- •Мазмұны
- •Тақырыбы«кіріспе. Негізгі анықтамалар»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «энергетикалық ресурстар»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы«су электр станциясы»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «су аккумуляциялық электр станциялары (саэс).
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы«сэс электр энергиясын алудың технологиялық үдерісі»
- •Су энергетика қорлар.
- •Су энергетикасы.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «атом электр станциясы»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «материия мен энергияның сақталу заңы сақтау заңы. Термодинамиканың заңы»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «карно циклы. Ренкин циклы»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «жылу машиналарының пәк-і. Жэс жылу балансы»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «конденсациялық электр станцияларының негізгі жабдықтары»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «кэс-те технологиялық процесс арқылы электр энергияны алу»
- •1 Отын беру құрылысы, 2. Бункер, 3. Тозаң дайындайтын құрылгы 4. Деаэратор блогы, 5. Машина залы. 6 қазан, 7 ауа жылытқыш, 8. Күл ұстағыш. 9. Түтін сорғыш. 10. Түтін мұржасы.
- •Әдебиттер тізімі:
- •Тақырыбы «жэо электр энергияны алудың технологиялық процесі»
- •Әдебиттер тізімі
- •Тақырыбы«атомдық қуаты алудың физикалық негіздері»
- •5. Биолосиялық қорған (детои). 6. Жылу тасушы.
- •1. Уран ядролары. 2. Нейтроидар.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы«газ-турбиналық және пар-газдық қондырғылар»
- •15.2 Сурет Бу-газ қондырғыларының ұстанымдық сұлбасы.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «мгд-генераторлары. Термоэлектрлық генераторлары»
- •Ток өткізгіш. 2. Пластинкалар
- •1.Темір пластиналар.
- •1. Жану камерасы. 2. Жылу алмастыргыш. 3. Мгд-генератор. 4. Электромагнит орамы. 5. Бу генераторы. 6. Турбина. 7. Электргенераторы. 8. Бу салкындаткыш (конденсатор).
- •9. Соргы.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «гелио электр қондырғылар, жел электр қондырғылар, құйылыу электр станциялары»
- •Жел электр станциялары (жэс)
- •1. Желқалақшалары. 2. Электр генераторы. 3. Тоқ өткізгіш (кавелі). 4. Биік мунара. 5. Электр энергыясын тарататын үй. 6. Найзағай қайтарғыш. Дизель электр станциялары(дэс)
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «геотермалдық қондарғылар, биогаздақы қондырғылар, электр-химиялық генераторлар»
- •Биогаз қондырғылары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «электр жүктеменің кестесі»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «электр станциялардың және косалқы станциялардың құрылымдық сұлбалар»
- •Грэс, гэс құрылым схемасы құрағанда келесі шарттар орындалу керек
- •Электр станциясының құрылым сұлбасы
- •Тэц жэо құрылым схемасынқұрағанда келесі шарттар орындалу керек;
- •Тақырыбы «электрстанциялардың және қосалқы станциялардың техника-экономикалық есеп»
Әдебиеттер тізімі
1. Веников В.А., Путятин Е.В. Введение в специальность.Электроэнергетика.-М:Высшая школа, 1988г.
2.Хожин Г. «Электроэнергетика», Алматы, 2011ж.
ДӘРІС № 20
Тақырыбы «электр жүктеменің кестесі»
Жоспар
1. Жүктемелердің графиктері,
2. Жүктеменің жылдык ұзақтық графигі
Электр энергетикалық жүйелердің негізгі ерекшелігі, ондағы электр энергияның өндірілуі және тұтынылуы бір мезгідде болуы керек.
Электр станциялармен әрбір мезгілде өндірілетін энергия, сол уақытында пайдаланылуы керек. Пайдалану графигі үнемі өзгеріп отырады.
Генераторлар мен түтынушылардың қосынды активтік қуаттарының тең еместігі (небаланс) ауыспалы процеске әкеледі. Генераторлардың активтік қуаттарының артықшылығы жиіліктің кобейуіне (жоғарлануына) әкеледі. Генераторлардың активтік қуаттарының жетіспеуі жиілікті төмендетеді. Электр станцияларды пайдаланғанда (агрегаттардың куаттарының шектелген мөлшерінде), электрлік жүйелердің аз ғана тербелісі электр станцияның лсұмысына қиындық келтірмейді. Себебі ол агрегаттар қуаттың өзгерісін реттейтін автоматты реттегіштермен жабдықталады.
Егерде электрлік жүктемелер кенет өзгерсе және тез көбейтілсе, онда қосымша генераторларды іске қосу қажет. Бұл жағдайлар алдын ала болжамда болуы керек. Электр энергияны өндірілумсн оның тұтынушысының айырмашылығы болмауы керек. Электр станцияларды дұрыс пайдалану үшін оның тәуліктік графигін білу керек. Ол тұтынушылардың графигіне байланысты.
Электр энергияны пайдалану режімі тұтынушылардың графигімен белгіленеді, яғни электрқондырғының қуатының уақытқа сәйкесті өзгеруі диаграмма түрінде беріледі.
Графиктерді түрғызғанда абцисса өсінде тәуліктік сағаттар (0-24 сағатқа дейін), ординаты өсінде электрлік жүктеме (кВт, МВт) көрсетіледі. Графикте электр қондырғының активтік (Р), реактивтік (Q, толық (S) қуаттары және тоқ (I) көрсетіледі. Графиктер тәуліктік, апталық және қыстық, жаздық, көктемдік, күздік, жылдық болып анықталады. Пайдалану орнына байланысты тұтынушылар, қосалқы станция, станция, станция графиктері болып бөлінеді.
Типтік графиктер салыстырмалы бірлікте беріледі де, олардың жүктемесі 100%-ға тең деп алынып сатылы диаграмма ретінде корсетіледі. Қалған сатыдағы жүктеме і рафиктері тәуліктің сол уақыттағы салыстырмалы мәнін көрсетеді (20.1, а-суреті).
(20.1)
мұнда п% - типтік графиктің ординатасына сәйкесті сатысы.
20.1-сурет.Тәуліктік графикті типтік графикке сәйкесті түрғызу.
а) Типтік график, б) Атаулы бірліктегі график.
Бұндай жүктеме графигі Рмакс =20МВт-ты болғанда 20.1 б-суретінде көрсетілген.
Рмаксболашаққа жобалағанда және графикті атаулы бірлікте тұрғызу үшін тұтынушылардың белгіленген қуаты анық болуы керек, ол номиналды қуаттың қосындысы деп есептелінеді.
Активтік жүктеме үшін:
(20.2)
Сол мезгілде косалқы станцияның шинасына косылған жүктемелердың қуаты келесі өрнекпен анықталады:
(20.3)
мұнда
-
электр қондырғыларының тұтынушыларына
және
жергілікті желілердің номиналды
жүктеме мезгіліндегі орта ПӘК-і (КПД).
Расында тұтынушылардың жүктемелерінің қуаты белгіленген қуаттан әдетте кем (кіші). Бұл жағдай бір уақыттылық және жүктемелік коэффициентерімен ескеріледі.
Сонда тұтынушылардың максималды жүктемесі келесі өрнектеп анықталады:
(20.4)
Активтік жүктемесінің графигіне басқа да, реактивтік жүктеменің графигін пайдаланды. Реактивтік жүктеменің графигі де ордината өсіне сатылы түрде көрсетіледі; %.
Оны келесі өрнекпенанықтауға болады:
(20.5)
мұнда tgφ, сosφmax-ның мәніне сәйкесті анықталады.
Ал сosφmax-ның мәні тұтынушылардың бастапкы көрсеткіштерінің біреуі ретінде беріледі.
Активтік және реактивтік жүктемелердің белгілі графиктерін пайдалана отырып, толық қуаттың графигін тұрғызуға болады. Толық қуаттың сатылы графикке байланысты мәні келесі өрнекпен анықталады:
(20.6)
мұнда Рiжәне Qi -лық сатыдағы активтік және реактивтік жүктемелердің атаулы бірлікпен көрсетілғен мәндері.
Жүктеменің жылдык ұзақтық графигі
Бұл қондырғының жыл бойына әр түрлі жүктемелермен қанша уақыт жұмыс істегендігін көрсетеді . Белгілі масштаппен ордината өсіне жүктемені, ал абсциса осіне жылдық сағаттарды (0-ден 8760-қа дейін) орналастырады. Графикте жүктемелер Рmax-бастап дейін төмендетілген тәртіппен көрсетіледі (20.2-сурет).
Жүктеменің жылдық үзақтық графигін белгілі тәуліктік графиктердің негізінде тұрғызады. 20.2-суретінде жүктемелердің ыстық (183 күн) және жаздық (182 күн) тәуліктік графиктерін і үрғызу әдісі көрсетілген .
Анықтамалық әдебиеттерде электр знергияны ең көп пайдаланылатын тұтынушылар үшін реактивтік жүктемелердің ұзақтық графигі келтірілген.
Жүктеменің жылдық ұзақтық графигін келесі жағдайда пайдаланады:
- қондырғылардың технико-экономикалық көрсеткіштерін есептегенде;
20.2-сурет. Жүктеменің жылдык ұзақтық графигі
электр энергияның шығынын есептегенде;
жабдықтарды пайдалануды бағалағанда;
тағы да көптеген өндіріске керекті жағдайларды карастырғанда.
Жүктеменің жылдық ұзақтық графигінің тұрғызылу тәртібі келесідей. Белгілі мезгіліне (қыс, жаз) байланысты, олардың тәуліктік графиктерін сызбаның абцисса өсіне біріне-бірін жалғасты-рып көлденең орналастырады. Абцисса өсіне бір жылдық уақытты тең масштабпен орналастырады, 24 сағат
365 күн=8760 сағат. Бұл жағдайда ауа-райына байланысты қыстық және жаздық тәуліктік графикті анықтау керек. Мысалы, қыстық график 215 күндік болса, сонда жаздық график 150 күн деп есептелінеді. Ордината өсінде тәуліктік графикті бір-бірімен тең бірнеше бөлікке бөледі, содан кейін абсцисса өсіне параллель сызықты жүргізеді.
Жүктемелердің графиктері арқылы техника-экономикалық көрсеткіштерді анықтау.
Активтік жүктеменің графигінің кисық сызығымен шектелген дан, қарастырылып отырған мезгілде электр қондырғымен өндірілген немесе пайдаланылған электр энергияның санына тең:
(20.7)
мұнда: Р- графиктің i - сатысындағы қуат; Т - сатының ұзақтылығы.
Жүктеме графиктің толтыру коэффициенті, қарастырылган мерзімдегі (тәуліктік, жыл) қондырғымен электр энергияның өндірілуінен, пайдаланылуының қанша рет кем екендігін көрсетеді. Бұл мезгілде қондырғының жүктемесі максималды болуы керек деп есептелінеді. Шамасы, график бір қалыпты болса, онда толтыру коэффициентінің мәні 1-ге жақын болады.
Қондырғылардың жүктемелерінің графигін сипаттау үшін максималды жүктеменің шартты ұзақтығын пайдаланып шешуге болады:
(20.8)
Бұл мөлшер (өрнек), карастырылып отырған уақытта (әдетте 1 жыл) қондырғы электр энергияның шынында керекті санын өндіру үшін канша сағат жұмыс ісгеу керектігін көрсетеді. Бұл мезгілде қондырғының максималды жүктемесі өзгермейді деп есептелінеді.
Сонымен катар, өндірісте белгіленген қуатгы пайдалану коэффициенті қолданылады:
(20.9)
немесе белгіленген қуаттың пайдалану үзақтығын қолданады:
(20.10)
Келтірілген өрнектегі Рбелг - деп барлық агрегаттардьгң белгіленген қуаттарының қосындысы екенін гүсінуіміз керек: резервтік қуаттарда қосьгладьг.
Агрегаттардың белгіленген қуаттарын пайдалануды, пайдалану коэффициенті Кп- сипаттайды.
Сірә, Кп < 1, ал Тбелг, < Т . Егерде Рбелг< Рmax ара қатынасын (байланысын) ескерсек, онда Кп < Кт болатындығын байқаймыз.
Энергетикалық жүйедегі электр станциялардың белгіленген қуатты пайдалану ұзақтығы шамамен жылына 5000 сағатты кұрайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Жүктеме графигі дегеніміз не?
2. Жүктеменің жылдық ұзақтық графигі неге байланысты болады?
3. Жүктемелердің графиктері арқылы техника-экономикалық көрсеткіштерді анықтау.
