- •Бұл курстық жұмыста келесі техникалық регламенттерге, стандарттарға және нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылды:
- •1.1 Қара шай өнімінің сипаттамалары
- •1.2 Қара шай сапасының номенклатуралық көрсеткіштері
- •1.2 Қара шайдың органалептикалық көрсеткіші
- •1.3 Қара шайдың физико-химиялық көрсеткіштері
- •2 Практикалық бөлім
- •2.1 Сапаның салмақты коэффициент көрсеткіштерін анықтау
- •2.2 Қара шай өнімінің сапасын эксперттік бағалау
- •2.3 Дифференциялдық әдіс
- •3 Өнімнің сапасын бағалау әдістемесі
- •Сапа деңгейін бағалаудың мақсаты
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Техникалық факультет
«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасы
«Квалиметрия» пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Пиала щайының сапа деңгейін бағалау»
ОРЫНДАҒАН 5B073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының 3-курс 315-топ студенті |
|
У.А.Махметкалиев |
|
|
|
ТЕКСЕРГЕН «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының техника Ғылымдарының докторы, доцент |
|
Д.Б.Құрманғалиева |
Астана 2016
МАЗМҰНЫ
|
|
|
|
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР |
3 |
|
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР |
4 5 |
|
КІРІСПЕ |
6 |
|
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ |
|
|
1.1 Өнімнің сипаттамасы |
7 |
|
1.2 Өнімнің сапасының номенклатуралық көрсеткіштері |
12 |
|
2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ |
|
|
2.1 Сапаның салмақты коэффициент көрсеткіштерін анықтау |
27 |
|
2.2 Макарон өнімдерін эксперттік бағалау |
28 |
|
2.3 Өнім сапасын дифференциалдық әдіспен бағалау |
29 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
32 |
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
|
33 |
|
|
|
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл курстық жұмыста келесі техникалық регламенттерге, стандарттарға және нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылды:
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалды:
ГОСТ 8.579-2002Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйесі. Өндіру, орау, сату және импорты кез келген түрдегі бумаланған бірқатар өнімдердің талаптар
ГОСТ ISO 1575-2013 Шай. Жалпы күл анықтау әдісі
ГОСТ ISO 1576-2013 Шай. Суда еритін және суда ерiмейтiн күл анықтау әдісі
ГОСТ 1936-85 Шай. Қабылдау ережелері мен талдау әдістері
ГОСТ 10131-93 Тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен матч үшін ағаш және ағаш негізінде өнімнің қораптар. Техникалық шарттар
ГОСТ10444.12-88 Азық-түлік тауарлары. Ашытқы және зең анықтау әдісі
ГОСТ 10444.15-94 Азық-түлік тауарлары. Мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің санын анықтау әдістемесі
ГОСТ 11354-93 Көп азық-түлік өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісі үшін ағаш және ағаш материалдар қораптар. Техникалық шарттар
ГОСТ 12120-82 Аралас банкілер және металл. Техникалық шарттар
ГОСТ 12301-2006Картон, қағаз және композиттік материалдардан жасалған қораптар. Жалпы сипаттамасы
ГОСТ 12302-83Полимерлік және композиттік материалдардан пакеттері. Жалпы сипаттамасы
ГОСТ 13511-2006Азық-түлік өнімдерін, матч, темекі және жуғыш үшін гофрленген картон қораптар. Техникалық шарттар
ГОСТ 14192-96 Таңбалау тауарлар
ГОСТ ISO 15598-2013Шай. Шикі талшықты анықтау әдісі
ГОСТ 24370-80Қағаз және композиттік материалдардан жасалған пакеттері. Жалпы сипаттамасы
ГОСТ 25776-83Өнімдер бөлігі және тұтыну қаптамада. Топ қалмайтын фильм орау
ГОСТ 25951-83Полиэтилен қалмайтын. Техникалық шарттар
ГОСТ 26927-86Шикізат және тамақ өнімдері. Сынап анықтау әдістері
ГОСТ 26929-94 Шикізат және тамақ өнімдері. Сынама дайындау. Уытты элементтердің мазмұнын анықтау үшін минерализациялау
ГОСТ 26932-86 Шикізат және тамақ өнімдері. Қорғасын анықтау әдісі
ГОСТ 26933-86 Шикізат және тамақ өнімдері. Кадмий анықтау әдісі
ГОСТ 30178-96 Шикізат және тамақ өнімдері. Улы элементтерді анықтау үшін атомдық-абсорбциялық әдісі
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы курстық жұмыста келесі терминдер мен анықтамалр қолданылған:
Дифференциалды әдіс – бағаланатын өнімнің бір сапа көрсеткіштерін бір аттас базалық көрсеткіштермен салыстыру әдісі.
Квалиметрия – өнімнің сапасын бағалау және өлшеуімен айналысушы немесе өнімнің сапасының сандық бағалануы.
Квалиметриялық шкала – өлшенетін қасиеттердің немесе олардың өлшемдерінің негізгі жиыны, шкалалаудың көрсету және шкалалаудың көрсетуінің мәнінің жиыны.
Классификация – обьекттер жиынының қабылданған классификация әдістеріне сәйкес оларға ұқсас немесе ұқсас еместігі бойынша ішкі жиынға бөлінуі.
Кешенді әдіс – өнімнің саа деңгейін анықтау бағаланатын өнімнің комплексті көрсеткіштерін базалық көрсеткіштермен салыстыру әдісі.
Кешенді көрсеткіш – обьекттің сапасын құратын өзара байланысқан қарапайым немесе күрделі қасиеттердің жиынтығын сипаттайды.
Сапа көрсеткіштері – жасау, пайдалану немесе тұтыну шарттарының белгілі біреуінде қарастырылатын өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы.
Эксперттік әдіс – экспертті процедуралардың көмегімен бағаланатын өнім мен оның өнделетін негізгі үлгілерінің қасиеттері мен параметрлері туралы ақпаратты бақылау мен өңдеуді алуына негізделген әдіс.
Эргономикалық көрсеткіштер – оның « адам-обьект-орта » жүйесіндегі адамның өндірістік және тұрмыстық жағдайларын қолдануға икемделушілігін сипаттайтын көрсеткіштер.
Эргонометрикалық көрсеткіштер – сезу мүшелерін қабылдау сараптамасының негізінде жүзеге асатын әдіс.
КІРІСПЕ
Шайдың да алғаш шыққан жері Қытай деп білінеді. Аңыз бойынша б.з.д. 2500 жылдары Қытай императоры Шен Йонг гигиена ретінде суды қайнатып ыстықтай ішкен екен. Жаздың ыстық күнінде қайнаған суына кездейсоқ екі-үш түйір жапырақ түседі. Император ыстығын басып, өзін сергіткен бұл сусынды қатты ұнатқан екен деседі. 758 жылы философ Лу Йу шай қалай өсіріліп өңделетінін, қалай демделетінін қаламға алып «Шай қаруы» атты кітап жазған. Жапондар шайды «Ча-но-йо» атты рәсіммен ұсынатын болған. Какузо атты ақындары шайнама атты еңбегінде шайды құдайдың берген ниғметі ретінде мақтап жазған. Европаға шайды Венециялық саудагрелер алып барған. Шайды кеңінен саудалағандар болса 1560 жылдардан бастап Португалиялық саудагерлер болды. Өте бағалы болғандықтан тек дәріханаларда сатылып, тек байлар ғана іше алатын. Ағылшындар Үндістан мен Цейлондағы коллонияларында шай өсіріп Қытайдың монополиясына бәсекелеп нарықты қолдарына түсірді.
Шайдың екі түрі танымал: қара шай және көк шай. Қара шай көп өңдеулерден өтеді. Алдымен ыстық ауа арқылы жартылай құрғатылады. Кейін жапырақтар сығылып сөлі шығарылады. Онан соң ферментациядан өтеді. Салдарында түсі қараяды. Кейін жапырақтары бұталарынан тазаланады. Көк шайдың өңделуі қысқа. Жапырақтары бұталардан ажыратылған соң ферментацияға алынады. Көк шайдың түсі ашық түсті және қышқылды болады. Зәр айдаушы қасиеті бар. Қара шай нәзіктеу келеді, жарық өткізбейтін ыдыста сақтау керек. Жеміс-жидек және гүл негіздерімен хош иістендірілген шайлар да бар. Ең мәшһүрі бергамут майымен өңделіп дайындалған шай.
Қара шайдың сапа деңгейін бағалаудың мақсаттары:
Қара шайдың өнімін бағалау;
Қара шайдың қауіпсіздік деңгейі;
Қара шай экологиялығының деңгейі;
Қара шай сапасының тұрақталағы;
Қара шайдың сапа деңгейін бағалаудың ең негізгі мақсаттарына осылар жатады.
Шайдағы кофеин мидағы капилярларды кеңейтіп, мидағы қысым азаяды, бас ауруы да осы себепті тоқтап, адам рахаттанады. Тері бетіндегі капилярлар кеңейгенде ыстықтық сыртқа шығып, адамның ыстығы басылып серігіп қалады. Асқазанды желдендірмейді, қышқыл түзбейді. Әлсіздікті кетіреді, зейінді ашады. Шайдағы В витамині демделу кезінде суға өтеді, сондай-ақ шайда Е және К витаминдері және пайдалы минералдары бар. Демдеп 5-10 минуттан кейін ішкен жақсы, 2-3 сағат өткен шайды ішу зиян деп айтылады. Шай ыстық және ылғалды өлкелерде өседі. Шай өсіретін елдер көбінесе 36 паралелдің үстінде.
Елімізде шайға сүт қосып немесе лимон қосып ішу әдет. Соңғы кездері көк шайға қызыл шайды араластырып оған лимон қосып ішу модаға айналуда. Солтүстік Африкадағы Туарегтер шайға мята қосып ішеді. Тибеттіктер, ұйғырлар шайға сары май, сүт және тұз қосып ішеді. Моңғолдар бұған ұн да қосатын көрінеді. Өзбектер қызыл шайға қарағанда көк шайды көбірек ішеді. Шайды ең көп ішетін халық ретінде ағылшындар белгілі. Лэди Астор премьер-министр Черчильге қарап «әйеліңіз болсам, шайыңызға у қосып берер едім» деген сөзіне Черчиль «күйеуіңіз болсам сол шайды ішер едім» деп жауап берген екен. Америка тәуелсіздігін шайға борыштар. Шай импортына өте жоғары салық сұраған ағылшындарға қарсы шығудан басталған көтеріліс тәуелсіздік соғысының ұшқыны болған. Шай бұрындары қымбат дүние болатын. Бір тұтам шайға қол жеткізген кедейлер оны құрғатып қайта демдейтін. 1950 жылдардан кейін шай көбейіп бағасы арзандай бастады.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
