Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шахтная печь.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.12 Кб
Скачать

2.1 Пшц 8.25/9,5 шахталық пешінің техникалық сипаттамалары

ПШЦ 8.25/9,5 шахталық пешінің (2-сурет) техникалық сипаттамалары:

Жұмыс температурасының диапазоны, 100 – 950 °С.

Жұмыс аймағының өлшемі (диам/биіктік), мм : 800 /2500.

Пештердің габариттік өлшемі (диам/биіктік), мм: 1890/4400.

Қуаттылығы / кернеу, кВт/В: 140/380.

Пештің массасы, кг: 5000.

Газды цементацияға арналған пештің бағасы, тг: 18,580 554.

2-сурет-ПШЦ 8.25/9,5 шахталық пеші (сыртқы көрінісі)

3 СШЦ-6.6/9,5-И1 щахталық электрлі пеші

СШЦ-6.6/9,5-И1 щахталық электрлі пеші төмен легірленген болаттарды цементациялауға арналған жабдық. Электрлі пеш сонымен қатар нитроцементациялау кезінде де қолданылады.

СШЦ-6.6/9,5-И1 шартты белгілерінің құрылымы:

  • С – қарсылықты қыздыру (нагрев сопротивлением);

  • Ш – щахталық;

  • Ц – Цементтендіретін (газды);

  • 6 – жұмыс аймағының диаметрі, дм;

  • 6 - жұмыс аймағының биіктігі, дм;

  • 9,5 – жұмыс аймағының температурасы, жүздік үлеспен °С;

  • И – орындалуы;

  • 1 – орындалу реті

УХЛ4 – климаттық орындалу және МЕСТ15150 - 69 бойынша орналастыру категориясы.

3.1 Эксплуатация шарттары

  • Биіктігі теңіз деңгейінен 1000 м артық емес;

  • Қоршаған ауаның температурасы 1-ден 35 °С дейін;

  • Басқару шкафының эксплуатация кезіндегі жұмыс температурасы

5 –тен 30°С – ге дейін, ал 80% ылғалдылық қатысында 30°С және төмен температурада ылғал айналымынсыз;

Қоршаған орта МЕСТ 12.1.005 – 88 көрсетілгендей, құрамында тоқ өткізгіш және агрессивті газ, бу және шаң-тозаңдар аз, жіберілетін мөлшерде болып, жарылысқа қауіпсіз болуы керек.

Басқару шкафтары эксплуатацияланатын қоршаған ортада жоғарыда айтылғандардан басқа, келесі активті-коррозиялы агенттері: күкірт газы 50 мг/м2(тәул.), ал хлоридтер 0,15 мг/м2(тәул.) артық болмауы тиіс. Қоршаған орта жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болмаса, басқару шкафы арнайы желдеткішпен жабдықталған жеке бөлмеде орнатылуы керек.

Фундамент электрлі пеш және басқару шкафының дірілін және соққысын жою керек, бұл жағдайда дірілдің мөлшері 15 Гц жиіліктен және 4,9 м/с2 жылдамдықтан аспауы тиіс.

Корпус пен қақпақтың беткі қабатындағы температура 70°С аспауы керек.

Қондырғыны жобалау кезінде электрлі пешпен жұмыс барысында бөлінген жылуды оқшаулайтын сонымен қатар электрлі пештің қайта жүктелуінде желдеткіш орнатылуын қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ жұмыс аймағында электрлі пештен немесе оның технологиялық режимінде үрленген газдың жойылуын іске асыратын жағдай қарастырылуы керек.

Цех аймағына жұмыс істейтін электрлі пештен бөлінетін жылу мөлшері номиналды температурада 11 кВт құрайды.

Ашық шахтадан қайта жүктеу кезінде бөлінетін жылу мөлшері 50000 кДж.

Электрлі пеш барлық экологиялық талаптарға сай.

Нормативті-техникалық құжат

ТУ У.3.13-0021693-027-94

3.2 Техникалық сипаттамалары

Номиналды кернеу, В: электр тізбектерінде – 380, ал басқару тізбектерінде – 220.

Ток жиілігі, Гц: 50

Қондырылған қуаты, кВт: 72,2

Соның ішінде электрқозғалтқыштың желдеткіш жетегі – 1,1, ал электрқозғалтқыштың қақпақ ауыстыруы – 1,1.

Номиналды қуаты (қыздырғыштардың қуаты), кВт: 70.

Жұмыс кеңістігіндегі номиналды температура, °С: 950.

Температура тұрақтылығы, °С ±10.

Электрлі зона саны: 1.

Фазалар саны: 3.

Жұмыс кеңістігінің өлшемі, мм: диаметр – 600, биіктігі – 600.

Жұмыс кеңістігіндегі орта: басқарылатын атмосфера (Эндогаз+табиғи газ)

Қорғаныш газының шығыны, нм3/сағ: 5,5 аспайды.

Жүктеу құрылғысыз тордың массасы, кг: 450 – ден кем емес.

Басқару шкафы жоқ электрлі пештің массасы, т: 3,5.

Басқару шкафы жоқ электрлі пештің габаритті өлшемдері, мм: 2000x2500x2500 аспайды.

Меншікті қуаты, кВт/кг: 0,155 аспайды.

Меншікті салмағы, т/кг: 0,0077 аспайды.

Бос жүріс қуаты, кВт: 17,5 аспайды.

Қыздырғыштардың толық орташа ресурсы, сағ: 21185.

Қыздырғыштардың толық орнатылған ресурсы, сағ: кем дегенде 14100.

Электрлі пештің қызмет ету мерзімі: кем дегенде 8 жыл.