаушы атмосфера ( қорғаушы газдар: азот, эндогаз, экзогаз, сутек); Ш- жұмыс аумағының ұзындығы; Г- тереңдік; В- биіктігі; 10- жұмыс температурасы; ИЗ- орындаудың рет саны.

1- кесте

Камералы электр пештерінің техникалық ерекшеліктері

Параметрлер атауы

СН3/СНО

3.6.2/10ИЗ

СН3/СНО

4.8.2/.510ИЗ

СН3/СНО 6.12.4/10ИЗ

Қуаты , кВт

14,6

25

58

Максималды температура,

1000

1000

1000

Кернеу ,В

380-220

380-220

380-220

Қорғаушы газдың шығыны, м3/сағ СНЗ үшін

3

4

8

Жұмыс аймағының өлшемі (ШхДхВ)

3х6х2

4х8х2,5

6х12х4

Жұмыс аумағының көлемі

36

80

288

Габаритті өлшемдер, мм

В

1000

1116

1450

Н

1500

1730

2020

L

1500

1950

2380

Камералық пештің салмағы, кг

680

1180

1800

камералы электрпештер

2 Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар

Пеш-ванналар өңдеудің түрлі операцияларын – шынықтыруды, тұрақтандыруды, жұмсартуды, жасытуды, циандауды, көміртектендіруді, нитрокөміртектендіруді, сондай-ақ сатылы және изотермиялық шынықтыруды жүзеге асыруда қолданылады. Пеш-ванналар термиялық цехтарда және өндірістік барлық дерлік салаларының бөлімшелерінде қолданылады. Олар құрал-жабдық өндірісінің негізгі жабдығы болып табылады. Қыздыру құралы ретінде тұздар мен сілтілердің түрлі құрамы кеңінен қолданыста. Ректификатор ретіне MgF2, ферросилиций, бура немесе Na2B4O7 қолданылады. Төмен жасыту және ескіру кезінде қыздыру үшін май ванналарын («Вапор» майы, «Вискозин» №10 және т.б.) пайдаланылады.

Отын пеш-ванналары ыстыққа төзімді тигельдің осалдығы себепті кең тарамаған. Жылыту тәсілі бойынша сырттан, іштен жылытылатын және электродты ванналар болып бөлінетін электр пеш-ванналары кеңінен пайдаланылады.

Сырттан жылытылатын СВГ сериялы ванналардың қыздыру температурасы жоғары – 300-ден 850ºС жетеді. Мұндай ванналардың қуаты 10-нан 30кВт-қа дейін, өнімділігі 30-дан 130кг/сағатқа дейін жетеді.

Іштен жылытылатын ванналар түтік тәрізді элементтермен (ТЭН) жылытылады және тез әрі бірқалыпты қызу үшін механикалық араластырғыштармен жабдықталған.

Электродты пеш-ванналардың әдетте, металл тигелі болмайды. Оларды қышқаққты алюминий тотығы бар кірпішпен шегендейді. Тұз токтың тікелей ваннадан өтуінен қызады, яғни тұздың өзі электр кедергісінің ролін атқарады. Электродтарға ток төмендеген трансформатордан шиналардың көмегімен беріледі.

СП -сериялы (СП-35/15, СП60/20, Сп-100/40) өнімділігі жоғары, тұзды электр магнитті араластырғышы бар, электродты қайта жібере алады, пайдалану мерзімі ұзақ.

СВС сериялы , тұзды электр магнитті араластырғышы бар, бұлар детальдардың бір тегіс қызуын қамтамасыз етеді.

С-20, С-25, С-75, С-50, С-100, С-45 сериялы пештерде бар, олардың конструкциясы ескі.

электродты пеш ванна