Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15 та.МР-Гинекология-ОМ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.78 Кб
Скачать

3 Тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Терминдерге назар аударыңыз. Сұрақ-жауап арқылы өзара сұхбат құрыңыз

Жатыр түтігі обыры

Жатыр түтігі обыры — әйелдің жыныстық ағзаларының 0,11–1,18%-ын құрайтын, сирек кездесетін ісіктің қатерлі түрі. Жатыр түтігі обыры 50–52 жаста жиі кездеседі. Ісік жатыр түтігінің бір жағын ғана зақымдайды. Науқастың анамнезінде бедеулік пен босанудың болмауы жиі орын алады.

Жатыр түтігі обыры ілкі (біріншілікті) дамуы мүмкін, бірақ ісік жатыр денесінен, аналық безден таралғандықтан, салдарлық (екіншілікті обыр) жиі дамиды. Емшек обыры мен асқазан-ішек жолдары обырының метастаздары (метастаздық обыр) да кездеседі.

Жатыр түтігі обыры морфологиялық құрылысы жағынан папиллалы, папиллалы-безді, безді-солидті болып бөлінеді.

Жатыр түтігінің ілкі обыры, аналық без обыры сияқты лимфагенді, гематогенді және имплантациялық жолдармен, шап және парааорталық лимфа түйіндері метастаздарымен таралады. Аналық бездің қатерлі және қатерсіз ісіктеріне қарағанда, жатыр түтігі обырының клиникалық көрінісі ерте кезеңде байқалады. Жатыр түтігі жатыр қуысымен, жатыр түтігінің өзегімен байланысу себебінен, қан мен ісіктің таралған өнімдері жатыр қуысына түсіп, цервикалды каналға өтіп —патологиялық бөлінділер қынапқа түседі.

Жатыр түтігінің ілкі обырының төрт сатысы бар:

I сатысы— жатыр түтігімен шектелген обыр;

II сатысы — жатырдың 1 немесе 2 түтігімен де шектелетін, кіші жамбасқа ғана таралатын обыр (жатыр, аналық без, шелмай);

III сатысы — жатырдың 1 немесе 2 түтігін де, кіші жамбас ағзаларын зақымдайтын (жатыр,аналық без) парааоталық және шап лимфа түйіндеріне метастазданған обыр;

IV сатысы — жатырдың 1 немесе 2 түтігін де, кіші жамбас ағзаларын зақымдайтын (жатыр, аналық без) парааорталық және шап лимфа түйіндеріне метастазданған обыр, алыстаған метастаздар.

Обырдың сатысы лапаротомия процесі кезінде анықталады.

Жатыр түтігі обырының клиникалық симптоматикасы мен диагностикасы. Жатыр түтігі обырының негізгі клиникалық көріністеріне жыныстық жолдардан бөлінетін патологиялық бөлінділер: сірнелі, сірнелі-іріңді, жиі сірнелі-қанды, кейде ет жуындысы түсті болады. Бөлінділердің көлемі жағындыдан мол мөлшерге дейін болуы мүмкін. Диагнозды қойғанға дейін бөлінділердің болуының ұзақтығы 6–12 айды құрайды.

Жатыр түтігі обыры симптомдарының жиілігі бойынша іштің төменгі бөлігіндегі, әсіресе, түтіктің ісікпен зақымданған жағы екінші орында болады.

Жатыр түтігі обыры кезінде жатырдың оң немесе сол жағында үлкен, диаметрі 3 см және одан да үлкен болатын көлемді түзіліс жиі анықталады. Кейде жатыр түтігі обыры кезінде асцит анықталады. Көп жағдайда ауру симптомсыз өтеді.

Операцияға дейін жатыр түтігінің ілкі обыры диагнозы (1–13% жағдайда) сирек қойылады. Аналық безі ісігі, жатыр денесі обыры, жатыр миомасы, кіші жамбастық қабыну процесі ауруларына саралау диагностикасы жүргізіледі.

Әйел жасы 40-тан асса, әсіресе, постменопауза кезеңінде жатыр түтігі обыры диагнозы қойылады. Обыр ішкі жыныстық ағзаларда жіті қабыну аурулары болмаған кезде, жатыр қосалқыларының көлемінің тез ұлғаюы байқалады. Егер жатыр түтігінің ұлғаюы лейкоциттердің төмендеуі, дене қызуының қалыпты деңгейінде ЭТЖ көтерілуімен қатар жүрсе, ол диагнозды нақтылай түседі.

Жатыр түтігінің салдарлық обыры негізгі аурудың клиникалық көрінісімен анықталады (жатыр және аналық без обыры).

Жатыр түтігін диагностикалау мақсатында жатыр қуысы мен цервикалды канал аспиратын цитологиялық зерттеу ұсынылады. Цитологиялық зерттеудің дәлділігін нақтылау үшін бөліндіні жинап алу үшін арнайы тампон немесе құтыны қынапқа бірнеше сағатқа салып қояды.

Жатыр түтігі обырын диагностикалау үшін ЦДК мен УДЗ қолданылады. Ультрадыбыстық әдіс семіздікке шалдыққан науқастың жатыр түтігі обырын анықтауға мүмкіндік береді. Егер ісікті түзілістің патологиялық қанайналымы болса, ол қатерлі процестің белгісі. Бұл әдістің құндылығы қынап пен жатырдан шыққан бөліндінің цитологиялық нәтижелерімен бірге қойғанда артады.

Жатыр түтігі обыры диагнозын операция үстінде (лапароскопия, лапаротомия) тек әрбір 2-ші науқаста қойылуы мүмкін.

Аурудың ерте сатыларында жатыр түтігінің бүтіндігі бұзылмағандықтан интактты болып көрініп, ісік анықталмауы мүмкін. Аурудың өте кеш сатыларында жатыр түтігі сырт көзге қалталы колбаса түрдегі, алмұрт тәрізді немесе реторто тәрізді болып, пиосальпинксті еске түсіреді. Ісік жатыр түтігінің ампулалық бөлігінде жиі орналасады. Жатырдың зақымданған түтігін кескен кезде, іші толған, түрлі-түсті орамжапырақ түріндегі қуыс анықталады.

Жатыр түтігі обырын операция әдісімен емдейді. Жатырға қосалқыларымен қоса жасалатын экстирпация және үлкен шажырқайды алып тастау, содан кейін рентгенотерапия жасалады. Көп жағдайда аурудың ерте сатыларында, операциядан кейін платина препараттарымен химиотерапия жүргізіледі. Жатыр түтігінің ілкі обырының жүйелі еміне (операция және химиятерапиямен қатар) сәулелік терапияны қосса, өмір сүруді 5 жылға ұзартып, рецидивсіз кезеңнің ұзақтығын жоғарылатуға болады.

Жатыр түігінің салдарлық обырын емдеу зақымданудың алғашқы ошағының жағдайына байланысты анықталады (жатыр денесі обыры,аналық без обыры).

Болжам. Жатыр түтігі обыры кезінде жалпы 5 жылдық өмір сүру шамамен 35%; I сатыдағы бес жылдық өмір сүру 70%, ал II–III сатыларындағысы шамамен  — 25–30%-ды құрайды. Құрама ем (оперативті ем, химиотерапия, сәулелік терапия) жүргізудің арқасында науқастардың өмір сүру ұзақтығы жоғарылаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]