Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нематод практика.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
412 Кб
Скачать

гүлдер тұқымдастарға, жылына 1 - 2 ұрпақ; Д. Райхан гүлдер түқымдастарға, жылына 1 - 2 ұрпақ.

  1. Көктемде бүлдіргеннің сабак нематодасы қандай фазасы популяцияда басым?

А. Жұмыртқасы; Б. Ересек нематодалар; В. 1- ші жэне 2- ші жастағы дернәсілдер; Г. 4- шы жастағы дернәсілдер; Д. Жұмыртқасы жэне ересек нематодалар.

  1. Қазақстанның кай аймағында бүлдірген нематодасы таралған жэне кандай өсімдіктерді зақымдайды?

  1. Карантинді объект, тек кана бүлдіргеннің эр түрллі сорттарында; Б. Әр бір жерлерде кездесе бередідек қана бүлдіргендердің эр түрі сорттарында;

  2. Оңтүстік облыстарда,бүлдіргенде жэне көкөністерлерде; Г. Оңтүстік облыстарда, бүлдіргеннің әр түрлі сортта-рында; Д. Каратинді объект, бүлдіргенде, көконістерде, дэнді дақылдарда.

  1. Хризантема нематодасының дұрыс латын атын көрсет.

A. Ditylenchus dipsaci Kuhn.; Б. Aphelenchoides fragariae Ritz.-Bos.; В. Aphelenchoides ritzemabosi Schw.; Г. Aphelenchoides besseyi Christ.; Д. Ditylenchus dipsaci Kuhn.

  1. Нематодтардың цисталарын зерттегенде егістің колемі 500 м2 қанша сынау алу керек?

А. 3-5; Б. 5-7; В. 5-10; Г.10-12; Д. 12-15.

  1. Нематодалармен қамбадағы түйнектер зақымдалғанда алынатын сынау саны.

А. 100; Б. 200; В. Алғашқы 10 т 200 сынау жэне эр бір кезекті 10 т қосымша 50; Г. Алғашқы Ют 100 сынау жэне эр бір кезекті 10 т косымша 50; Д. Алғашқы 10 т 100- 200 сынау жэне эр бір кезекті 10 т косымша 100.

  1. Нематодтармен зақымдалған осімдіктердің үлкен мүшелерін фиксация жасау үшін формаиндердіңконцентрациясы қандай болуы тиіс?

А. 1 % ; Б. 2 % ; В. 5 % ; Г. 10 % ; Д. 15 % .

  1. Фитонематодтардың дене мөлшері қанша?

А. 0,2 мм дейін; Б. 0,2-0,5 мм; В. 0,5 - 5 мм; Г. 5-10 мм; Д. 5-20 мм.

Ауылшаруашылық дақылдарына зиян келтіретін кенелер

Кенелердің сыр тқы жәнеішкікурылысы

Дене бунакщары. Кенелердің денесі, басқа буынаяқтылар сияқты, бунақтардан түрады; олар бөліктерге немесе тагмаға бірігеді. Кенелердің денесі 4 бөліктен түрады. Олардың әрқайсысы саны әр түрлі бунақтардан түрады, бірақ, алғашқы бунақталудың белгілерін тек қарапайым түрлерінен ғана көруге болады. Ауыз

21

мүшелерінің бөлімін гнатосома, ал нағыз денесін - идиосома дейді. Идиосома - 4 жүп аяқ орналасқан подосомаға және опистосомаға болінеді. Подосома кейде мынандай екі болімнен түрады: 2 жүп алдыңғы аяқтары орналасқан проподосома және 2 жүп артқы аяқтары орналасқан метаподосома (2-сурет).

11-сурет. Кене денесінің бөлімдерге бөліну нусқасы (Р. Фрицше бойынша): 1 - гнатосома; 2-проподосома; 3-мстаподосома;

4- опистосома; 5 - протеросома: 6 -гистеросома; 1 +2+3 + просома;

2+3+4 - подосома.

Гнатосоманың қүрамына ауыз алдындағы бунақтың және одан кейінгі екі бунактың (аяқтары бар) астыңғы жарты сақиналары кіреді. Сонда, соңғы екі бунақтағы аяқтар хелицера және педипальпы деп аталатын ауыз аяқгарына айналған. Подосоманың қүрамына корсетілген бунақтардың үстіңгі жарты сақиналары және әрқайсысында бір жүп аяқтары бар 4 түтас бунақтар кіреді. Аяктары жоқ қалған 11 бунақ опистосоманың күрамына енеді. Сойтігі, кенелердің дене бунақтарының жалпы саны 18-ге жетеді, бірақ, үқсас бунақтардың қосылуы себебінен козге корінетін бунақтар саны кенелердің копшілік топтарында 13-тен аспайды.

Ауыз мүшелері. Олар екі жүп мүшелі саусақшалардан түрады - хелицера мен педипальпадан, бүлар ауыз куысын жауып түрады. Кенелердің ауыз мүшелері кеміргіш және шаншып-сорғыш тип- терге жатады. Кеміргіш ауыз өсімдіктің түқымын, үннан жасалған әр түрлі тағам, органикалық қалдықгар сияқгы өнімнің қатты немесе қүрғақ түрлерімен қоректенетін кенелерге (мысалы, қамба кенелеріне) тән. Ауыз аяқшаларының екінші жүбы - педипальпалар (қармалағыш аяқшалар) ауыз тесігін астынан және екі жағынан

22

бүркеп түрады. Нағыз аяқтар сияқты олар да 6 бунақтан, яғни жамбас, үршық, сан, тізе, сирақ және табаннан түрады.

Жыртқыш кенелердің ауыз аппараты - кеміріп-сорғыш типке жатады. Бүл топқа жататын кенелердің педиапальпалары жақсы дамыған, ішінде үлкен тырнақтары орналасады және қоректі үстауға бейімделген.

12-сурет. Кенелердің ауыз апараттары: А-кеміргіш: 1 - хелицераның козғалмайтың саусағы, 2- қозғалмалы саусақ, В-кеміріп - сорғыш:

1 - хелицераның қозғалмайтың еауеағы, 2- козғалмалы сауеақ,

3-спермотодактиль; В-шаншып - сорғыш: 1- хелицераның түбі,

2-стилет, 3-рострум.

Аякщың күрылысы. Кенелердің көпшілік түрлерінің дернәсіл- дерінде 3, ал одан кейінгі даму фазаларында 4 жүп аяқтары болады.

13 - сурет. Әр түрлі тетранихов кенелерінің эмподий мен тырнақтары: а - эмподий, б - амбулакр.

23

Тері жамылғысы және оның туындылары. Кенелердің тері жамылғысы басқа буынаяктылар сияқты кутикула, гиподерма жэне оте жука базальды жарғактан түрады.

Кутикула. Кутикула гиподерма клеткаларынан болініп шығатын зат жэне тері жамылғысының ең сыртқы бөлігі. Кутикула^ қорғаныстық қалкд қызметін атқарады, сонымен қатар, оған организмнің бүлшық еттері бекінеді.

Гиподерма. Кобінесе цилиндр пішінді эпителий клеткалары қабатынан түрады. Гиподерма клеткалары кутикуланы жасайтын заттарды, сонымен катар, кенелердің әрбір түлеуі алдында кутикуланың астыңғы қабатын ерітетін заттарды бөліп шығарады.

Базальды жарғак; гиподерма клеткаларының төсеніші ретінде тері жамылгысы мен дене қүрылсының арасындагы перде қызметін атқарады.

Тері туындыларына қалқаншалар мен қылшықтар жатады.

Кдлщниіалар - кутикуланың қатты мүйізделген учаскелері.

Кенелердің денесіндегі және аяқтарындагы барлық қылшықгардың жиынтыгын дене хетомы деп атайды. Дене хетомы түқымдастарды, туыстарды және түрлерді анықтауда маңызды қызмет атқаратын диагностикалық белгі болып саналады.

Қылшықтар пішіні және қызметі жагынан кәдімгі және түрі өзгерген қылшықтар деп екіге бөлінеді. Кәдімгі қылшықтардың ішкі куысы болмайды. Пішіні жагынан алуан түрлі: қылшық, үршық, қауырсын,* желпуіш тәрізді және тагы басқа түрлері кездесеДі. Олар көбінесе түітсік сезімі мүшелерінің қызметін

14 - сурет. Кенелердің қылшықтарының түрлері.

24

атқарады. Түрі өзгерген қылшықтардың іші куыс болады да оған сезім нервтерінің плазмасы енеді.

Ac қорыту жүйесі. Кенелердің ас қорыту жүйесі гнатосомадағы орналасқан ауыз куысынан басталып, опистосомадағы артқы тесікпен шектеледі. Ac қорыту жүйесі 3 бөлімнен: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен түрады.

Kfin тамырлар жүйесі. Кенелерде қан айналым жүйесі ашық болады. Кенелердің кейбір түрлерінің тек қан тамырлары ғана емес, сонымен қатар, жүрегі де болмайды. Олардың қаны түссіз, молдір, дене мүшелерін түгел шайып түрады.

Тыныс алу жүйесі. Кенелердің көпшілік топтарында тыныс тесіктері арқылы сыртқа ашылатын кеңірдектер жақсы дамыған. Тыныс алу тесіктері дененің қүрсақ бөлімінің бүйір жақтарында, жамбастан кейін (паразиттік тіршілік ететін кенелерде) немесе гнатосома мен проподосоманың аралығында орналасады. Сыртта тыныс алу тесіктерімен перитема деп аталатын ауаның кеңірдекке кіруін реттеуге қатысатын үзындығы әр түрлі түтікшелер байла- нысады.

Зәр шыгару жүйесі. Зәр шығару жүйесінің қызметі сыртқы ортаға әртүрлі заттарды шығару, сонымен қатар, зат алмасу процесіне қатысу. Бүл жүйе үш түрлі қызмет атқаратын бездер тобынан түрады: экскреторлы, секреторлы және эндокринді. Организмнің негізгі шығару жүйесі-экскреторлы жүйе, заттар алмасу процесінде организмнен керек емес зиянды заттарды шығарады.

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Ересек кенелердің орталық жүйке жүйесінің ганглиялары бір-біріне оте түйісе орналасады да, өңешті қоршап жататын нерв үлпасының біркелкі массасы болып саналады. Сезім мүшелері: механикалық (кәдімгі қылшықтар) коп түрлерде тізе, сирақ және табанында кездессе, химиялық (түрі өзгерген қылшықтар) бірінші жүп аяқтың табанында орналасады.

Кенелердің көздері қарапайым болып келеді. Коздерінің түсі көбінесе қызыл, сонымен қатар, қоңыр-қара және көк түсті.

Көбею мүиіелері. Барлық кенелер дара жынысты және копші- лігінде жыныс диморфизімі жақсы білінеді.

Еркек кененің жыныс жүйесі жүпты түқым безінен, жүпты түқым өткізгіштен, түқым шашқыш каналдан, қосалқы бездерден және үрықтандырғыш мүшеден түрады. Үрғашы кененің жыныс жүйесі жүмыртқа өткізгіштерден, жіЗныс қынабынан және қосалқы бездерден түрады. Бірқатар кенелерде жыныс қынабына ашылатын түқым қабылдағыш болады.

25

КЕНЕЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ

Кенелердің жіктелуі кәзіргі күнге дейін лайықты дәрежеде зерттеліп, дайындалмаған. Кәзіргі көрсеткіштер бойынша кенелер- дің класс тармағы үш отрядтан түрады: пішенші кенелер (Opiliocari- formes), паразитоидтар (Parasitiformes), акариформалылар (Acarifor- mes). Адам баласы үшін соңғы екі отряд окілдерінің зияны зор.

Өсімдік қорғау саласында бізді қызықтыратын тыныс тесігі ортада орналасқан отряд тармағы - Mesostigmate, гамоз түқымдас тобы - Gamasoidee, фитосейидтер түқымдасы - Phytoseiidae. Дене пішіні сопақша келген, түссіз немесе сарғыш, қоңырқай, кейде қызғылт түсті, үзындығы 0,25-0,6 мм үсақ кенелер. Бір жүп тыныс тесігі сыртта, алға қарай бағытталып, 2 жүп аяқтың жамбас бунағына дейін жететін түтікше тәрізді перитремалармен жалғасқан.

Фитосейидтердің бірқатарьг осімдіктерді зақымдайтын кенелер- мен қоректенетін, олардың сан молшерін реттеуші факторлардың бірі болып саналады. Әсіресе олар пестицидтерді жиі қолдануға болмайтын немесе жанама эсер ететін препараттарды қолданатын жеміс бақтарында жақсы нәтиже береді. Оларға жататындар: Typhlodromus subsolidus Begl., Amblyseus reductus Wainst., A.fmlandicus Oud.,A. andersoni Chant, және басқалары.

Акариформалылар - Acariformes. Г натосомаға немесе идиосоманың соңғы болімінен ашылатын бір жүп жыныс тесігі болады. Тыныс тесіктері болмайтын түрлері де жиі кездеседі. Отряд қызыл денелілер және саркоптоид деп аталатын 2 отряд тармағына болінеді.

Крізъм денелілер отряд тармаш - Tromhidifonnes. Бір жүп

тыныс тесігі еркегінде де, үрғашысында да немесе тек үрғашы кенеде ғана болады, немесе екеуінде де болмайды. Егер тыныс тесіктері болса, онда олар гнатосомада немесе гнатосома мен проподосоманың аралығында орналасқан. Ауыз мүшелері шаншып- сорғыш. Аяқтарының жамбас бунағы денеге қозғалмайтындай болып жалғасқан. Қызыл денелілер күрлықты жэне суды мекендейтін кенелерді біріктіретін ең ірі отряд тармағы. Қүрлықты мекендейтіндерінен осімдіктердің қауіпті зиянкестеріне тетранихоид, тарзонемид жэне торт аяқтылар деп аталатын түқымдастар топтарының окілдері жатады.

Тетранихоид түщуімдастар тобы - Tetranychoidea. Тыныс тесіктері хелицералардың түбіне орналасқан жүптас үзын перитрем- дерге ашылады. Аяқтары 4 жүп, кейде 3 жүп болады. Бүл топтың қүрамына кіретіндерден ауыл шаруашылығы дақылдарын 3 түқымдастың (ормекші кенелердің, бриобий және жазық денелі кенелер) окілдері зақымдайды.

26

Өрмекші кенелер түқътдасы - Tetranychidae. Денесінің ұзындығы 0,3-0,5 мм, жасылдау-сары, қоңыр, ашық-қызыл түсті кенелер. Көпшілік түрлерінің денесінен бөлініп шығатын сілекейлі сүйық заттар ауада кеуіп, өрмек жібіне айналады. Осыған байланысты олар өрмекші кенелер деп аталады. Өсімдіктердің жапырагы және басқа мүшелерін өрмек жібімен шырмап, колония қүрып, тіршілік етеді. Аса қауіпті зиянкестерге кәдімгі ормекші кене (Tetranychus urtica Koch.), атлантикалық ормекші кене (T.atlanticus Me. Gr.), долана кенесі (Т. vienensis Zach.), жемістің қызыл кенесі (Panonychus ulmi Koch.), цитрустың қызыл кенесі (P.citri Me. Gr.), бақтың ормекші кенесі (Schizotetranychus pruni Ond.) және басқалары жатады.

Бриобий түщіімдасы - Bryobidae. Өсімдік қоректі кенелердің ішіндегі ең ірісі (үзындығы 1 мм-ге дейін). Жасыл, қоңыр, қызғылт- сары түсті, жылдам қимылдайтын кенелер. Өрмек торын қүрмай, жеке-жеке тіршілік етеді. Олар осімдіктермен қоректенетін фитофагтар, бірақ кейде түрғын үйлерге еніп, азық-түлікті бүлдіреді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері қатары- на қоңыр жеміс кенесі (Bryobia redicorzevi Reck.) және басқа түрлері (В. tiliae Bagd., B.lonicerae Reck.) жатады.

Жазык, денелі кенелер тұқымдасы - Tenuipalpidae. Басқа түқымдастардың окілдеріне қарағанда тері қабаты едәуір қатайған, шымқай қызыл түсті, денесінің үзындыгы 0,2-0,4 мм үеақ кенелер. Педипальпаларының сирақ бунағында тырнақша болмайды. Бүл түқымдастан еліміздің оңтүстік аудандарында жеміс ағаштарына Cenopalus pulcher Cet., шай бүтасы мен цитрустарға Brevipalpus obovatus Don. деп аталатын кенелер зиян келтіреді.

Тарзонемид піүқылідаспшр mo6bi-Tarsonemini. Педипальпалардан кейін орналасқан I жүп тыныс тесіктері аналықтары мен нимфа- ларында дамыған. Аталықтарында тыныс тесіктері болмайды, немесе кейде рудиментті стигма түрінде ғана сақталған. Кейбір түрлерінің аяқтары бар (4 немесе 3 жүп), ал копшілігінде паразиттік тіршілікке байланысты аяқтары озгеріп, жойылған. Өсімдік зиянкестері әртүрлі тырнақшалылар мен жуан денелілер түқымдастарына жататын түрлер арасында кездеседі.

Әртүрлі тырнакщалылар түқымдасы - Tarsonemidae. Ашық сары, сары немесе қоңыр түсті, денесі бунак^алған, үзындығы 0,25 мм аспайтын оте үсақ кенелер. Тырнақшалар тек еркектерінің ғана барлық 4 жүп аяғында болады. Ал үрғашыларының тек алдыңғы 3 жүп аяғында болады да, 4-ші жүп аяғы үзын қылшықтармен аяқталады. Бүл түқымдастардың окілдері - фитофагтар және сапрофагтар. Аса қауіпті зиянкес түрлерінен біздің елде кең таралғандары - бүлдірген кенесі (Tarsonemus pallidus Bank.) мен гүл кенесі (Steneotarsonemus panshini Wainst et Begl.).

27

Жуанденелілер түщуімдасы - Pyematidae. Дене пішіні жағынан әртүрлі тырнақшалылар түқымдасына жататын кенелерге үқсас, бірақ тырнақша тек үрғашыларының аяғында ғана кездеседі. Көпшілік түрлері үшін тірілей туылу қасиеті тән, ягни, үрықтың барлық даму фазалары аналықтың ішінде өтеді. Сондықтан үрғашы кененіц денесі 100-500 есе үлғайып, шар тәрізді қампиып түрады, Өсімдік зиянкестерінен бүларға астық кенесі немесе дән кенесі (Siteroptes graminum Reut.) жатады. Сонымен қатар, қамба зиянкестерінің (мысалы дән күйе кобелегінің) жүмыртқаларымен қоректенетін жуан денелі кене де (Pyemotes ventricosus New.) осы түқымдастың басты окілдерінің бірі. Бүл кене адам денесіне жабысса, теріні дуылдатып, қышытады (шоптік немесе дәндік қышыма қотыры).

Төрт аякщылар түцымдастарының тобы - Tetrapodili. Денесі қүрт тәрізді созылған (үзындығы 0,1-0,2 мм), артқы жағы сүйірленген, оте үсақ кенелер. Даму фазаларының барлығында да 2 жүп аяғы болады. Эриофиид- Eriopiidae деп аталатын бір ғана түқымдасы белгілі. Оның окілдерінің бәрі фитофагтар, олардың копшілігі осімдіктердің қауіпті зиянкестері, мысалы, қарақаттың бүршік кенесі (Ceccidophyes pyri Pgst.), алмүрттың беріш кенесі (Eriophyes pyri Pgst.), жүзімнің киіз кенесі (Е. vitis Pgst.), күміс түсті цитрус кенесі (Phyllocoptruta olcivorus Ashm.), сарғыш томат кенесі (Vasates byopersici Massee) және басқа коптеген осімдік қоректі кенелер.

Басқа түіфтдастар. Жоғарыда айтылғандай, кейбір қызыл денелілер отряды тармағына жататын түқымдастар окілдері жырт- қыштарға жатады жэне оларды зиянды насекомдар мен кенелерге қарсы биологиялық тәсіл үшін пайдаланады. Бүлардың ішінде белгілі хейлетид және қызыл денелі кенелер түқымдастары.

Хейлитид кенелер түқымдасы - Cheyletidae. Кенелердің дене үзындығы 0,2-0,8 мм, сарғыш және қызыл түсті. Дене түрқы үзынша келеді. Хелицерасы қысқа. Кейбір жағдайларда олардың пальпа үзындыгы идиосоманың үзындығымен бірдей. Коптеген түрлерінде жыныс диморфизмі жақсы байқалады. Бүл түқымдасқа 150 кене түрлері жатады. Бүлардың кейбіреулері кенелерді, үсақ бунақденелілерді және қүстар мен сүтқоректілердің паразиттерін жояды. Күз бен қыс айларында жыртқыштар үнді кенелерінің санын реттеп отырады.

Крізыл денелі кенелер түқьшдасы - Trombidiidae. Кененің үзындығы 3,5 мм аспайды, қызыл түсті, проподосома мен гистеросома бір-бірінен жақсы ажыратылган. Нимфа мен ересек кенелер коптеген қылшьіқгармен қалың жамылган. Түқымдасқа 300-ден асатын түрлер кіреді. Кейбіреулері омырткалы жануарлар қанымен қоректенеді, сондыктан, олар жабайы және үй жануар-

28

ларына, сонымен қатар, адамдарға да шабуыл жасайды. Қызыл денелі кенелердің ішінде буынаяқтылар паразиттері де кездеседі. Мысалы, Eutrombidium trigonum Herm. шегірткелердің жыртқышы, ал Allotrombium pulvinus Ewind. бітелердің және басқа ұсақ бунакденелілердің жыртқыштары болып табылады.

Саркоптоид отряд тармагы - Sarcoptiformes. Бүл отряд

тармағына жататын кенелердің тыныс тесіктері болмайды және ол дененің әр түрлі бөлімдерінде орналасқан саңылаулар арқылы сыртқа ашылады.

Отряд тармағы сауытты кенелер немесе орибатей (Oribatei) және акаридтер (Acaridae) деп аталатын екі дербес топтан түрады. Сауытты кенелер басқа кенелермен салыстырғанда бертінде ғана (осыдан 40 жыл бүрын) зерттеле басталды. Олар ауыл шаруашы- лығы малдары паразиттерінің аралық иесі болып саналады. Соңғы кезеңдегі зерттеулер бойынша, олардың топырақ түзілу процесінде үлкен қызмет атқаратындығы анықталған. Қазіргі кезде кенелердің бүл тобы қарқынды түрде зерттелуде. Акарид тобы 25 түқымдасқа бөлінетін 6-9 түқымдастар тобын біріктіреді. Солардың ішінде акароидтар түқымдастарының тобына жататын қамба кенелерінің маңызы оте зор.

Акароидтер немесе кцмба кенелері түқымдастарының тобы - Acaroidea-Turoglyplioidea. Бүл топқа жататын кенелердің тері жамылғысы мүйізденбеген жүмсақ денесі көбінесе толық немесе астыңғы жағы үзілісті көлденең сақиналы қарынша арқылы екі бөлімге - протеросома мен гистросомаға бөлінеді. Хелицералары ірі, қысқаш тәрізді. Тіршілік циклінде гипопус жиі кездеседі. Бүл түқымдастар тобына 5 түқымдас кіреді, олардың ішіндегі ең қауіпті зиянкестері үн және түкті кене түқымдастарына жатады.

Үн кенелері түщ>імдасы - Acaridae - Jyroglyphidae. Үзындығы 0,5- 1,0 мм, сопақша немесе жүмыртқа пішінді, жартылай мөлдір түсті, кейде сүр, қоңыр немесе жасылдау реңі бар жылтыр денелі кенелер. Түқымдастың өкілдері табиғи жағдайда орман төсеніштерінде, қүстар үясында, кеміргіштердің індерінде, шөп жэне сабан маяларында астық дәнімен, үн, кепкен жеміс, көкөніс онімдерімен және басқа азық-түлік түрлерімен қоректеніп, коп зиян келтіреді. Аса қауіпті зиянкестердің қатарына әсіресе, үн кенесі (Acarus siro Z.), үзынша кене (Tyrophagus putuscentiae Schrnk.), пияз кенесі (Rhisop-hagus echinopus F. et. R.) және басқа қамба кенелері жатады.

Түкті кенелер түқьтдасы - Glycyphagidae. Үн кенелері түқымдасының өкілдеріне қарағанда пішіндері кішірек (үзындығы 0,4-0,6 мм), едәуір жалпақ денелі, тері жамылғысы тегіс немесе кедір-бүдырлы, арқа қылшықтары үзын қауырсын немесе желпуіш тәрізді болады. Түқымдастың өкілдері қамбаларда, кейде түрғын

29

үйлерде тіршілік етеді, ал табиғи жағдайларда кеміргіштердің індерінде кездеседі. Кенелер майлы дақылдардьгң түқымын, уатылған немесе бунакденелілермен зақымдалған астық дәнін, сонымен қатар, теріні, қүстың қауырсыны мен мамығын, бунақ- денелілердің коллекциясын зақымдап, бүлдіреді. Әсіресе, көп таралған түрлері: кодімгі түкті кене (Glycyphagus destructor Schrnk.), түкті үй кенесі (G. domesticus Deg.), астық қоңыр кенесі (Gohieria fusca Oud.) және басқалары.

ЕГІСТІК ЖӘНЕ КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЬІНА ЗИЯН KEJITIPE ТІН КЕНЕЛЕР

Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. Акариформ- дылар (Acariformes) отрядының ормекші кенелер (Tetranychidae) түқымдасына жатады. Өте кең таралған, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде мақгаға және басқа дақылдарға қатты зиян келтіреді. Солтүстік аймақгарда жылыжайларда өсірілетін өсімдіктерді зақымдайды.

Аналық кененің дене пішіні сопақша, үзындығы 0,43 мм, түсі сүрғылт-жасыл немесе сарғылт-жасыл, жазда бүйір жақтарында қара дақтары бар, қыста біркелкі сарғылт-қызыл болады, перитремнің соңғы бөлімі бүтақталмаған, 4 камералы. Еркегінің артқы жағы бірден кілт сүйірленген, үзынша (үзындығы 0,28 мм) болады. Жүмыртқасы шар тэрізді, жасыл реңді мөлдір, диаметрі 0,14 мм, үрықгың даму барысында күңгірттене келе, дернәсілдер шығар алдында қүлпырған інжу тэрізді түске кошеді.

15 -сурет. Кэдімгі өрмекші кене.

30

Бидай гүл кенесі - Steneotarsonemus panshim Wainst. et. Begl.

Түрліше тырнақшалылар (Tarsonemidae) түқымдасына жатады. Ол Батые Қазақстан, Қостанай, Ақмола, ІІІығыс Қазақстан және Алматы облыстарында таралған.

Аналық кене сарғылт түсті, денесі сопакша келеді, үзындығы 0,2 мм, артқы аяқтәры басқаларына қарағанда жіңішке, тырнақгың орнына екі кылшықпен бітеді. Аталығы кішірек, үзындығы 0,15 мм, жүмыртқа тәрізді, артқы аяқтары қысқа. Аяқтарында бір тырнақтары бар. Жүмыртқасы эллипс тәрізді, ақ түсті, үзындығы 0,1 мм. Дернәсілдері ақ түсті, үш жүп аяқты.

16-сурет. Бидай гүл кенесі.

Астык, немесе дән кенесі - Siteroptes graminum Reut. Түйе кенелер (Pyemotidae) түқымдасына жатады. Қазақстанның солтүстік облыс­тарында кездеседі.

Аналық кене сарғылт немесе қызғылт сары түсті, үзындығы 0,2- 0,25 мм. Аталығы кішірек, ауыз мүшелері жетілмеген, ішектің артқы болігі мен анальдық тесігі жоқ.

Пияздың тамыр кенесі - Rhizoglyphys echinopus R. Үн кенелері (Acaridae) түқымдасына жатады. Кең таралған зиянкес.

Аналық кененің денесі сопақша келеді, түсі ақ, аяқтары мен ауыз мүшелері қоңыр-қызғылт түсті. Аяқтары қысқа, толық, табанында бір тырнақ жэне бес қылшықтары бар. Аналык кененің үзындығы 1,1 мм, аталығынікі -0,78 мм. Жүмыртқалары ақ түсті, сопақ, үзындығы 0,25 мм. Дернәсілдерінің үш жүп аяғы бар.

Қызанақ кенесі - Aculus (Vasates) lycopersici Massee. Эриофиид кенелер (Eriopiidae) түқымдасына жатады. Жылыжайларда кездеседі.

31

17 - сурет. Пияздың тамыр кенесі: а - төменгі жағынан қарағанда, б - арка жағынан қарағанда.

Денесі құрт тәрізді, үзындығы 0,14 - 0,21 мм, реңі сарғыштан қоңыр түске дейін өзгеріп түрады. Екі жүп аяғы бар. Жүмыртқалары шар тәрізді, ақ түсті, диаметрі - 0,05 мм. Дернәсілдердің денесі ересектен кішілеу келеді (0,08-0,1 мм). Нимфаның үзындығы 0,14- 0,16 мм.

18 - сурет. Қызанақ кенесі..

Оранжереядагы жалпақ денелі кене - Brevipalpus obovatus Donn.

19 - сурет. Оранжереядагы жалпақ денелі кене. 32

Өрмекші кенелер (Tetranychidae) түқьімдасына жатады. Көбінесе жылыжайларда кездеседі.

Денесі сопақша немесе жүмыртқа тәрізді. Педипальпасы төрт мүшеден түрады. Жылыжайларда кене жыл бойы үзіліссіз өсіп дамуы мүмкін. Зиянкес әсіресе қияр мен қызанаққа қатты зиян

Көп қоректі петробия - Petrobia latens Muller. Өрмекші кенелер (Tetranychidae) түқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстігінде кең таралған.

Денесі согіақша, ал арқасы дөңес келеді, терісі жүқа.

ЖЕМІСЖӘНЕ ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫНА ЗИЯН КЕЛТІРЕТГН КЕНЕЛЕР

Жемістің крізьи кенесі-Panonychus ulmi Косһ. Өрмекші кенелер (Tetranychidae) түқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған.

Аналық кененің денесі жалпақ - сопақша келеді, түсі қызыл және қьізыл қоңыр, үзындығы 0,44 мм дейін жетеді. Арқасы дөңес, оның ақ үлкен дөңестерінде үзын қылшықтар орналасқан. Аталықтарының денесі үзынша келеді, артқы жағы жіңішкерген, үзындығы 0,26-0,28 мм, түсі сарғыш-қызыл. Жүмыртқаның екі жағы қысыңқы, сыртында жіңішке қыры бар, диаметрі 0,14-0,15 мм. Қыстайтын жүмыртқалар жаздыкүнгілеріне қарағанда едәуір ірі, ал түсі ашық қызыл. Дернәсілдерінің үш жүп аяғы бар, үзындығы 0,17 мм. Олардың жүмыртқадан жаңа шыққан кезінде түсі қызыл болса, артынан қоңырқай тартады. Нимфа фазасында 4 жүп аяқтары болады, дене молшері бірінші жаста 0,2-0,25 мм,

зақымдайды.

20 - сурет. Көп көректі петробия.

екіншісінде 0,3-0,4 мм, түсі жасыл-сарыдан қызыл-қоңырға дейін қүбылады.

21 - сурет. Жемістің қызыл кенесі.

Жемістің қоңыр кенесі- Bryobia redicorzevi Rech. Бриобий кенелер (Bryobidae) түқымдасына жатады. Ол Қазақстанның барлық жерінде де бар. Оңтүетік және оңтүетік-шығые тау бөктерлеріндегі аудандарда жеміс ағаштарына үлкен зиян келтіреді.

14 - сурет. Жемістің қоңыр кенесі.

Кенелердің түсі қызғылт немесе жасылдау қоңыр; аналықтары- ның ұзындығы 0,56-0,62 мм, аталықтарынікі -0,3 мм. Терісіндегі хитин нашар дамыған. Арқасындағы қылшықтары қысқа болып келеді және денесінің бүйірінде орналасқан. Қылшықтардың үш

34

жүбы ғана денесінің ортасына біткен. Аяқгары үзын, жіңішке, бірінші жүп аяғы денесінің үзындығымен бірдей. Жүмыртқасының түсі қызыл, диаметрі 0,15 мм жуық. Дернәсілдер пішіні дөңгелек тәріздес, үш жүп аяғы бар, қызғылт түсті, үзындығы 0,24 мм. Нимфалары дернәсілдерге қарағанда үлкенірек келеді (1-іиі жастағы - 0,31 мм, 2-ші жастағы -0,42 мм), төрт жүп аяғы бар, жасыл-қоңыр

Долана кенесі - Tetranychus viennensis Zache. Өрмекші кенелер (Tetranychidae) түқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік айма- ғында кең таралған.

Аналықгарының денесі жүмыртқа тәрізді, үзындығы 0,57-0,6 мм. Жүмыртқалауға кірісе қоймаған кезде қызыл-қошқыл, диапауза кезінде шымқай қызыл түсті болады. Аталықтарының дене пішіні ромб тәрізді, үзындығы 0,4 мм, түсі ақшыл-жасыл немесе сарғыш- тау. Жүмыртқалары шар тәрізді, түсі ашық, кейінірек жасыл- сарғыш түске ауысады, диаметрі 0,15 мм. Дернәсілдер доңгелектен сопақша қалыпты, түсі жасыл, үзындығы 0,2 мм, денесінің бүйірінде қоңыр теңбілдер бар, аяғы үш жүпты. Нимфалар үзын сопақша келеді, жасыл түсті, ірі (1-ші жастағы -0,22 мм, 2-ші жастағы -0,4 мм), торт жүп аяғы бар.

Баідпың өрмекші кенесі - SeMzotetranychus pruni Oudem. Өрмекші кенелер (Tetranychidae) түқымдасына жатады. Қазақстанда солтүстік аудандардан басқа жерлерде тегіс таралған.

Үзындығы 0,5 мм шамасындай ғана оте үсақ кене. Пішіні доңестеу, сопақпіа келген денесін жіңішке үзын қылшықгар жауып түрады. Түсі коктем және жаз айларында сарғылт-жасыл, ал күзге қарай сарғаяды. Жүмыртқаларының түсі молдірлеу, соңынан сүр түске боялады, диаметрі - 0,11 мм.

түсті.

15 - сурет.Бақтың өрмекші кенесі.

35

Бакщың жазык, денелі кенесі - Cenopalpus piger Can. et Fanz.

Жалпақ денелі кенелер (Tenuipalpidae) түқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында кең таралған.

Аналық кене сопақша келеді, арқа жағы жазық, ал қүрсағы дөңес, үзындығы 0,34 мм. Терісі қатты, сыртында әр түрлі суреттер бар, аяғы қысқа. Аталығы аналығына үқсайды, бірақ үсақтау-0,26 мм, түсі мөлдір. Жүмыртқалары сопақ, қызыл түсті, үзындығы 0,11 мм. Дернәсілдері қызыл түсті, үзындығы 0,16 мм, сопақ, үш жүп аяғы бар (1-ші жастағының үзындығы 0,22 мм, 1І-ші жастағы-0,28 мм).

16—сурет. Бақтың жазық денелі кенесі: а - арқа жағынан карағанда, б—

Шлехтендаль кенесі-Aculas (Vasates) schlechtendali Nal. Бүл кене торт аяқтылар түқымдастарының тобы (Tetrapodili), эриофиид (Eriopiidae) түымдасына жатады. Кең таралған зиянкес.

Ересек кененің түсі сарғыш, дернәсіл мен нимфанікі молдір, жүмыртқасы ақ, доңгелек, жылтыр келеді.

Алмүрт галла кенесі - Eriophyes puri Pgst. Эриофиид кенелер (Eriopiidae) түқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік облыстар­ында таралған.

Кененің денесі ақшыл, үзындығы 0,22 мм, қыстайтын аналық- тарының түсі қызғылт. Жүмыртқасы ақ түсті, map тәрізді, диаметрі 0,05 мм.

төменгі жағынан карағанда.

17 - сурет. Алмұрт галла (беріш) кенесі.

36

Жүзімпің беріш кенесі - Eriophyes vitis Pgst. Өсімдік қоректі кене- лердің эриофиид (Eriopiidae) түқымдасына жатады. Жүзім өсірілетін аймақтарда кең таралған.

Кененің денесі үзынша келген, цилиндр тәрізді, денесі 80 сақинадан түрады, түсі сарғылт, үзындығы 0,14-0,18 мм, 2 жүп аяғы

ТТТ^Т Д СТТ^ТЯПІЛ ММ ТЯ^ЯТ4 1T4TTPF1 ТіГЧ ТПІЛІТТП І^Т.ТТТТТТТ .ТТ

V / V /*' 1 С * / X Оі . 1 1/1 I Cl J../ Оі II І)І I 1| I Civ/Cl I I v / V f J I IIV1 III / 1, v I I іЧ,Сіу Dl |. .'v Dl II I ХТХ/і^З^Х, I lyjDlJ I ГТХ JT^I ly

тары, сәуле тәрізді 5 тармақты болады.

Кррақаттың бүріиік кенесі-Cecidophyes ribis Westw. Кенелердің эриофиид (Eriopiidae) түқымдасына жатады. Қарақат осетін, әсіресе, ылғалдылығы мол аймақтарда кең таралған.

/? в 8

19 - сурет. Қаракат кенелері: а - бүршік,б жэне в — жапырак (А — жаздьтқ аналығы, Б — қыстык аналығы).

Аналық кененің дене пішіні қүрт тәрізді. Түсі сүттей ақ, үзындығы 0,21 мм. Гистеросомасы біркелкі келген 70 сақинадан түрады. Арқалық қалқаншасында кенелердің басқа түрлерінде кездесетін бүдырлар мен қылшықгар мүнда болмайды. Аталығы

37