Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_796182549.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.68 Кб
Скачать

2 Білім беру менеджерінің кәсіби сипаттамасы

2.1 Білім беру менеджері қызметінің принциптері мен әдістері

Педагогикалық менеджмент адам қызметін ғылыми тұрғыда басқару принципіне сүйене отырып, объектінің білім беру аясындағы қызметі арқасында мына екі бағытты бірлікте ұстайды:

1 Педагогтер мен студенттерді басқару.

2 Оқу-тәрбие процесін жетілдіру.

Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз – білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылықтарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық процесс.

Білім беру менеджері қызметінің негізгі принциптеріне мыналар жатады:

  1. Менеджменттің педагогикалық бағыттылығы.

  2. Нақты және диагностикалық мақсат нысаны көздері.

  3. Қызметтік мақсатқа лайықтығы.

  4. Басқару үрдісінің пәрменділігі.

  5. Басқару қызметін бөлу мен кооперациялау.

  6. Өзін-өзі жүйелі жетілдіру.

Педагогикалық менеджмент әдістерін шартты түрде мына 4 топқа бөледі:

1 Психо-педагогикалық әсер ету әдісі.

2 Әкімшілік басқару әдісі.

3 Экономикалық әдістер.

4 Қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі.

2.2 Білім беру менеджерінің кәсіби біліктілік өлшемі

Кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарт элементтік құрылымын қарастырғанда, стандарттың жекелеген құрамдастары арқылы ашылатын жетекші түсініктерге тоқтайық. Кәсіби оқытудың мемлекеттік стандарт концепциясының маңызды теориялық ережелері «біліктілік» және «біліктілік деңгейі» немесе «біліктілік өлшемі» түсініктерінің жетекші рөлін негіздеу болып табылады.

Кәсіби біліктілік өлшемі дегеніміз – бұл кәсіпті (мамандықты) меңгеру үшін қажетті жалпы және кәсіби білім беру қатынасын және белгілі қатынасын сипаттайтын, кәсіби білім берудің үздіксіз жүйесіндегі кадраларды дайындаудың аяқталған кезеңі. Біліктілік өлшемі - білім және шеберлік көлемі сияқты, білім және шеберлік ауқымы параметрлерін тексеретін объективті және диагностикалық жеткілікті тақырыптағы жеке тұлғаның оқығанына, білім және шеберлік сапасына байланысты.

Білім беру менеджерінің кәсіби еңбек тиімділігін арттырудың негізгі өлшемі мына төмендегілер:

  • оңтайландыру (қажеттілік пен жеткіліктілік) дегеніміз – мақсатқа жету жолында күш-жігердің жеткілікті болуы, сондай-ақ құралдар мен тиісті мерзімнің шешімді орындауды мүмкіндіктің мейілінше жасалуы, ол істі оң шешуге әсерін тигізеді;

  • субъектінің қызмет тәсілдері мен әдістерінің тиімділігі, олардың біртұтас өзара байланысты болуы;

  • менеджмент субъектісінің іс-қимылының нақты жолына жұмсалуы. Бағдарлама мен жүйелі басқару ісінің үйлесімділігі;

  • атқарылатын жұмыстың перспективалық бағыттылығы;

  • барлық қимыл іс-әрекеттің қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты актуалдығы (көкейкестілігі);

  • оқу-танымдық процесте оқушылар қызметінің белсенділігі мен дербестігі.

Қорытынды

Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негзгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін аңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде «Білім туралы» заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық саласындағы жетістіктермен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Білім беру менеджері субъект қызметін басқаруда белгілі бір кәсіп саласын игеруге, ондағы білім мазмұны мен деңгейіне өз ісін бағыттау керек.

Қорыта айтқанда, оқу теориясы мен практикасы, яғни білім беру әдісінің, оның жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді құрылымын таңдап алуға, оқу міндеттерін жан-жақты жоспарлауға нақты жағдай мен өз мүмкіндігіне сай қанағаттандыратын мамандар дайындау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Пайдалынған әдебиеттер тізімі:

  1. Момынбаев Б.К., Өстеміров К. «Кәсіптік техникалық пәндер» - Алматы, 2005ж.

  2. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі – Алматы. РадиАл. 2006ж. 240 бет.

  3. Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. – Алматы, АГТУ баспасы. 2006 ж. 108 бет.

  4. Новацкий Т. Основы дидактики профессионального обучения. – М.: Высшая школа, 1989. – 224с.

  5. Леднев В.С. Содержания образования: Учебное пособие. – М.: Высшая школа, 1989. – 360с.

  6. Новиков А. Профтехшкола: стратегия развития. – М.: Ровесник, 1991. – 68с.

13

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]