- •Билет №19
- •Коммерциялық банктің депозиттік (салымдық) саясаты
- •Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- •Банктік несиелердің қолданылуы мен өтелуін (қайтарылуын) бақылау
- •Билет №20
- •Ипотекалық несиелеу, оның қағидалары мен түрлері
- •Билет №21
- •Несиелік тәуекел және оны бағалау әдістері
- •Билет №22
- •Валюталық мәмілелер:
- •Лизинг туралы келісім-шарт және оның мазмұны
- •Банк түрлері және олардың сипаттамалары
- •Билет №23
- •Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
- •Халықаралық есеп айырысулардың нысандары
Билет №21
Консорциалдық несиелеу: мәні, қажеттілігі мен мәні
Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері
Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың жүргізілу тәртібі
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және резиденттердің және резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ тіркеу және хабарлау режимдерінің жалпы ережелерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi – Ұлттық Банк) валюталық операцияларды тiркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы және шетел банкіндегі банк шоты туралы хабарлауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды. Валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі валюталық операциялар бойынша ақша төлемі мен аударымын жүргізуге, шетел валютасын сатып алу және сатуға, қолма-қол шетел валютасын алуға (есептеуге) және пайдалануға қатысты белгіленеді.
Ұлттық Банктің валюталық операцияларды тіркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы және шетел банкіндегі банк шоты туралы хабарлауды жүзеге асыру тәртiбi валюталық операциялардың жекелеген түрлері үшін тіркеу және хабарлау рәсімдерінен, резиденттердің берілген тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктер шегінде мәліметтер беру нысаны мен тәртібінен, валюталық реттеу режимдерінің жеке жағдайларынан, сондай-ақ өтпелі ережелерден тұрады.
Несиелік тәуекел және оны бағалау әдістері
Несиелік тəуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Коммерциялық банктегі несиелік тəуекелді басқару жүйесі екі субжүйеден тұрады:
- басқаратын субъекті
- басқарылатын объект
Басқару субъекті – бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық жəне қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тəуекелді басқару процессін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Басқарылатын объектіге банктің берген несиелері жəне олармен байланысты несиелік тəуекел жатады.
Жалпы несиелік тəуекелді басқаруды отандық банктерімізде несиелік тəуекел менеджменті жүзеге асырады.
Несиелік тәуекел бұл қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс операцияларын жүргізу барысында пайда болуы мүмкін.
Билет №22
Валюталық мәмілелер және олардың түрлері
