- •Бұл курстық жұмыста келесі техникалық регламенттерге, стандарттарға және нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылды:
- •1.1 Қара шай өнімінің сипаттамалары
- •1.2 Қара шай сапасының номенклатуралық көрсеткіштері
- •1.2 Қара шайдың органалептикалық көрсеткіші
- •1.3 Қара шайдың физико-химиялық көрсеткіштері
- •2 Практикалық бөлім
- •2.1 Сапаның салмақты коэффициент көрсеткіштерін анықтау
- •2.2 Қара шай өнімінің сапасын эксперттік бағалау
- •2.3 Дифференциялдық әдіс
- •3 Өнімнің сапасын бағалау әдістемесі
- •Сапа деңгейін бағалаудың мақсаты
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
1.2 Қара шай сапасының номенклатуралық көрсеткіштері
Сапа көрсеткіштері – жасау, пайдалану немесе тұтыну шарттарының белгілі біреуінде қарастырылатын өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Өнімнің сапа көрсеткіші әр түрлі өлшеу бірлігімен жазылады.
Шай өнеркәсіптік өнімнің 1 классының 2 тобына жатады. 2-топ (материалдар мен азық-түлік) Жалпы бұл топқа жасанды отындардан, жанар жағар майлардан;металл кеспелтектерден, дайындамалардан, слябтардан, иленмен,сымнан;химиялық өнімдерден, жеке алғанда, газдардан, қышқылдардан, сілтілерден, тұздардан,тыңайтқыштардан, улы химикаттардан, лактардан, бояулардан, жасанды шайырлардан,пластмассалардан, реактивтерден, оқдәрілерден,жарылыс заттар; тоқыма және жеңіл өнеркәсіпке арналған атериалдардан, құрылыс материалынан, электро және радиотехника материалдарынан, материалдар мен химикаттардан және т.б. тұрады.
Тағайындау көрсеткіштері оларды орындау үшін тағайындалған, негізгі функцияларды анықтайтын, өнімнің қасиеттерін сипаттайды, оларға оның негізгі тағайындалуы көқарасынан алғанда өнім сапасы деңгейін сипаттайтын (өнімділік, қуат, жүк көтергіштік және т.б), өнімнің негізгі сипаттамалары, сондай-ақ өнімді пайдалануда немесе тұтынудан болатын пайдалы әсер кіреді, қолдану облысы және оны пайдалану шарттарын қамтамасыз етеді. Тағайындау көрсеткіш тобына, қағида бойынша, келесі қосалқы топтар кіреді:
жіктелу көрсеткіштері;
құрамы мен құрылым көрсеткіштері;
техникалық жетілдіру көрсеткіштері.
Тоқтаусыздық көрсеткіштері – бұйымның кейбір уақыт немесе кейбір
жұмысқа қабілеттілікті үздіксіз сақтау қасиеті. Тоқтаусыздық көрсеткіштері тоқтаусыз жұмыстың ықтималдығы, тоқтағанша орташа жұмыс істеу, тоқтағауға жұмыс істеу, тоқтау қарқындылығы, тоқтау атомының параметрі және т.б. Тоқтаусыздық көрсеткіштері тағайындалу бойынша бұйымдарды пайдалану кезеңдерінде, сақтау мен тасымалдау кезеңдерінде сипаттайды.
Ұзақ мерзімділік көрсеткіштері – бұйымның техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің анықталған жүйесінде шекті жағдай орнағанға дейін жұмысқа қабілеттілікті сақтау қасиеті. Ұзақ мерзімділік көрсеткіштері ресурсты (орташа ресурс, гамма-проценттік ресурс, орташа (күрделі) жөндеуге дейінгі ресурс және т.б.) немесе қызмет ету мерзімі (орташа қызмет ету мерзімі, гамма-проценттік қызмет ету мерзімі, орташа (күрделі) жөндеуге дейінгі қызмет ету мерзімі және т.б.) анықтайтын барлық көрсеткіштер болып табылады.
Жөндеуге жарамдылық көрсеткіштері – бұйымның тоқтаусыз және бұзылу себептерін ескертуге, байқауға немесе жөндеу жүргізу мен техникалық қызмет көрсету жолымен олардың салдарын жоюға бейімділіктен тұратын қасиеті. Жөндеуге жарамдылық көрсеткіштері берілген уақытқа қалпына келтіру ықтималдылығы, қалпына келтірудің орташа уақыты болып табылады. Жөндеуге жарамдылық конструкциялықпен және технологиялықпен тығыз байланысты.
Сақтаушылық көрсеткіштері – өнімнің берілген уақыт кезеңі бойында берілген кезінде белгіленген шамаларда сапаның берілген көрсеткіштерін пайдаланғанша үздіксіз сақтау қасиеті. Сақтаушылық мерзімі – бұл берілген жағдайда өнімді сақтаудың және тасымалдаудың кунтізбелік ұзақтығы, оның бойында және берілген көрсеткіштердің мәндері аяқталған соң белгілі шамада сақталады. Техникалық объектінің сақтаушылық көрсеткіштеріне мыналар жатады:
гамма-проценттік сақтаушылық мерзімі, яғни объект гамма-проценттердің ықтималдығымен қол жеткізетін сақтаушылық мерзімі;
сақтаушылықтың орташа мерзімі, яғни сақтаушылық мерзімін математикалық құру.
Эргономикалық көрсеткіштері – өнім сапасының эргономикалық көрсеткіштері «адам-бұйым-пайдалану ортасы» жүйесін сипаттайды және пайдалану ортасының сипаттамаларымен анықталатын және адамдардың берілген бұйыммен өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыру үшін қойылатын талаптарды есепке алады. Бұйымдарды бағалау кезінде оларға келесі эргономикалық талаптар қойылуы мүмкін. Олар:
адамдардың антропометриялық сипаттамаларымен, оларға әр түрлі жұмыс қалпы мен жағдайдағы дененің және оның жеке мүшелерінің өлшемдері, дененің барлығы немесе оның мүшелері кеңістікке орын ауыстырған кездегі дене өлшемдерінің динамикасы, дене мүшелерінің пішіні және т.б. жатады;
адамның сезім органдарының қызмет ету мүмкіндіктері мен ерекшеліктері;
ортаның адам қызметінің тиімділігіне әсер етуімен анықталады;
адам қабылдау, есте сақтау, ойлау ерекшеліктерімен.
Эстетикалық көрсеткіштері – ақпараттың айқындылықты, пішіннің орындылығын, композицияның тұтастығын және өнімнің өндірістік орындалуының жетілгендігін сипаттайды. Өнім сапасының эстетикалық көрсеткіштерін бағалауды сараптық комиссия жүргізеді. Салыстырмалық көркем-конструкторлық талдау кезінде сарапшылар көрсеткіштің келесі қосалқы топтарын анықтайды:
ақпараттық айқындалу;
пішіннің орындылығы;
композицияның тұтастығы;
бұйымның өндірістік орындалуының жетілгендігі.
Технологиялық көрсеткіштері – өнімді өндіру мен пайдалану кезінде конструкциялық-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайды. Өнім технологиясының көрсеткіштеріне мыналар жатады:
өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы;
өнімнің технологиялық өзіндік құны;
дайындаудың және пайдаланудың меншікке еңбек сыйымдылығы;
дайындау немесе пайдалану процесі түрінің салыстырмалы еңбек сыйымдылғы;
өнімнің меншікті технологиялық өзіндік құны;
дайындау және пайдалану процесі түрінің салыстырмалы өзіндік құны;
меншікті материал сыйымдылығы;
материалды пайдалану коэффициенті;
құрамдылық (блоктылық) коэффициенті.
Тасымалдаушылық көрсеткіштері – өнімнің тасымалдануға, яғни оның пайдаланылуымен қабаттас болмайтын, кеңістікте орын ауыстыруына бейімделгендігінен тұратын қасиеті. Өнімнің тасымалдаушылық көрсеткіштері тура және жанама болуы мүмкін.
Тура тасымалдаушылық көрсеткіштері – тасымалдауға дайындауға, оны жүзеге асыруға және өнімді тасымалдаудан кейін бастапқы қалпына ауыстырудың қорытынды операциясына кететін қаражат, еңбек және уақыт шығындарын білдіреді.
Жанама тасымалдаушылық көрсеткіштері – бұл сенімділік көрсеткіштерінің тобына кіретін, өнімнің сақтаушылық көрсеткіштері, сондай-ақ дайындық және қорытынды операцияларын қосқанда, тасымалдауға кететін шығындары функционалды және корреляциялық анықтайтын кейбір көрсеткіштер.
Стандарттау және бірыңғайлау көрсеткіштері – бұйымда стандарттың құрамды бөліктердің пайдаланылу дәрежесін және оларды бірыңғайлау деңгейін сипаттайды. Стандарттау және бірыңғайлау көрсеткіштері қолданушылық, қайталанушылық, өзара бірыңғайлау коэффициенттері, бұйымдар топтары болып табылады.Стандартталған және унификатталған элементтердің бұйымының конструкциясындағы қолдану дәрежесін көрсетеді. Сонымен қатар, бұйымдардағы объектті құраушылар мынадай болуы мүмкін:
стандарттық, олар халықаралық, жергілікті және ұлттық стандарттардың негізінде құрылған;
унификацияланған, олар фирманың стандарттарына негізделіп құрылады;
түпнұсқалық – бір ғана бұйымға арналып құрылған;
шеттен алып пайдаланған (кірме құраушы), нақты бұйымға арналған және екі немесе одан да көп бұйымдарада қолданылады.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштері – бұйымды пайдаланылған техникалық шешімдердің жаңартылу дәрежесін, олардың республикада және шет елдерде патенттік қорғалуын және бұйымның республикада және шет елдерде кедергісіз өткізілу мүмкіндігін сипаттайды. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер бұйымды тұтас алғанда онда ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің пайдаланылуы көзқарасынан сипаттайды. Патенттік тазалық көрсеткіші болжанатын тауар алмасу елдерінің территориясында үшінші тұлғалардың патенттік құқықтарын бұзбай, сенімді өткізу мүмкіндігін сипаттайды. Патенттік қорғау көрсеткіші онда патенттелетін немесе патенттелген елдердің санына байланысты.
Қауіпсіздік көрсеткіштері – қызмет көрсететін персоналдың және ол жұмыс істеген кезде кездесетін, объектілердің қауіпсіздігін сипаттайды. Мысалы, қорғаныстың тұйықталуының қосылу уақыты. Қауіпсіздік көрсеткіштері объекттің оны қолдану, сақтау, тасымалдау және қалдықтарды пайдалануда адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктерін сипаттайды. Қауіпсіздік көрсеткіштердің номенклатурасын объекттің өзгешелігіне және оны қолдану жағдайларына байланысты белгілейді. Қауіптің түрлері: механикалық, электрлік, термиялық, химиялық және биологиялық. Қауіптің түрлеріне байланысты қауіпсіздік көрсеткішінің шағын топтарын көрсетуге болады:
механикалық қауіп;
электрлік тұрақсыздық;
термиялық тұрақсыздық;
өрт пайда болуына бейімділік;
жарылыс пайда болуына бейімділік;
химиялық қауіп;
биологиялық белсенділік;
радиациялық белсенділік
Біртектілік көрсеткіштері – деп берілген түрдегі өнім сапасы параметрлері немесе көрсеткіштері сейілуінің сандық сипаттамасы аталады. Өнімді сипаттайтын шамалардың көпшілігі, өнімді жасау процесіне әсер ететін факторларға байланысты қандай да бір мәндерді қабылдайтын, кездейсоқ болып табылады.
Қоршаған ортаға әсер ету көрсеткіштері – өнімді пайдалану немесе тұтыну кезінде пайда болатын, зиянды әсерлердің деңгейін сипаттайды.
Сыртқы әсерлерге тұрақтылығы көрсеткіштері – кездесетін объектілер мен қоршаған ортаның әсер етуі кезінде оның сапасының құрамына кіретін өнімнің қасиеттерін сақтау қабілетін сипаттайды.
