3.5 Жұмыс істеу реті
Көтеру және бұру механизмі арқылы алдын ала 600 - 700°С қыздырылған электрлі пеш қақпағы ашылады. Қақпақ алдымен көтеру механизмі арқылы көтеріледі де, артынша қолмен шетке қарай итеріледі.
Цехты жүк көтергіш құрылғымен электрлі пешке арнайы жүктеу құрылғысы арқылы дайындама жүктеледі.
Қақпақ кері бағытта жабылады.
Электржылытқыштар қосылып, жұмыс кеңістігіндегі температура 860°С дейін қыздырылады.
Жұмыс кеңістігіне бақыланатын атмосфера беріледі.
Дайындаманы технологиялық үрдіске сәйкес қыздыру, ұстау және суыту жүргізіледі.
Цементациялау уақыт өткен соң қыздырғыштар өшіріліп бақыланатын атмосфера беру тоқтатылады.
Қақпақ ашылып, шетке қарай орын ауыстырады.
Дайындамалар цехтың жүк көтергіш құрылғысымен алынады.
Температураны бақылау арнайы жылу реттейтін автоматты құрылғы арқылы жүргізіледі, ал бақыланатын атмосфераның реттелуі мен шығыны газды панельде орналасқан вентильдер мен ротаметрлер арқылы жүзеге асады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Волженский А.В. «Минеральные вяжущие вещества» Строиздат, 1986 – 464 с.
2 Кривандин В.А. Металлургическая теплотехника - 2 том / В.А. Кривандин; профессор, доктор техн. наук.-Москва: Металлургия, 1986г.-590 с.
3 Медовар Б.И. "Металлургия вчера, сегодня и завтра", Киев: наукова думка 1986 г. - 132с.
4 Никифорова Н.М. Теплотехника, теплотехническое оборудование предприятий промышленности, строительных материалов и изделий / Н.В. Тресковой - Москва: Металлургия, Высшая школа, 1981 г.
5 Струмилин С.Г. "История черной металлургии в СССР", т. 1 М.:, 1954, 184с.
6 http://yzga.ru/products/elektrotermicheskoe-oborudovanie/shahtnye-pechi.html
7 http://www.lab-term.ru/prom-shaht.html
