Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_1199_rdeli_de_1187_gey_zhauaptar.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
967.19 Кб
Скачать

Қан жасау жүйесі

  1. Эритроциттерге, олардың құрылысының ерекшелігіне және энергия алу жолдарына; қасиеттеріне; функцияларына; санына (эритроцитоз бен эритроцитопенияға түсінік); өмірлік циклына сипаттама беріңіз.

Эритроцит – қанның қызыл түйіршіктері. Ер адамда қалыптыда мөлшері 4-5*10 12 дәреже\л, әйелдерде 3,7-4,5*10 12дәреже \л. Эритроцит санының қалыптыдан басым болуы эритроцитоз, аз болуы эритропения. Бұл сау адамда да науқас адам да кездеседі: физиологиялық және патологиялық . сондай –ақ абсолютті және салыстырмалы эритроцитоз, эритропения деген ұғымдар бар. Эритроциттер санының абсолютті өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қанға өту шапшаңдығына байланысты. Салыстырмалы эритроцитоз және эритропения қан жасушалары мен плазманың аралық қатынасына байланысты , бұл қан қоюланғанда н\се сұйылғанда болатын құбылыс. Эритроциттер ядросыз, екі бүйірі қысыңқы, дөңелек табақша пішіндес жасуша. Диаметрі 7,2-8мкм, ортасындағы ойыстың қалындығы 1,5-2,0 мкм, жиегінің жуандығы 2,5мкм. Олардың негізгі қызметі оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдау, демек тыныс алу процесін қамтамсыз ету. Эритроциттердің негізгі қызметі олардың құрамында гемоглобиннің болуымен және пішінін ерекшеліктерімен байланысты. Эритроциттер сүйек кемігінде түзіліп, бауыр мен көк бауырда бұзылады. Олар есеппен 120 күн тіршілік етеді. Эритроциттер бұзылғанда гемоглобин бөлініп, ол гем мен глобинге ажырайды. Гемнен бөлінген темір гемоглобин түзу үшін пайдаланылады. Ал темірдің артық мөлшері қанның арнаулы белогымен қосылып ферритин мен гемосидеринге айналады да, темір қоры ретінде бауырда, көк бауырда, аз мөлшерде ащы ішектің кілегей қабығында жиналады. Эритроцит протоплазмасында тор тәрізді стромасы бар. Сырт жағынан белок пен липоидтан тұратын мембранамен қапталған. Эритроцит мембранасы иондарды іріктеп өткізеді. Мембрананың Na, K, Ca катиондарына өтімділігі өте нашар, ал Cl және HCO3, сутегі және гидроксил иондары тез өтеді. Сондықтан эритроцит пен қан плазмасының минералдық құрамы бірдей емес. Эритроциттерде калий иондары басым. Ал плазмада керісінше натрий иондары басым.

Эритроцит құрамында 37% құрғақ заттар бар, ал сүйекте құрғақ зат 42% . демек денедегі ең тығыз тін сүйектен кейінгі жасуша - эритроцит. Сонда да эритроцит икемді, созылғыш, үлкен болғанымен жіңішке капиляр арқылы өте алады.

  1. Лейкоцитарлық форм ула деген не? Дені сау ересек адамның лейкоцитарлық формуласын атаңыз.

Лейкоциттер- ақ түсті, ядролы, қанның ірі жасушалары. Олардың қандағы жалпы саны эритроциттер санынан 600-800 есе кем болады да, организмнің физиологилық күйіне байланысты көп шамада ауытқып отырады. Қабыну процесі, жұқпалы аурулар лейкоциттер санын көбейтеді. Лейкоциттердің түрлері (лейкоцитарлы формула) протоплазмасындағы түйіршіктерінің бар жоқтығына байланысты бөлінеді. протоплазмасындағы түйіршіктері бар лейкоциттер - түйіршікті н\се гранулоцит, ал жоқтары түйіршіксіз н\се агронулоцит д.а. Түйіршікті лейкоциттерге базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер, ал түйіршіксіз лейкоциттерге моноцит және лимфоцит жатады.Лейкограмма н\се лейкоцитарлы формула: (қалыпты, дені сау адамдікі)

І. Гранулоциттер

А) базофилдер 0-1

Ә) эозинофилдер 1-5

Б) нейтрофилдер 70

1) метамиелоцит 0-1

2) таяқша ядролы 1-5

3) сегментті ядролы 45-65

  1. ІІ. Агранулоциттер

А) лимфоциттер 20-40

Ә) моноциттер 2-10

Организмге лейкоциттер қорғағыш қызмет атқарады. Лимфоциттер мен моноциттер организмнің арнайы иммунитетін қалыптастырады. Лейкоциттердің бәрі де фагоцит ретінде бөгде заттарды жұтады, жояды, залалсыздандырады.

  1. Біріншілік гемостаз механизмдеріне сипаттама беріңіз.

Біріншілік гемостаз н\се тромбоциттік гемостаз 5 кезеңнен тұрады:

  1. Қантамырының рефлекстік жолмен уақытша тарылуы, үзілген қан тамырын қандағы тромбоциттен босап шыққан серотонин мен адреналин тарылтады.

  2. Тромбоциттер жабысуы (адгезиясы)

  3. Тромбоциттер агрегациясы. Жартылған , үзілген қан тамырынан жарылған эритроциттен және тромбоциттен бөлініп шыққан АДФ, серотонин, адреналин әсерінен тез бұзылатын , нашар бекіген , тек тромбоциттерден т\атын жұмсақ тығын пайда болады.

  4. Тромбоциттердің бұзылмайтын тұрақты агрегациясы . Белгілі бір қан тамыры жарақаттанған соң 5-10сек өтісімен тіндік протромбокиназа әсерімен тромбин пайда болады.

  5. Тромбоциттерден тұратын тромбаның тығыздалуы(ретракциясы) . Тромбостенин жиырылуы нәтижесінде жарақаттанған қан тамырына бекітілген тромб нығыздалады да , қан ағуын тоқтатады.

Біріншілік гемостаз өте жіңішке капилярдан аққан қанды ғана тоқтата алады, көлемі үлкен қан қысымы жоғары тамырдан аққан қанды тромбоциттік тромб тоқтата алмайды .

4.Екіншілік гемостаз механизмдеріне және оның кезеңдеріне сипаттама беріңіз. Тіндік фактор деген не, оның гемостазға қатысуы қалай жүзеге асырылады?

Екіншілік гемостаз н\се коагуляциялық гемостаз 3 кезеңнен :

  1. Протромбиназа түзілу к\і – ең ұзақ кезең.

Оның сыртқы ж\е ішкі протомбиназаның пайда болуының механизмдері бар. Сыртқы кезеңде алдымен жарақаттанған қантамырының қабырғасы мен оның аймағындағы тіндерден бөлініп шыққан тіндік тромбопластин әрекет етеді. Мұндай белсенді тіндік тромбопластин мен VII,IV,V,X плазмалық фактордың қатысуымен тіндік тромбокиназа қалыптасады. Ұзақтығы 5-10сек.

Протомбиназаның ішкі механизмі 5-10мин созылады. Ол жарақаттанған қан тамыры эндотелийінің астындағы коллоген тінінің ХІІ фактормен түйісуімен басталады. ХІІ фактор кинин , каллекреиннің қатысуымен ХІ фактор белсенеді. Жарылған эрит-р мен тромб-рден бөлініп шыққан фосфолипидтердің қатысуымен ХІІ және ХІ факторлардан жанасу комплексі пайда болуымен аяқталады. Кальций ионы 3-тромбоциттік фактор мен ІХ, VIІІ факторлар бір бірімен әрекеттесіп, кальций комплексін құрады. Кальций комплексі Х факторды күшейтеді. Нәтижесінде қан тромбиназасы пайда болады.

  1. Тромбин түзілуі. Протомбиназаның бетіне адсорбцияланған протромбин V, Х, кальций ионының қатысуымен тромбинге айналады. тромбин қан ұйытатын ең маңызды фермент.

  2. Фибриногеннің фибринге айналуы. Тромбин әсерімен фибриногеннен фибринмономер түзіледі. Одан әрі кальций ионының қатысуымен полимерленеді. Фибринмономер еритін фибрин полимерге, ал еритін фибрин полимер ХІІІ фактордың және қан жасушалары мен фибриназа ферменттінің қатысуымен ерімейтін фибринге айналады. Ерімейтін фибриннен қан тромбасы пайда болады да, ұюы аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]