Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15 та.МР-Гинекология-ОМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.78 Кб
Скачать

Мамандығы: Жалпы медицина, 4 курс

Қазақ тілі кафедрасы

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Сөйлеу интенциясының тақырыбы: Гинекология

Курс: 4

Пәні: Кәсіби қазақ тілі

Алматы 2016

I. Тақырыбы: Гинекология

  • II. Мақсаты:тіл үйренуші ғылыми-өндірістік, медицина саласындағы жағдаяттарға қатысты лексикалық, грамматикалық тілдік бірліктерді сақтай отырып,сауатты пайдалану.

  • Тіл байлығын арттыру.

  • III. Міндеті:

  • Практикалық маңызы:

  • -студент сұхбаттасушымен тілдік қарым-қатынасқа түседі;

  • -ақпарат алмасу, коммуникацияға түсу барысында сөйлеу әдебі формаларын кез-келген жағдаятқа сәйкес қолданады;

  • -пікірін, эмоциясын білдіруге және осы мақсатта қолданылатын сөздердің лингво-мәдени мазмұнын түсіну дағдыларын меңгереді;

  • IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • 1. Мамандық бойынша семинар өткізу

  • 2. Сұхбат, кәсіби сала бойынша диалог құру

  • 3. Сөйлеу интенциясының тақырыбына сәйкес глоссарий

  • V. Оқыту әдістері және тәсілдері:

  • Кешенді: проблемалық, топтық жұмыс, миға шабуыл; коммуникативтік-бағдарлы оқыту; оқылым және жазылым арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту; даралап-саралап оқыту, техникалық құралдарды пайдалану.

  • VI. Тақырып бойынша тапсырмалар.

1 тапсырма. Сөз тіркестерімен танысыңыз. Дауыстап оқыңыз, орыс тіліне аударып, мазмұнын баяндаңыз.

Сілемейлі қабат, гинекологиялық аурулар, бөгде заттар, жатыр экстирпациясы, жатырдың төмен түсуі, лапароскопия, лапаротомия.

2 тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Мәтінді шағын абзацтарға бөліп, оған сұрақ қойыңыз.

Жатыр аурулары

Жатырішілік патология

Жатырішілік патологияға эндометрийдің гиперпластикалық процес процестері; жатырдың сілемейасты миомасы; аденомиоз (ішкі эндометриоз); жатырішілік перде; синехиялар; бөгде заттар жатады. Гинекологиялық аурулардың арасында жатырішілік патологияның орны ерекше.

Эндометрийдің гиперпластикалық процестері. Эндометрийдің гиперпластикалық процесі деп жатырдың сілемейлі қабатының безді құрылымының зақымдануымен жүретін, стромалы немесе безді компоненттің диффузиялы немесе ошақты патологиялық прролиферациялық өзгерісін айтады. ДССҰ 1994 жылы қабылдаған жіктемесіне сәйкес эндометрилік полип, эндометрилік гиперплазия — жай және күрделі (кешенді) түрлері, жасуша атипиясы бар гиперплазия — жай және күрделі түрлері жатады.

«Атипиялық гиперплазия» және «аденоматоз» терминдері біздің елде синоним ретінде қолданылады, сондай–ақ, атипиялық гиперплазия: жеңіл, орташа ауыр және ауыр дәрежелі болып бөлінеді.

Эндометрийдің гиперпластикалық процесі барлық жаста кездеседі, бірақ перименопауза кезеңінде оның жиілігі арта түседі.

Патогенезі.

Эндометрийдің гиперпластикалық процеспроцесінің патогенезіндегі бірінші орынға прогестеронның антиэстрогендік әсерінің жеткіліксіздігінен немесе жоқтығынан дамитын, абсолют немесе салыстырмалы гиперэстрогениямен жүретін гормондық бұзылыс жатады. Гиперэстрогенияға: фолликул атрезиясы немесе персистенциясымен жүретін гиперэстрогения; аналық бездің гормон өндіруші құрылымы (стромалы гиперплазия, текоматоз, гранулезді жасушалы ісіктер, текажасушалы ісіктер); гипофиздің гонадотроп қызметінің бұзылысы; бүйекүсті безі қыртысының гиперплазиясы; гормондық препараттарды дұрыс қолданбау (эстрогендер, антиэстрогендер) жатады. Емшек обырымен ауыратын науқастардың тамоксифен қолдануынан эндометрий обыры мен гиперпластикалық процестердің дамуын жиілетеді. Эндометрийдің гиперпластикалық процесі патогенезінде зат алмасу-эндокриндік бұзылыстар; май алмасудың өзгерісі, асқазан-ішек жолдары мен гепатобилиарлық жүйе патологияларында жыныстық гормондардың метаболизмі, қалқанша безі қызметінің бұзылысы, иммунитет үлкен орынды алады. Эндометрийдің гиперпластикалық процесі бар науқастарда семіздік, гиперлипидемия, қантты диабет және АГ анықталады. Бірақ гормондық қатынастың бұзылысы кезінде де эндометрийдің гиперпластикалық процесі дамуы мүмкін. Иммундық бұзылыстар, эндометрийдің инфекциялы-қабынбалы өзгерісі, тіндік рецепцияның бұзылысы эндометрийдің гиперпластикалық процесінің дамуында үлкен рөл атқарады. Бақылаудың 75%-ында безді-фиброзды полип гормондық қатынас бұзылмаған жағдайда дамиды, ал науқастардың 95,3%-ының эндометрийі жұқпаланған немесе созылмалы қабынбалы көріністері болады.

Соңғы жылдары молекулалық биологияның, медициналық генетиканың және клиникалық иммунологияның дамуы жасуша регуляциясына қатысатын күрделі жүйе факторларын анықтауға мүмкіндік берді. Гормонға тәуелді тіндердің жасушаішілік және жасушааралық қатынасы туралы көзқарас кеңейе түсті. Эндометрий жасушасының белсенді пролиферациясын реттеуге эстрогендермен қатар, гуморалды және жасуша иммунитеті, өсу факторы, цитокиндер, арахидон қышқылының метаболиттері сияқты биологиялық активті қосылыстар қатысатыны анықталған. Жасуша пролиферациясы мен жоспарланған жасуша өлімі (апоптоз) процестері арасындағы дисбаланс жасуша гомеостазы және пролиферациялық аурулардың патогенезінде маңызды орын алады. Эндометрий жасушасының апоптозға резистенттілігі – өзгеріске ұшыраған пролиферацияланған жасушалардың артық мөлшерде жиналуына алып келеді, бұл эндометрийдің неопластикалық өзгерісіне тән сипат.

Қорыта келе, эндометрийдің патологиялық трансформациясы — әйел организмінің нейрогуморалдық жүйесінің барлық бөлімдеріне әсер ететін күрделі биологиялық процесс. Эндометрий гиперплазиясы. «Эндометрий гиперплазиясы» ұғымы гистологиялық; ол эндометрий бездерінің құрылымды өзгерісі мен шамадан тыс өсуі, спонгиозды және компактылы қабаттар арасында шекараның болмауы, строма бездерінің дұрыс бөлінуінің бұзылысынан тұрады. Гиперпластикалық процеске жатыр денесі сілемейлі қабығының қызметтік қабаты, кейде — базалды қабаты да ұшырайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]