Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тестиовые задания для замены у уч. пособии.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
281.6 Кб
Скачать

Қоздыру физиологиясы тарауы бойынша өзіндік бақылауға арналған тест сұрақтары

1. Жұмыстың әсерінен бұлшықет қызметінің уақытша төмендеуі немесе жоғалуы байқалынатын ағзаның жағдайы қалай аталады:

А) физиологиялық тыныштық күй;

В) тежелу;

С) қозу;

D) тонус;

Е) қажу.

2. Тітіркендіргіш әсерінен тірі ұлпаның әрекетті күйге келуі қалай аталады:

А) тежелу;

В) тітіркену;

С) қозу;

D) жиырылу;

Е) парабиоз.

3. Қандай тітіркендіргіштер биологиялық маңызы бойынша табиғи жағдайда ұлпаларға тән емес:

А) адекватты;

В) арнайы;

С) табалдырық үсті;

D) адекватсыз;

Е) механикалық.

4. Мембраналық тыныштық потенциалының белгілері:

А) фистула қою әдісі;

В) бақылау әдісі;

С) катетеризация әдісі;

D) денервация әдісі;

Е) құрал-саймандық әдісі;

F) вивисекция.

5. Миелинді жүйке талшығының қандай бөлігінде тыныштық және әрекет потенциалы туындайды:

А) леммоциттарда;

В) Ранвье буындарында;

С) өстік цилиндрде;

D) миелин қабықшасында;

Е) аксоплазмада.

6. Қандай жүйке талшықтарына қозуды жоғары жылдамдықпен өткізу қасиеті тән:

А) миелинді;

В) миелинсіз;

С) симпатикалық;

D) парасимпатикалық;

Е) кезеген.

7. Бұлшықет әрекетінің нәтижесінде оның қызметінің уақытша төмендеуіне және тоқтауына әкелетін бұлшықеттің қасиетін атаңыз:

А) тежелу;

В) парабиоз;

С) қажу;

D) тонус;

Е) доминанттылық.

8. Бірыңғай салалы бұлшықетке импульстер қай жүйке талшығы арқылы өтеді:

А) соматикалық;

В) орталыққа тепкіш;

С) перифериялық;

D) вегетативтік;

Е) афферентті.

9. Тітіркендіргіш әсер еткеннен кейін, бұлшықет жиырылуға дейінгі аралық уақыт қалай аталады:

А) латентті период;

В) экзальтация;

С) абсолютті рефрактерлік;

D) салыстырмалы рефрактерлік;

Е) жиырылу.

10. Әрекет потенциалының өрбу фазасының шегі қалай алады:

А) реверсия;

В) деполяризация;

С) гиперполяризация;

D) реполяризация;

Е) ізді деполяризация.

11. Тірі жасушаның физиологиялық тыныштық күйіндегі, цитоплазма мен жасуша аралық сұйықтықтардығы потенциал айырымы қалай аталады:

А) ізді потенциал;

В) тыныштық потенциалы;

С) әрекет поенциалы;

D) жоғары вольтты потенциал;

Е) оң ізді потенциал.

12. Бұлшық етте шаршаудың туындауының себебі не:

А) сүт қышқылының жиналуы;

В) гликогеннің жиналуы;

С) оттегі қорының көбеюі;

D) АТФ мөлшерінің артуы;

Е) симпатикалық жүйкелердің тітіркенуі.

13. Қандай жүйке талшықтары импульсты ішкі мүшелерге өткізеді:

А) орталыққа тепкіш;

В) соматикалық;

С) вегетативті;

D) афферентті;

Е) сезгіш.

14. Қозғыш ұлпалардың қандай түрінде қозу толқынды түрде таралады:

А) көлденең жолақты бұлшықеттер;

В) бірыңғай салалы бұлшықеттер;

С) жүрек бұлшықеті;

D) ұлпалы жүйке талшығы;

Е) ұлпасыз жүйке талшығы.

15. Парабиоздың қай кезеңінде әлсіз тітіркендіргішке күшті тітіркендіргішпен салыстырғанда, амплитудасы жоғары жиырылу байқалады:

А) тежелу;

В) провизорлы;

С) тепе-теңдік;

D) парадоксальді;

Е) трансформациялық.

16. Бұлшық ет жиырылуының қандай түрі табиғи жағдайда айрықша орын алады:

А) изометриялық;

В) ауксотониялық;

С) тетаникалық;

D) тонус;

Е) оқшау жиырылу.

17. Парабиоздың физиологиялық маңызын ашқан көрнекті орыс ғалымы кім:

А) И. П. Павлов;

В) Н. Е. Введенский;

С) И. М. Сеченов;

D) В. В. Пашутин;

Е) А. И. Бабухин.

18. Жүйке ұлпасы үшін қозудың арнайы белгісі болып табылатын не:

А) зат алмасуының өзгеруі;

В) жүйке импульсін өткізу;

С) жылу бөлу;

D) энергияның бөлінуі;

Е) сәулелі энергияның бөлінуі.

19. Әрекет потенциалының белгілері:

А) табалдырықты стимулдарда пайда болады;

В) генерациясы «барлығы немесе ештеңе» заңына бағынады;

С) өзін өзі тарату қасиетіне ие;

D) жасушалық метаболизмге тәуелсіз;

Е) амплитудасы тітіркендіру күшіне байланысты;

F) жасушаға калий иондарының түсуіне тәуелді;

G) табалдырықтан төмен стимулдарда пайда болады.

20. Лабильдiгі жоғары қозғыш құрылымдар:

А) жүйке орталығы;

В) ішкі орта ұлпалары;

С) көлденең жолақты бұлшық ет;

D) сүйек ұлпасы;

Е) секреторлық жасушалар.