Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_1199_rdeli_de_1187_gey_zhauaptar.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
967.19 Кб
Скачать

Эндокриндік жүйе

  1. Гипоталамус пен гипофиздің эффекторлық гормондарына сипаттама беріңіз (АДГ, окситоцин, МЫГ, өсу гормоны, пролактин).

Антидиуретикалық гормон (АДГ, вазопрессин) гипоталамустың супраоптикалық,ал окситацин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі.Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп,несеп көлемін(диурезді)азайтады,сондықтан да оны антиурездік гормон дейді.

Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады,жатырдың жиырылуы,әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді,оның шығуын үдетеді.

Пролактин гормоны ацидофилді жасушаларда түзіледі, емшекте сүт түзілуін, оның сыртқа шығарылуын үдетеді. Пролактиннің қызметі күшейсе , эстроген мен прогестерон гормондар әсері керісінше тежеледі. Босанған әйелде прогестерон әдетегіден аз, ал рлактин керісінше көбірек болады, емшектен сүт көбірек шығады, сүт сапасы, майлылығы, дәмі артады.

Меланотропин(МСГ),яғни интермедин гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі пигменттік жасушаларда бояушы түйіршіктерін көбейтіп,жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді.

Соматотропин денеде биосинтезді күшейтеді, органикалық, минералдық алмасуға әсер етеді; амин қышқылдардың қаннан жасушаларға өтуін, сіңуін тездетеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теңдігін өзгертіп, тұздардың сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. СТГ аз түзілетін болса, адамның бойы өспей қалады. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250см-ге, ал самағы 150кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алыптық дейді. Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлінісі акромегалия дертіне әкеп соғады.

  1. Гипофиздің троптық гормондарына сипаттама беріңіз (ТТГ, АКТГ, ФЫГ, ЛГ).

Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, самағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, артқы бөліктерден тұрады : аденогипофиз, нейрогипофиз. Гипофизде соматотроптық, тиреотроптық, адренокортикотроптық, гонадотроптық, фоллитропин, лютеиндейтін, пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі. ТТГ, АКТГ, ФСГ және ЛГ гипофиздің базофильді жасушаларынан түзіледі. Аденокортикотропин (АКТГ) бүйрек үсті бездің қыртысты қабатындағы жасушаларын өсіріп, кортикостероид гормондардың, әсіресе гликокортикоидтардың түзіліп, сыртқа шығуын үдетеді. Тиреотропин (ТТГ) қалқанша безінің тінін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін күшейтеді. ТТГ гормоны шектен тыс көп бқлінсе гипофиздік гипертиреозға әкеліп соғады. Гонадотропин(ФСГ, ЛГ) екі түрлі гормоннан т\ды: 1) лютропин (ЛГ) - аналық ж\е аталық безде тестостерон , прогестерон гормондарының түзіліп, бөлінуін күшейтеді. Әйелде аналық жасушаның пісіп-жетілуімен безді жарып шығуын тездетеді. Оның орнында пайда болған сары дененің қызметін жақсартып, қалыптасуын қатамасыз етеді. Фолитропин н\се фолликул стимулдаушы гормон(ФСГ) аналық безі фолликуласын ұлғайтфп, онда гормондар түзіуін үдетеді, қанда эстрогендерді көбейтеді ж\е сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін жеделдетеді.

  1. Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының гормондарына сипаттама беріңіз (альдостерон, коризол).

Бүйрекүсті безі (glandula sup-rarenalis, лат. glandula — без, supra — үсті және ren — бүйрек) — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан жұп ішкі секреция (эндокринді) безі. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты , будалы және торлы аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері — минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар — глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері — андроген гормондарын бөледі. Минералокортикоид гормондары — альдостерондар организмдегі су және түз алмасуын, ал глюкокортикоид гормондары — кортикостерон, кортизон, гидрокортизон көмірсу, протеин және липид алмасуын реттеуге қатысады. Андроген гормоны — аталық жыныс гормоны тестостеронға ұқсас

  1. Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гормондарына сипаттама беріңіз (катехоламиндер).

Бүйрек үсті безі саны екеу, салмақтары 6-12 гр. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Бүйрек үсті безінің милы қабатында катехоламиндер - адреналин мен норадреналин түзіледі.

Катехоламиндердің ағзаға әсері жан жақты:

  1. Жүрек-қантамырлар ж\не әсері:

А) жүрек жұмысын күшейтіп, соғу ырғағын тездетеді;

Ә) Қан тамырларды тарылтады;

Б) жүрек қызметі мен қан тамырлардың кернеуін өзгерту арқылы адреналин қан қысымына ісер етеді.

2) ішектің бірыңғай салалы еттерінің тонусын төмендетіп, қозғалысын тежейді.

3) бронхының бірыңғай салалы еттерін босаңсытады.

4) көздің қарашығын үлкейтеді

5) жүкті әйел жатырының бірыңғай салалы еттерінің жиырылуына әсер етеді.

6) тері түктерінің қапшықтарының еттерін жиырады, сондықтан адамның эмоция кезінде «төбе шашы тік тұрады»

7) көмірсу алмасуына әсер етеді

8) бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемия мен глюкозурияны туғызады.

9) Липолизді күшейтіп липогенезді басады, май тотығуын күшейтеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]