Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ВВС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

Мазмұны

ДӘРІС № 1

Тақырыбы«кіріспе. Негізгі анықтамалар»

Жоспар

1.Пәннің жалпы сипаттамасы

2.Халық шаруашылығының энергетикадағы мағынасы

3. Негізгі анықтамалар

«Мамандыққа кіріспе» пәнінде бірінші курс оқушылары келешекте таңдаған мамандығы жайлы – энергетика саласының байланысы жайлы, қазіргі қоғамға әсері және техникалық ілгерілеу туралы оқып танысады. Бұл пән жалпы энергетикалық пән болып саналады.

«Мамандыққа кіріспе» пәні студенттерді болашақтағы мамандығымен - энергетикамен, оның коғамдағы маңызымен, даму тарихымен және оның техникалық прогресске әсерімен таныстырады.

Бұл пән студенттерді барльқ оқу мерзімінде энергетиканың әрбір саласымен таныстырады, олардың бір-бірімен байланысын түсіндіреді, энергетикальқ жүйе және ондағы негізгі өндіру, тасы­малдау, түрлендіру, тарату және пайдалану процесстерімен таныстырады, энергетикалык кондырғылардың жұмыс істеу принциптерін, олардың кұрылғыларын, қазіргі уақыттағы жағдайларын және келешекте дамуын көрсетеді.

Энергетика (энергетика шаруашылығы) - қазіргі заманға байланысты кең мағынада қарағанда энергияның барлық түрлерін өндіру, жақсарту, қайта өндеу, түрлендіру, тасымалдау, тарату және пайдалану мәселелерімен шұғылданатын халық шаруашылық саласы.

Қазіргі уакытта энергияның жиі пайдаланатын түрлері:

  • жылу энергиясы;

  • электр энергиясы.

Жылу энергиясы мен электр энергиясын өндіруді, түрлендіруді, тасымалдауды және пайдалануды зерттейтін саланы - жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы деп атайды.

Будың энергиясын электр энергиясына айналдыратын кондырғы

  • жылу электр станциясы деп аталады (ЖЭС). Бұл сала жылу энер­гетикасы деп аталады.

Су энергиясын алдымен механикалык энергияға, содан кейін электр энергиясына айналдыратын арнайы кондырғы - су электр станциясы (СЭС). Су энергиясын электр энергиясына түрлендіруді зерттейтін сала - су энергетикасы деп аталады.

Атом энергетикасы (ядролық энергетика) - атом электр станциясы (АЭС), кейбір ауыр элементтер ядросының баскарылатын бөліну реакциясы кезінде туатын энергияны пайдаланып, электр энергиясын өндіреді. Бұл реакция кезінде энергетикалык реакторда жылу бөлініп шығады. Реактордың жылуы суды буға айналдырады, ал бу турбогенераторды іске косады.

Жел энергиясын пайдаланатын электр станциясы (ЖелЭС) - жел энергиясын электр энергиясына түрлендіретін кондырғы. Бұл сала жел энергетикасы деп аталады.

Энергетикада негізіне қондырғының бес түрі пайдаланылады:

  1. өндіруші, табиғи энергетикалык ресурстардың энергиясын электр энергиясына, жылу және механикальқ энергияларына айналдырады;

  2. түрлендіруші, энергия түрлерінің параметрлері өзгертеді(кернеудің, токтың, қуаттың т.б.);

  3. энергияны тасымалдау және тарату (электрлік, жылу, мұнай т.б.);

  4. аккумуляциялау (электр және жылу аккумуляторлары, су аккумуляциялық электр станциялары т.б);

  5. энергияны пайдалану (электр тұтынымы, электр жетегі, жарық шамдары, электр козғалткыштары, басқада жуктемелерді электрмен жабдықтау, т.б.).

Электроэнергетиканық өзінің ерекшеліктері бар, соның ішіндегі негізгілері:

  • әмбебаптығы;

  • коғамның әрекет ісіне және адамның өміріне терең енуі;

  • өндіру процессіне және адамдар өмірше энергияның турлендіру және техниканы тубірімен өзгерту әсері; еңбекті электрмен каруландырудын, және өндіріс процесстерін электрмен қамтамасыздандырудың нәтижесінде өнімділіктің өсуінің жоғарлауы; еңбектің және өмірдің ыңғайлы жағдайының өсуі;

  • электр және жылу энергиясын пайдаланудын, біркалыпта еместігі (сағат, тәулік, апта, айлык, жыл бойынша);

  • тутынушыларды электрмен сенімді және үзіліссіз камтамасыздандыру. Бұл үшін міндетті түрде резервтік кордың болуы;

  • негізгі энергияны өндіру орталығы мен пайдалану аудан аймактардың және энергетикалық ресурстардыц бір жерден шықпауы;

- энергияны өндірудегі және тасымалдаудағы өте жоғары дәрежеде шоғырланған курделі және кымбат энергожабдықтары мен ғимараттарды пайдалану.

Казіргі заманда «энергетика» және «энергетикалык гылым» түсініктемелерін шешілген, тұракталған мәселе деуге болмайды.

Энергетикалық жуйе (ЭЖ) (энергетическая система) – үздіксіз электр және жылу энергияларын өндіру, түрлендіру және тарату процестерірежімінің орталығымен, сонымен бірге осы режімді ортак баскарылатындыгымен анықталынатын және бір-бірімен косылган электр станцияларымен, электр және жылу тораптарының жиынтығы.

Электр станциясы (ЭС) (электростанция) - электр энергия­сын немесе электр және жылу энергиясын бірге өндіруге арналган энергетикалык кондырғы.

Электрлік косалкы станция (ЭКС) (электрическая подстан­ция) - электр энергиясын турлендіруге және таратуға арналған электр кондырғысы.

Электр желісі(ЭЖ) (электрическая линия) - электр энергиясын тутынушыларга жеткізіп беруге арналган электрлік кондырғы.

Электр торабы (ЭТ) (электрическая сеть) - электр желісі мен косалкы станциялардың жиынтығы.

Электрлік жүйе (электрическая система) - энергетикалык жуйенщ бөлігі. Оған жылу торабы, су торабы немесе жылу энер­гиясын тутынушылар кірмейді.

Электр кондыргысы (ЭК) (электроустановка) - бір-бірімен жалғастырылған, электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, жеткізіп беретін, тарататын, жинайтын немесе тұтынатын электр жабдықтарының жиынтығы.

Электр жабдығы (ЭЖБ) (электрооборудование) - бір накты объектімен бірге колдануға бейімделген арнайы колданылатын электр техникалық кұрылғы (буйым).

Энергетиканық үш факторы. Казіргі замандағы энергетика және оның болашакта дамуы үш факторларға байланысты. Олар техникалық, әлеуметтік-саясат және биосфералық (экологиялық) аспекталар. Бұл жагдайлар бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Жердің энергетикалык ресурстары. Оларды пайдалану

Энергия - табигат құбылысының жалпыға ортак негізгі, адамдардың барлык іс-әрекеттерінің және мәдениеттерінің базасы. Энергияның төмендегідей түрлері өмірде пайдаланылады: химиялық, механикалық, электрлік, ядролык және т.б.

Энергетикалық ресурстардын, ещцргсте жш пайдаланылатын непзп турлерк кемір, мунай, газ және су энергиясы, кун сеу- лесшщ энергиясы, желдщ энергиясы, т.б.

Энергетикалық ресурстар шартты түрде екі топка бөлшеді:

  • унемі жаңарып отыратын энергия көзі (судық және желдің энергиясы және т.б.);

  • кайтадан жаңармайтын энергия көзі (көмір, газ және т.б.).

Табиғаттант тікелей шығарылатын энергияны– энергиянын бірінші түрі деп атайды (отын энергиясы, су энергиясы, жел энер­гиясы, жер астындагы жылу энергиясы, ядролық энергия).

Энергиянық бірінші түрі арнаулы кондырғыларымен түрлендіріліп - станцияларда энергиянын екінші турін алады (электр энергиясы, бу энергиясы, ыстық су энергиясы). Станциялар энер­гиянын екінші турін өндіргенде энергиянын бірінші түрінің кайсысын колданса соған байланысты аталады.

Мысалы: жылу электр станциясы (ЖЭС) - жылу энергиясын (энергиянық бірінші түрі) электр энергиясына турлендіреді (энергиянық екінші турі);

су электр станциялары (СЭС) - судық механикалық энергиясын (энер­гиянық бірінші түрі) электр энергиясына турлендіреді (энергияның екінші түрі);

атом электр станциясы (АЭС) - атом энергия­сын (энергиянық бірнші түрі) электр энергиясына турлендіреді;

су таскынынық механикалық энергиясын (энергиянын бірінші түрі) электр энергиясына турлендіреді;

су жинағыш кұрылгының (су аккумуляциялау станциясы) механикалық энергиясын электр энер­гиясына турлендіреді.

Энергиянын кажетті турін өндіру және ол энергиямен тутынушыларды жабдыктау энергетикалық өндірістің процесінде шешіледі.

Энергетикалық процесті бес стадияға шартты турде белуге болады:

  1. Энергетика корларын алу және шоғырландыру; отынды өндіру және оны байыту, гидротехникалық ғимараттар аркылы судық тегеурін көбейту, т.б.

  2. Энергетика корларын энергияны түрледіретін кондырғыларға жеткізу. Энергетика корларын кұрылықта, суда әдейі арна аркылы немесе өткізгішқұбырлар аркылы тасымалдау.

  3. Энергияның бірінші түрін, энергияның екінші түріне түрлендіру. Бул жагдайда тутынушыларга энергияны ыңғайлы түрінеөзгертіп беру (электр энергиясы, жылу энергиясы).

  4. Турлендірірілген энергияны жеткізу және белу.

  5. Энергияны жеткізілген түрінде пайдалану. Сонымен катар ол энергияны, энергияның екінші түріне өзгертіп тагы да пайдала­ну (механикалық энергия, жарық энергиясы, жылу энергиясы, т.б.)

Бақылау сұрақтары:

1.Энергетикалық ресурс деп нені айтамыз?

2.Энергетикалықғылым деп нені айтамыз?

3.Электроэнергетикалық жүйе, эл.станция, қосалқы станция, эл.желісі дегеніміз не?

4.Энергия дегеніміз не?