Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер жинағы МШБ математиканы оқыту әдістемесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430.13 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Дүйсенбаева Р.Д.

Рыстыгулова А.Т.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі

Ақтөбе – 2015

ББК 74.3

Д.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, педагогика институтының оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды.

Рецензенты:

  1. Токжанова А.М. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

  2. Туретаева Г.И. – педагогика ғылымдарының кандидаты

Дүйсенбаева Р.Д., Рыстыгулова А.Т.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі: Дәрістер жинағы. – Ақтөбе, 2015 ж. – 160 бет.

ISBN

Дәрістер жинағы мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту теориясын қарастырады.

Дәрістер жинағында курс мазмұны, міндеті, арнайы мектепте математика сабағын өткізу және ұйымдастыру ерекшелігі, арнайы мектепте математиканы оқытудың арнайы әдістемелері мен амалдарын қолдану және арнайы мектепке арналған математика пәні бойынша бағдарлама құрлымының ерекшеліктері қамтылған.

Дәрістер жинағы колледж және жоғары оқу орны студенттеріне, арнайы білім беретін мектеп мұғалімдеріне қолдануға арналған.

ББК 74.3

Д.

© Дүйсенбаева Р.Д., Рыстыгулова А.Т., 2015

АЛҒЫ СӨЗ

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі» пәнін оқытудың мақсаты студенттердің мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту теориясы аумағындағы білімдерін кеңейту және тереңдету. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі пәні «Дефектология» бөлімінің 3 курс студенттеріне арналған және арнайы педагогика және арнайы психология курсын оқу барысында алынған білімдеріне негізделеді. Пән мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың негізгі бағыттарын қағидаларын формаларын ұйымдастыру әдістемелерін ашып көрсетеді. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері мынадай:

Арнайы мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсатын, міндетін оқыту әдістемесін ашып көрсету.

Арнайы мектепте математиканы оқыту үрдісінің ерекшелігіне, ұйымдастырылуына, математиканы оқыту формаларына, амалдарына, құралдарына сипаттама және түсінік беру.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқыту барысында студенттердің курс мазмұны және міндеті, пәні туралы; математика ғылымында қолданылатын ғылыми зерттеу әдістемесі туралы; арнайы мектепте (зияты, сөйлеу тілі, көру және есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп) математика сабағын өткізу және ұйымдастыру ерекшелігі туралы; арнайы мектепте математиканы оқытудың арнайы әдістемелері мен амалдарын қолдану туралы; арнайы мектепке арналған математика пәні бойынша бағдарлама құрлымының ерекшеліктері туралы білімі қалыптасады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту пәнінің әр бір бөлімін оқығаннан кейін студенттер оқу әдістемелік талдау және конспектілеу біліктілігін игерген әдебиеттердегі материалдар бойынша практикалық бекіту жұмыстары жүргізіледі, сабақ конспектілерін құрады және талдайды, академиялық ойын арқылы сабақ жүргізеді математика пәні бойынша оқытушының календарлық жоспарын жасап үйренеді, өзіндік және бақылау жұмыстарын орындайды көрнекі дидактикалық материалдарды талдайды және дайындайды.