- •Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сілемейлі қабат, гинекологиялық аурулар, бөгде заттар, жатыр экстирпациясы, жатырдың төмен түсуі, лапароскопия, лапаротомия.
- •3 Тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Терминдерге назар аударыңыз. Сұрақ-жауап арқылы өзара сұхбат құрыңыз
- •4 Тапсырма. Суреттерге қарап, диалог құрастырыңыз.
- •5 Тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Мәтінді ііі жақта баяндап, мәтінде кездесетін терминдермен глоссарий құрастырыңыз.
- •6 Тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің маңынасын түсіндіріңіз, мағыналас сөздермен ауыстырыңыз.
4 Тапсырма. Суреттерге қарап, диалог құрастырыңыз.
5 Тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Мәтінді ііі жақта баяндап, мәтінде кездесетін терминдермен глоссарий құрастырыңыз.
Жатыр миомасы
Жатыр миомасы — әйелдің репродуктивті жасында (ауру кезінде кездесетіні 40 жас) дамитын, миометрийдің гормонға тәуелді, қатерсіз ісігі. Жатыр миомасы гинекологиялық аурулардың ішінде 30%-ды құрайды.
Этиология және патогенез. Қазіргі кезде жатыр миомасы дамуының гормонды теорияға негіздейді. Эстрогеннің метаболизмдік ауысуы мен экскрециясының бұзылуы, эстроген фракцияларының қатынасы (фолликул фазасында эстрон мен эстрадиолдың көп болуы, лютеин фазасында эстриолдың көп болуы) миометрийдің морфологиялық өзгерісін тудырады. Миометрий массасы эстроген әсерінен бірыңғай салалы бұлшықет жасушалары гиперплазиясы және жасушаның гипертрофиясы әсерінен ұлғаяды. Миоманың өсуіне эстрогендермен қатар прогестерон да әсер етеді.
Жатыр миомасы кезінде бірыңғай салалы бұлшықет жасушасының гипертрофиясы,
жүктілік кезіндегідей болып, прогестерон мен эстрадиолдың салыстырмалы жоғары
концентрациясының әсерінен де болуы мүмкін. Лютеин фазасында прогестерон миоманың митотикалық активтілігін жоғарылатып, өсу факторын индуцирлеу арқылы миоманың өсуіне әсер етеді. Миома тінінің эстрадиол мен прогестерон рецепторлары өзгермеген миометрийге қарағанда көп. Миоматозды түйіндегі жыныстық стероидтар алмасуының бұзылысы өсу факторының қатысуымен туындайтын, жасушаның аутокриндік стимуляциясын тудырады. Жатыр миомасы тініне эстрогеннің медиаторлы әсері I және II инсулин тәрізді факторы болып табылады.
Жатыр миомасының патогенезіне гомонды теориямен қатар, организмнің иммундық реактивтілігі, созылмалы инфекция ошақтары болған жағдайдағы кіші жамбас гемодинамикасының өзгерісі, сондай-ақ, тұқымқуалаушылық жатады. Миометрийдегі эндометриоидтық ошақтар мен қабыну инфильтраттарын бойлай, миоманың өсу зонасы қалыптасады. Миоманың ұлғаюында бірыңғай салалы бұлшықет жасушасының фенотипті трасформациясы мен бұзылған микроциркуляция жағдайындағы дегенеративті өзгерістер жатады. Миоматозды түйіннің ұрықтануы эмбрионалды кезеңде қалыптасуы мүмкін. Эстроген мен прогестеронның әсерінен аналық бездің айқын активтілігі фонында ізашар жасушалардың өсуі жалғасады. Миома құрылысы бойынша біртекті емес. Түйіннің бұлшықетті және дәнекер тінінің қатынасына байланысты миома, фибромиома және фибримиома болып бөлінеді.
Қатерсіз бұлшықетті гиперплазия типі бойынша дамитын, морфогенетикалық көрінісі бойынша қарапайым миома және шынайы қатерсіз ісіктің морфогенетикалық критерийлері бар пролиферацияланған миома болып бөлінеді. Әрбір 4-ші науқаста пролиферацияланган, жатырдың тез өсетін түйіні бар миомасы анықталады. Пролиферацияланған миомада патологиялық митоздың саны 25%-дан аспайды.
Гистологиялық зерттеудің 70%-ында патологиялық митоздар анықталып, атипия көрінісі бар миогенді элементтер мен жасушаның біртекті емес ядролары анықталған жағдайда, жатыр саркомасына күдік туады. Клиникалық бақылауда 1% төмен деңгейінде миоманың саркомаға малигнизациясы туындайды. Егер түйін субмукозды орналасса, оның малигнизациялану қаупі жоғары.
Түйіннің орналасуы мен өсуіне байланысты: субмукозды(сілемейасты), жатыр қуысына қарай өсетін, оны деформациялайтын түйін және субсірнелі (ішпердеасты) ішперде қуысына қарай өсетін түйін болып бөлінеді. Егер миоматозды түйін көлемі жағынан өсіп, жатырдың жалпақ байламы қабаттарын ажырататын болса интралигаментарлы деп аталады.Ал егер миоматозды түйін миометрийдің ортаңғы қабатынан өсіп, миометрий қалыңдығында орналасса –интерстицийлік (бұлшықет аралық) деп аталады.
Субмукозды миоматозды түйін әр түрлі топографиялық орналасуымен сипатталады. Миоматозды түйін негізінің еніне және орналасуына, интрамуралдық компоненттің көлеміне байланысты субмукозды түйіннің келесі түрлері болады:
0 түр —интрамуралдық компоненті жоқ, аяғы бар субмукозды түйін;
I түр — интрамуралдық компонеті 50%-дан төмен кең негіздегі субмукозды түйін;
II түр — интрамуралдық компоненті 50% және одан да көп миоматозды түйін.
Субсірнелі миоманың жіктемесі:
0 түр —интрамуралдық компоненті жоқ, аяғы бар субсірнелі түйін;
I түр — интрамуралдық компоненті түйіннің көлеміне байланысты 50%-дан төмен,көп бөлігі субсірнелі;
II түр — интрамуралдық компоненті 50% және одан да көп,субсірнелі компоненті аз білінетін миоматозды түйін.
