Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шахтная печь.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.12 Кб
Скачать

3.3 Кұрылымы және жұмыс істеу принципі

Электрлі пеш (3- сурет) мынандай негізгі бөліктерден тұрады: жылытқыштар іліне орналасқан футерленген (қапталған) қыздыру камераларынан 1, қыздыру камерасында орналасқан муфельден 2, желдеткіш қондырғысымен қапталған қақпақтан 4, көтеру механизмі және контржүкті қақпақты айналдыру және айналдыруды шектейтін қондырғыдан 3, КИП және автоматика жүйесінен 5.

3- сурет- СШЦ-6.6/9,5-И1 щахталық электрлі пешінің сұлбасы

3.4 СШЦ-6.6/9,5-И1 электрлі пешінің жалпы көрінісі және габаритті өлшемдегі құрама элементтері

Электрлі пештің қыздыру камерасы қаптамадан, футерлеуден, электржылытқыштардан, қақпақтан, қаздыру камерасын жапқыштан тұрады.

Өзінің фланецінің көмегімен қақпаққа ұсталып тұратын муфель орнатылады. Қақпақ және муфель фланецтері АС маркалы нығыздағышпен нығыздалады.

Қаптама (кожух) профильді қақталған және табақшалы пісірмелі металлконструкциямен ұсынылады. Қаптаманың жоғарғы бөлігі фланец түрінде аяқталған, төменгі бөлігі терең түпке ие. Қаптаманы футерлеп болған соң оны конусты қақпақпен жауып, кейіннен бұрандамалармен бекітіледі.

Қаптамаға электрқыздырғыш пен термотүрлендіргіштердің арматуралары дәнекерленген, оған термоэлектрлі түрлендіргіш бақылаушысы орнатылады. Оған қоса, қаптамаға көтеру және бұру механизімін іске асыратын мойынтірек корпустары дәнекерленген.

Электрлі пештің камерасын футерлеу екі қабатты етіп жасалынады. Отқа төзімді қабаты жеңіл КЛ-0,7 корундты кірпіштерінен, жылу оқшаулағыш қабаты муллитті кремнеземді МКРР-130 орамды материалынан жасалады.

Футеровканың асты жеңіл салмақты ШКЛ-1,0 және ШЛ-0,4 шамоттан жасалады.

Отқа төзімді қабатындағы камераның тік орналасқан бөлігінде, ілгіште зигзаг тәрізді Х23Ю5Т маркалы өткізгіштен жылытқыштар орналастырылған.

Электрлі пештің электржылытқыштары бір электрлік зонаны құрайды және бір-бірімен «жұлдызша» түрінде байланысқан.

Камераның футеровкасы жоғарыдан қақпақпен жабылады және бұрандамамен бекітіледі.

Қақпақтың фланецтеріне сол фланецтерінің көмегімен ыстыққа берік табақшалы болаттан жасалған муфель орнатылады. Муфельдің түбі кесілген конус тәрізді жасалады. Муфельдің жоғарғы бөлігіне,суыту үшін су беретін шұңқырда фланец орнатылады.

Желдеткіш қондырғысы муфельдің мойнын жауып, тұтқалы қысқыш пен резеңкемен нығыздалады. Кронштейннің орталық бөлігінде желдеткіш орнатылады. Желдеткіш білігі суды суытатын шұңқыр арқылы өтеді. Желдеткіш орнатылған қаптамада тізбекке көтеру және бұру механизмін орындау үшін тартқыш муфтамен тойтармалар бар. Сонымен қатар қаптамада көтеру және бұру кезінде желдеткіштің қозғалып кетпеуі үшін екі бағыттаушы бекітіледі.

Мойынтіректі жылжымалы жылыту камерасының бүйір бетіне көтеру және бұру механизмі орнатылады. Қақпақтың көтерілуі және түсуі электромеханикалық жетектің көмегімен жүзеге асырылады, ал бұрылу – жұмыс механизмді басқару орналасқан қол тұтқамен жасалынады.

Көтеру және бұру механизмі профильді қақтаумен жасалған горизонталь бөлігінде орналасқан редукторда, металлконструкциялық Г – тәрізді формаға ие. Оның тез айналатын білігі электрқозғалқышпен белдікті беріліс бойынша жалғанған, ал асықпай айналатын білігінде тізбекті беріліспен айналатын жұлдызша орналасқан. Жұлдызшалар тізбектей жалғанған, бір соңы басқарылатын ілгіш арқылы қақпаққа, ал қалған соңдары сол ілгіштің вертикальды рама бөлігіндегі орналасқан жетегіне бекітіледі. Ілгіштерде бетоннан жасалған контржүктер болады.

Қақпақты көтеру және бұру, сондай –ақ контржүктер жұқа қабатты болат қаптамамен жабылған. Жұмыс механизмі үш соңғы өшірумен шектеледі: көтеруге, түсіруге, ал үшінші өшіру қақпақ пештің үстіне емес түсіру кезінде электрқозғалтқышты бірден бұғаттайды.

Механизмді және қыздыруды күшпен басқару аппаратурасы, сонымен қатар жедел басқару мен жарық сигнализациясын басқару аппаратурасы басқару шкафында жабдықталады.