- •1 Педагогикалық менеджмент және менеджердің еңбек өнімі
- •1.1 Кәсіптік білім беруде педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері мен мақсаттары
- •1.2 Педагогикалық жүйеде білім беру менеджерінің рөлі
- •2 Білім беру менеджерінің кәсіби сипаттамасы
- •2.1 Білім беру менеджері қызметінің принциптері мен әдістері
- •2.2 Білім беру менеджерінің кәсіби біліктілік өлшемі
1.2 Педагогикалық жүйеде білім беру менеджерінің рөлі
Педагогикалық теоретиктер мен практиктердің педагогикалық лексикасында әр қилы контексте «жүйе» ұғымы қолданылады. Жүйе – жалпы қызмет ету және бірізділік басқару мақсатында біріктірілген және тұтас құбылыс тәрізді ортамен өзара әрекеттесетін бір-бірімен нақты қасиеттері бойынша өзара байланысты ерекшеленген элементтер.
Педагогикалық жүйе дегеніміз – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде қолданылаты, бір-бірімен өзара байланысты элементтер жиынтығы.
Білім беру мекемесінің басшылық қызметін, құрылымын айқындауда білім беру менеджерінің жеке субъекті ретіндегі рөлі, оның жеке қабілеттілік сипаттамалары сөз жоқ, маңызды мәнге ие. Оған дәлел ретінде мына төмендегі оның жеке басына байланысты тұлғалық қабілеттерін айтсақ та жеткілікті:
жоғарғы оқу орнын, кәсіптік білім беру мекемесін, факультет, кафедра, оқу тобын сол салада арнайы білімі бар маманның басқаруы;
жаңа жағдайларға байланысты басқару тәжірибесі мен ұжыммен тіл таба білу қабілеттілігі;
әрбір құрылым жүйесіндегі басшылардың жеке компоненттерін қалыптастыру;
кәсіби білім мекемесі басшысының сол салада жетекші маман болуы;
педагогикалық және оқушылар ұжымның басқару ерекшелігін білу;
басшының педагогикалық творчество мен инновацияға көзқарасы;
басшының құрылымды басқарудың иерархиялық деңгейі.
Менеджер қызметінде жетістіктерге жету мүмкіндіктерін тежейтін факторлар да жиі кездеседі, олардың қатарында:
көп жағдайда өзін басқара алмауы. Өз уақытын тиімді пайдалана алмайды, күш қуатын мардымсыз нәрселерге жұмсайды, бойындағы стресс жағдайларды жеңе алмайды, қарамағындағылармен жиі кикілжіңге келеді, кейде тіпті қызбалыққа салынады;
жеке құндылықтарын жайып жіберу. Өзінің жеке қасиеттері мен мақсаты дұрыс түсінбеу;
жеке мақсаттарын жете түсінбеу. Өз жеке басының ісіне, мақсатына деген түсінігінің жоқтығы;
өзін-өзі дамытуды тоқтату. Жаңа өмірге, жұмыс жағдайына, түрлі өзгерістерге құлқының жоқтығы, бейімделуге әрекеттенбеуі;
келесі мәселеге тірелу сәттерінде дұрыс шешім қабылдай алмауы;
күрделі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға стратегиялық мүмкіндігінің төмендігі, педагогикалық та, басшылық жасау да қабілетінің жетіспеуі;
творчестволық мүмкіндігінің жетімсіздігі. Жаңа идеяларды іске асырудағы қабілетінің жетпеуі. Оны өздігінен жүзеге асыра алмауы;
адамдармен тіл табысу қиын. Өзін қоршаған адамдарға әсер ете алмайды, ал олардың шешімдеріне мән бергісі келмейді;
басқару жұмысының ерекшеліктерін жеткілікті дәрежеде ұғынбауы, ескі авторитарлық, өктемшіл әдіспен басқару шырмауынан шыға алмайтын, қарамағындағыларды жаңа жағдайда жұмыс істеуге жұмылдыруға қабілетсіздігі;
басшылық дағдысының жетімсіздігі. Қарамағындағылардың қызметі мен іс-әрекетін басқаруда практикалық дағды мен икемділіктің жетіспеуі;
үйретуге қабілетсіздігі. Қарамағындағыларды тиісті талап тұрғысында үйретуге, көмек беруге құқықсыздығы, я қабілетінің жоқтығы;
ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі. Оқу топтары мен педагогикалық ұжымын тиімді басқару мен дамытуға дәрменсіздігі.
педагогикалық және әкімшілік басқару қабілетінің жоқтығы. Білім беруді ұйымдастыру менеджерінің басқару, оқыту мен тәрбиелеу ісінен мүлдем бейхабар, кездейсоқ тағайындалған қызметкер.
