Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шахтная печь.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.12 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

1 Газды цементация

2 ПШЦ 8.25/9,5 Шахталы электрлі пеші

2.1 ПШЦ 8.25/9,5 шахталық пешінің техникалық сипаттамалары

3 СШЦ-6.6/9,5-И1 щахталық электрлі пеші

3.1 Эксплуатация шарттары

3.2 Техникалық сипаттамалары

3.3 Кұрылымы және жұмыс істеу принципі

3.4 СШЦ-6.6/9,5-И1 электрлі пешінің жалпы көрінісі және габаритті өлшемдегі құрама элементтері

3.5 Жұмыс істеу реті

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 Газды цементация

Қатты карбюризатордағы цементациямен салыстырғанда газбен өткізілетін цементация жоғары өнімді. Газды цементация ертеден белгілі және алғашқы рет бұл әдіс өткен ғасырдың отызыншы жылдары П.П. Аносовпен практикалық түрде ұсынылып, қолданылған болатын.

Газды цементация кезінде болаттың беткі қабатын көміртектендіру газды карбюризатормен өткізіледі. Тетікбөлшектерді үздіксіз ағынды цементтендіретін көміртекті газ беретін арнайы герметикалық жабық пештерде қыздырады. Мұндай газдарға қарапайым табиғи газ, сонымен қатар жасанды газ жатады. Газды цементацияға пештің жұмыс аймағында тікелей берілетін сұйық карбюризаторды да (бензол, пиробензол, керасин, синтин және т.б) қолданады. Жоғарғы температура кезінде сұйық карбюризатор кеңейеді де, нәтижесінде цементтеуші газ түзіледі.

Цементациялау үшін қажетті көміртек, цементтелетін газдардың құрамындағы көмірсутектер мен көміртек оксиді ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Негізгі көмірсутек қыздыру кезінде мына реакциямен ыдыраған (СН4) метаны болып табылады:

СН4 = С+2Н2

Қатты карбюризаторда цементациялау сияқты газды цементациялауда түзілген атомдық көміртек болаттың беткі қабатында жұтылады да, тетікбөлшектің тереңдігіне енеді.

Тетікбөлшектерді газды цементациялау қатты карбюризаторда цементация өткізілетін температурада жүргізіледі, яғни 900—950° С. Бірақ аз жылу өткізетін карбюризатордың жоқтығынан газды цементацияның ұстау уақыты қатты карбюризатормен салыстырғанда азырақ. Ұстау уақытын қысқарту болаттың қызуын азайтады, сондықтан № 6-8 мұрагерлі ұсақтүйірлі болаттан жасалған тетікбөлшекті цементациялауды аяқтағаннан кейін тікелей газды цементациялы пеште шынықтыруға болады. Әдетте шынықтыру алдында тетікбөлшектерді төмен температурада (820—840° С), яғни салқындатады және содан кейін шынықтырады.

Тікелей суытумен өткізілетін шынықтыру кезінде тетікбөлшектердегі шалыстық, қалдық аустенит мөлшері азаяды, сонымен қатар технологиялық үрдіс айтарлықтай қысқарады.

Газды цементациялау кезінде берілетін газдың саны мен құрамын бақылау және басқару ыңғайлы әрі жеңіл. Газды цементациялау үрдісін толығымен механизацияландыруға және автоматтандыруға болады. Осы көрсетілген артықшылықтарымен газды цементациялау зауыттарда кеңінен таралған.

Газды цементация үшін (муфельді және муфельсіз) үздіксіз қимылдағы пештер, (камералы, шахталы) стационарлық пештер және арнайы агрегаттар қолданылады.

2 Пшц 8.25/9,5 Шахталы электрлі пеші

ПШЦ 8.25/9,5 Шахталы электрлі пеші цементация үшін, сонымен қатар металдарды термиялық және химия –термиялық өңдеу үшін арналған. Цементация сұйық карбюризатор немесе цементациялық газ қолданумен өткізіледі. Электрлі пештер 10°С – дан 35°С дейін қоршаған ауа температурасында және 80 % ылғалдылық қатысында 25°С жұмыс жасауға негізделген. Талшықты және микрокеуекті материалдардағы жылуоқшаулағыш, температураны қыздыру санды индикациясын электронды басқару, температуралық режимді тіркейтін техүрдісті көрсететін графикалық диаграмма, пеш көлеміндегі температураның біріңғайлығы және т.б артықшылықтары бар. Цементация бұйымның беткі қабатының жұмсақ өзегінің жоғары қаттылығын болатты тетікбөлшектерді жоғары температурада сыртқы ортадан диффузия арқылы көміртекпен қанықтандыру арқылы алады, яғни бұйымның тозуға төзімділігін арттырады. Цементация ауыспалы жүктеме және жанаспалы тозу жағдайында жұмыс істейтін аз көміртекті болаттан жасалған тетікбөлшектерге жасалады. Жұмыс кеңістігінде ағын тудырушы экранды герметикалық муфель және газ ағынын циркуляциялайтын ортадан тепкіш вентилятор, сонымен қатар цифрлі индикациялы температураны бақылағыштарды қолдану ±5°С нақтылығында біркелкі температураны және біртекті газды атмосфераны пештің бар көлеміне таралуын қамтамасыз етеді. Муфель қақпағының герметикалық жабыны фланец ойығына төселген және құмды бөгеттелген асбестті ШАОН O10 мм маркалы бауымен қамтамасыз етілген. Пеш қақпағы ( 1 – сурет) көтеруге және түсіруге арналған электр жетегімен жабдықталған. Көтерілген қақпақ қолмен айналдыра бұрылып тіреуіш бағанға тірелді.

1- сурет – Пеш қақпағы

Қақпақта газдың шыраққа өтуі үшін жалғастырылған өткізгіш арматуралармен байланыстырылған. Өткізгіштің тесігі асбестті мығымдайтын қақпақпен бітелген. Цементациялау электрлі пештер карбюризаторын қолмен басқару сияқты пештің атмосферасын бақылайтын және басқаратын жүйесімен де басқарылады.