Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19-20.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.28 Кб
Скачать

Билет №19

  1. Коммерциялық банктің депозиттік (салымдық) саясаты

Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын анықтауға мүмкіндік береді.

Банктердің депозиттік саясатының мақсаты олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.

Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:

  • халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;

  • талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;

  • клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;

  • қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін арттыру;

Депозиттік саясат депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, жинақтарды тарту әдістерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін оңтайландыру, қызмет корсету аясын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдісін өзгертуді икемді реттеу жолымен жүзеге асырылады 

Жалпы банктердегі депозиттік саясатты жүзге асыру мынадай принцпиптерге негізделеді:

1) Салымдарды кепілдендіру. Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарды сақтандыру қорына мүше болу арқылы банктер салымдардың сақталуы мен қайтарылуына кепіл беруге тиіс.

2) Міндеттемені орындау. Банктік салым туралы келісімшартқа сай жəне клиенттердің алғашқы талбы бойынша клиенттер алдындағы міндеттемелерді толық жəне уақытыл орындау.

3) Ашықтылық. Банктің қаржылық жағдайы туралы клиенттердің барлығына ақпараттың ашық немесе қол жетімді болуы (заңмен тиым салынбағаннан басқалары).

4) Бəскелестік. Банк өзінің депозиттік өнімдерінің депозиттік нарықтағы бəсекелестік қабілетін арттыру үшін мынадай шешімдер қабылдау қажет:

- бұрын шығарған жəне жаңадан шығаратын депозиттік өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында банк үнемі ішкі жəне сыртқы депозиттік нарықтарға маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет жəне депозиттер бойынша жəй, күрделі жəне прогрессивтік сыйақы есептеу əдістерін пайдалану;

- депозиттер бойынша ұтыс жариялау, салым иелеріне сыйлық беру, бонус жүйесі сияқты маркетингтік ынталандыру əдістерін қолдану қажет;

- клиентерге өте жоғары мəдени жəне сапалы қызмет көрсету.

5) Құпиялылық. Клиенттермен қарым-қатынас орнату барысында алынған кез келген ақпаратты, соның ішінде: клиенттердің мəліметтері, олардың қызметі, қаржылық мүдделері қатаң құпия болуға тиіс.

  1. Тұтынушылық несиелеудің төлем қабілеттілігі

Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемдң кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие.

Тұтыну несиесі жеке бастың тұтыну заттарын алуы үшін беріледі және оны беру кезінде тауарлардың құнын және несие үшін пайызды бөліктеп төлеу көзделеді. Тұтыну несиесінде жеке тұлғалар қарызгер болып табылады, ал несие мекемелері де, кәсіпорын да несиегер болуға құқылы. Сатып алынған тауар соңғы бөлігі төленгенге дейін сатушының меншігі болып қалады, сөйтіп, тауар несиемен қамсыздандырылған болып табылады. Тұтыну несиесі ақшалай да, тауарлай да беріле береді: тауарлар несиеге сатып алынады немесе бөлшек саудада тауар құнының мерзімі ұзартылып, бөліп-бөліп төленеді; ақшалай несиені банктен тұтынушылық мақсатқа пайдалану үшін алады. Тұтыну несиесі бір жолғы өтеу немесе мерзімі ұзартылған төлем түрінде ресімделеді.

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиеліріне тұтыну жəне ипотекалық несиелер жатады.

Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

    • автомобилдік несие;

    • ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;

    • тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;

    • кейінге қалдымайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу жəне т.с.с) берілетін несие

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]