Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19-20.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43 Кб
Скачать
☆
  1. Банктік несиелердің қолданылуы мен өтелуін (қайтарылуын) бақылау

Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылык қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу қүжат төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғпи 50 пайызға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.

Несиені қайтарылуы _және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау — несиелік операцияның маңызды кезеңі.

Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.

Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.

Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:

  1. мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;

  2. меншікті қаражаттардың жинаңталуың және несиеге деген есеп айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;

  3. алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;

  4. түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;

  5. несиенің қайтарылу мерзімін созу және т.б.

Билет №20

  1. Қаржылар қалыптасуының депозиттік емес көздері

Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Банкаралық несие -бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Депозиттік емес қаражаттардың бір түрі Ұлттық Банк комерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында овернайт ж/е овердрафт несиелерін жатқызады.

Овернайт-банктердің Ұ.Банктегі корреспондентік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие (бүгін кештен ертен кешке дейін)

Овердрафт- банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұ.Банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге бүгінгі күні орта жəне ұзақ мерзімде несиелерді бермейді. Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) - қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді займның түрін білдіреді. Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні жəне алдын ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын қайта сатып алуды көздейді. Банктердің мемлекеттің бағалы қағаздарымен жасайтын РЕПО жəне кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ҚР Ұлттық банкі белгілейді.

  1. Ипотекалық несиелеу, оның қағидалары мен түрлері

Ипотекалық несие — бүл қозгалмайтын мүліктерді (түрғын үйді, өндіріс гимараттарын, жерді жэне т.с.с.) кепілге ала отырып, үзак, мерзме берілетін несиені білдіреді.

Ипотекалық несиені алу мақсатына қарай

  • қысқа мерзімді (ағымдағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін)

  • ұзақ мерзімді ипотекалық несие болып бөлінеді.

Ипотекалық несие кезінде қарызгерде меншікті пайдалану құқығы сақталады. Несие толық өтелгеннен кейін несиегерге берілген меншік құқығы жойылады.

Өтеу нысандары:

  • тұрақты,

  • тіркелген пайыздық мөлшерлемелі ипотека

  • кәдуілгі ипотека немесе төлем біркелкі төленіп отыратын ипотека;

  • пайыздық мөлшерлемесі өзгермелі ипотека.

Нарықтағы несие беру құралдары айналысының мүмкіндігіне қарай

жабық ипотека; 

  • ашық ипотека;

  • лимиттелмеген ипотека;

  • шектеулі-ашық ипотека;

  • шоғырландырылған ипотека түрлеріне бөлінеді. 

Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:

  1. тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;

  2. түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;

  3. тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер

  1. Валюталық арбитраж және оның түрлері

Валюталық арбитраж - банктер арасындағы валюталық операция, ол валютаны сатып алу (сату),кейіннен әр түрлі валюта рыноктарындағы бағамдардың айырмашылығын немесе валюта бағамдарының белгілі бір уақыт аралығында тұрақсыздануын пайдаланып, пайда табу үшін кері келісім жасауды білдіреді.

Валюталық арбитраждың негізгі принципі - валютаны арзанырақ сатып алып, қымбатырақ сату. Валюталық арбитраж екі валютамен (жай валюталық арбитраж) немесе үш тіпті одан да көп валютамен (күрделі валюталық арбитраж) «спот» немесе «форвард» шарттары бойынша жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]