Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_1199_rdeli_de_1187_gey_zhauaptar.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
967.19 Кб
Скачать

Ас қорыту жүйесі

  1. Асқазан секрециясының кезеңдерін сипаттаңыз және әр кезеңдегі секрецияның механизмдерін түсіндіріңіз. Асқазан сөл бөлінісінің кезеңінің барлығын 3 фазаға бөлеміз. Қорек қабылдағаннан кейінгі 1- ші уақытта жұтқыншақпен ауыз қуысы қабылдағыштарын тітіркенуге жауап,сонымен бірге көз,құлақ және мұрын қабылдағыштарын коздыратын түрдегі қорек иісі мен оны қабылдаумен байланысты дауысына да натижесінде оған келетін жүйке серпінісі асқазан сөлденісін қоздырады. Жүйке серпіністері жіберілетін механизм рөлін атқарады.Сөлбөлініс коректік әрекеттерге негізделіп,біріншілік-күрделі рефлекторлық-асқазан сөлденісі фазасын құрайды.Асқазан сөлімен қорытылган корек жайлап ішекке туседі.Аш ішектің асқазан безін коздырып кейбір заттар канга сіңіріледі.Оларды гуморальді әсермен асқазан сөлденісінің-ішектік –үшінші фазасымен отеді.1-ші фазада баска фазаларды изолирлеп,асказан фистуласымен итке эзофаготомирленген тәжирибеде,итті коректендіру кезінде корек оңештен тусіп,асказанга туспейді дегенмен осындай коректкендіруден 5-10 минуттан кейін асқазан сол болінуін бастайды.2 асқазан және 3 ші ішектік фазада-8-10 минут аралығанды коректендіру жалган асказан безі жұмысын 2 сагатка коздырады,калыпты жагдайда асқазандық сөл бөліну 6-8 не одан узак уакытка жалгасады.Асқазанга корек тусу кзінде асқазан безі сөлінің коздыру механикалық және химиялық тітіркендіру сиякты шакырылып, ал ішекке түсу кезінде-бұл соңғысы болады.

  1. Панкреас секрециясының кезеңдерін сипаттаңыз және әр кезеңдегі секрецияның механизмдерін түсіндіріңіз.

Аш қарында ұйқы безі 12 елі ішеке аздап сөл шығарып тұрады, ал тамақ ішкен соң 2- 3 мин-тан соң мол етіп шырыш шығара бастайды. Тағам құрамына қарай сөл шығару 6-14 сағатқа созылады. Бұл үрдіс 2 кезеңге бөлінеді

  1. Рефлекс арқылы - сөл шығару кезеңі шарты және шартсыз рефлекспен реттеледі. алдымен ұйқы безі, тамақ ауызға келіп түскенше сөл шығара бастайды, осыған орай рефл доға ми қыртысы арқалы өтеді. Одан әрі сөл шығару үрдісі дәм тартқан кезде, яғни тамақ ауызға түскенен кейін үдей түседі. Бұл - шартсыз рефлекс. жүйке серпіні дәм қабылдағыштарына жүйке арқылы сопақша мидағы сөл шығару орталығына жетеді де кезеген және симпатикалық жүйке талшықтары арқылы ұ.б - нің сөл шығару қабілетін күшейтеді.

  2. Қан арқылы - түрлі химиялық заттармен. Мысалы, гармондармен ұ.б-не әсер ете отырып оның сөл шығару қабілетін күшейтуге болады.

  1. Ішек сөлінің құрамы мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз. Ішек секрециясын реттеуді қандай механизмдер қамтамасыз етеді?

Ішек солі шырышты эпителилік жасушасының қосылуынан пайда болған бұлдырланган түссіз сұйықтық. Реакциясы сілтілі,кұрамында натрий хлориді,коміркышкылы тұздары бар.Ішек солінде трипсогенндік әсер етіп,оны трипсинге айналдыратын энтерокиназдан баска, әсер етуші асказан мен 12 елі ішекте түзілетін майлармен нәруыз корыту өнімдеріне әсер ететін ферменттер бар.Соңғылары пептидаза мен аминқышқылдарға ыдырайды. Ішек шырынының фермент бөлуі басқа ас қорыту бездерінің ферменттерінен ерекшеленеді. Сілекейлік , асқазандық , асқазан асты бездерінің бөлуші жасушалары асқорыту сөлін бөліп, өзінің бүтіндігін сақтайды. Керісінше ішек сөлі фермент бөлгенде жасушалар өледі. Ішектің шырышты қабатында эпителий қабатының үздіксіз жаңаруы жүреді.

  1. Ас қорыту жолдарында қоректік заттардың белсенді және толық сіңірілуін қандай факторлар қамтамасыз етеді? Түрлі қөректік заттардың сіңірілуінің негізгі механизмін түсіндіріңіз.

Сіңірілу жай жүреді. Асқазанда сіңірілу аз мөлшерде ғана болады. Өйткені минер.тұздар, моносахаридтер, алкагол, су жай сіңіріледі. 12 елі ішекте де заттар аз сіңіріледі. Аш ішекте көптеген қалталы қабаттар есебінен ас қорыту жылдамырақ. Әртүрлі заттар эпителий мембрана аркылы канга,лимфага туседі.Сіңірілу үдерісінде сүзудің,диффузиялық және осмостық қысымның маңызды орны бар.Аш ішекте сіңірілу жагдайында маңызды рөлді фильтрлеу,диффузиялық сіңірілу атқарады. Тоқ ішекте үздіксіз суды сіңіру жүріп жатады. Осыған байланысты тоқ ішекте патология болатын болса, сұйық іш өтіп, ағзадағы көп су жоғалтуға алып келеді. Нәруыздардың сіңірілуі - аш ішекте сіңірілу өнімінің сонгы онімдерінің-аминқышқылдарының сінірілуі жүреді. Аминқышқылдарының сіңірілу шапшаңдығы олардың формасына , түріне, өзара қарым-қатынасына, адамның жасына (жас адамда әлдеқайда шапшаң), қандағы ақ-ның аз-көптігіне, белок алмасу үрдісінің әлсіз-күштілігіне байланысты. Қанға сіңген аминқыш-ы қақпа венасы арқылы бауырға барады. Мұнда олардан қан белоктары, бауыр жасу-ның белоктары, қан ұюға қатысатын протомбин, фибриноген, проконцелерин, түзіледі. Басы артық АҚ одан әрі қанға өтеді. Көмірсулардың сіңірілуі-канда , аш ішекте басты улгіде фруктоза мен галактоза түрінде сіңіріледі,глюкозы сіңірілуі баяу жүреді. Көмірсулардың сіңуіне көптеген факторлар әсер етеді. Олардың сіңуі кейбір АҚ-а, АТФ-тің мөлшеріне, тотығу үрдісінің әлсіз-күштілігіне , ішектегі моносахарид мөлшеріне ж\е т.б. қоректік заттардың гидролиздік өнімдеріне байланысты.Майлар сіңірілуі- май ішекте өт әсерімен ұсақ тамшы бөлшектерге бөлінеді де, одан әрі липазаның қатысуымен глицерин май қыш-на ыдырайды.осы өнімдер түрінде майдың 40%-і , үшглицерид түрінде 10%-і денеге сіңеді. Су ішек куысына корекпен және аскорыту солімен туседі.Осы жерле 1 л сілекей 1,5-2 л асказан солі,0,75-1 л өт,0,1 асказан асты солі 1л ішек солі барлыгы 5-6 л туседі.Ішектен бар болганы шамамен 150 мл су нәжіспен шыгарылады.калган молшері ск кан агысымен сіңіріледі.Суда хлоридтер және фосфаттар турінде кальций,калий,натриий туздарынның еруі аш ішекте сіңіріледі.Сонымен кандагы кальций курамының томендеуі кезінде оның сіңірілуі калыптыга караганда жогары жүреді.

Зәр-жыныс жүйесі

  1. Шумақтық фильтрат құрамының қаннан қандай айырмашылығы бар және неліктен? Шумақтық фильтрацияның механизмін түсіндіріңіз.

Тиімді фильтрациялық қысым деген не? Қандай формула бойынша оны есептеуге болады?

Несеп алдымен шумақтық сүзгіден өтеді. Яғни қан –бүйрек (геморенальдық) тосқауылы (барьер) арқылы қан шумлянский боумен капсуласына сүзіледі. Мальпигий шумағынан қан плазмасының еріген басқа да заттары қан қысым әсерінен капсуланың ішіне өтеді. Геморенальды тосқауылға байланысты эндотелий тесікшелерінен базальдық мембранамен капсуланың ішкі қабырғасынан үлкен молекулалы заттар өтеді. Шумақтық сүзгіден молекулалық салмағы 70 000 Д және одан да көп заттар - глобулин, фибриоген, гемоглобин өтпейді. Сондықтан шумақтық сүзінді құрамында белоктар өте аз болады. Шумлянский боумен капсуласынан алынған алғашқы немесе провизорлық несеп, құрамы жағынан ультрасүзінді қан плазмасымен бірдей оның құрамында қан жасушалары және үлкен молекулалы белоктар болмайды. Аздаған альбумин басқа заттардан қант, аминқышқылдар, тұздар болады. Олардың концентрациясы қан плазмасындағыдай. Алғашқы несеп көлемі өте көп, тәулігіне 150-180л.

Шумақтағы сүзілу деңгейі тәуелді факторлар:

1. капсуладағы

2. түтікшелердегі

3. бүйрек түбегідегі несептің гидростатикалық қысымы

Шумақтағы сүзілу деңгейі капсуладағы түтікшелер мен бүйрек түбегідегі несептің гидростатикалық қысымына байланысты. Сонымен, шуматық сүзілуді қамтамасыз ететін қысым, яғни сүзілу нәтижесі (СН) қан қысымына (ҚҚ) онкостық қысымға (ОҚ) және бүйрек ішіндегі қысымға (БҚ) байланысты. Оның соңғы екеуі ОҚ және БҚ бүйректе сүзілу дәрежесін төмендетеді.

СН=ҚҚ-(ОҚ+БҚ), яғни

СН =70-(30+10) = 30мм.сын.бағ.

  1. Түтікшелік реабсорбция деген не? Оның негізгі механизмдерін түсіндіріңіз.

Түтікшелерден қайта сіңіру көбінесе осмостық градиентт күшіне қайшы келетін негізінен белсенді үрдіс. Ол түтікшелерден жасуша аралық сұйықтыққа , қанға қысыммен тасылатын көптеген ферменттік жүйелердің қатысуымен іске асады оған жұмсалатын энергия ұшан-теңіз. Сол себептен бүйрек өз қызметіне қажет оттегін көптеп сіңіреді, бүйректегі қан айналымы басқа үшелерден жоғары. Кейбір заттардың градиент концентрациясына қарамастан түтікшелерде мүдірместен қайта сіңіру, олардың белсенді тасымалданатынын дәлелдейді. Алғашқы несеп құрамындағы, кейбір заттардың таңдамалы түрде қайта сіңуі де түікшелердегі реобсорбцияның белсенді үдеріс екенін көрсетеді. Бірқатар заттар (инсулин, сулфаттар) бүйректе мүлде қайта сіңбейді. Олар тіпті түтікше эпителийінде қосымша мөлшерде сыртқа шығады. Ал кейбір заттар мысалы мочевина аз мөлшерде ғана қайта сіңеді, сондықтан концентрациясы түтікшелерде су қайта сіңген сайын біртіндеп жоғарылайды. Қайтадан сіңетін глюкозаның , натрий хлор басқа да тұздардың сіңу дәрежесі олардың қандағы концентрациясына , табалдырығына байланысты. Қайтадан сіңетін заттар арасында төмегі табалдырығы жоқ заттар да бар. Олардың қатарына түтікшелерде қайта сіңбейтін және несеппен бірге түгелдей сыртқа шығаты заттар жатады. Олар инсулин, кератинин. Олардың қандағы концентрациясы өте жоғары болса да, түгелдей сыртқа шығады.

  1. Нефронның проксимальдық түтікшелеріндегі реабсорбцияға сипаттама беріңіз. Генле ілмегіндегі су мен иондар реабсорбциясы қандай ерекшелігімен орны алады? Қыртыстық-милық осмостық градиент деген не?

Қайта сіңу үрдіс бүйрек түтікшелерінің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты. Проксимальді иірім түтікшелер қабырғасы көмкерілген цилиндр тәрізді эпителийден т\ды. Түтікшенің сіңіру қабілеті өте жоғары. Генле ілмегі төмегі дистальді түтікшелер мен несеп жинаушы түтіктер бір-біріне параллель орналасқан. Бұлар бүйректің ішкі қабатына тереңдеп, милы қабатының емізікше бөліміне дейін енеді. Мұндағы интерсцтициальды сұйықтықтың да осмостық қысымы өте жоғары. Жоғары иірім түтікшелерінде қайта сіңу қарқыны өте күшті. Нефроннның бұл бөлігінде шумақта сүзіндінің 85% қайта сіңеді. Яғни 1 тәул ішінде түзілген 150-180л алғашқы несептің 125-145 литрі қайта сіңеді. Ал 15% одан әрі жылжиды. Натрий иондары түтікше сұйығына эпителий арқылы тасылады. Бұл үдеріске сукцинатдегидрогеназа ерекше ферменті қатысады. Аталған фермент нефрон түт-нің жоғарғы бөлігінде , генле ілмегінің бұрылымында көптеп кездеседі. Нефронның бөлігінде қайта сіңу салыстырмалы тұрақты. Ол гомеостазға байланысты емес. Сондықтан жоғарғы еабсорбция облигаттық (міндетті) реабсорбция д.а. Нефронның төменгі бөліміндегі жоғарғы және төмен жүретін тура түтікшелерде, генле ілмегінде ,иірім түтікшелердің төменгі бөлігінде несеп жинайтын түтіктерде реабсорбция тұрақсыз деңгейі өзгеріп отырады. Оның мөлшері су мен тұздар алмасуына байланысты, сондықтан бұл бөлімдегі қажетті реабсорбция деп а-ды. Судың бұл реабсорбциясы денеде су көбейгенде төмендейді, несеп сұйылады, оның көлемі көбейеді, ал денеде дегидротация- сусыздану үдерісі басталса, керісінше несеп қоюланады. Оның көлемі азаяды. Яғни бүйректің несепті концентрациялау қабілеті айқын белгілі болады.

  1. Нефрондағы зәрдің концентрациялану механизмін түсіндіріңіз. Қандай жағдайларда ол бұзылады және ол бұзылыс неге әкеледі?

Бүйректің несепті концентрациялау қабілетіне осмостық концентрациялануы нефронның төменгі бөлімінің факультативтік реабсорбциясы байланысты. Несептің осмостық концентрациялануы бүйректің ішкі ми қабатында орналасқан жинаушы түтіктерінде концентрацияланады. Генле ілмегінде орналасқан несеп концентрациялау тетіктері айналдыра кері ағызу жүйесі деп аталады. Генле ілмегі мен өрлеу иіні және несеп жинаушы түтіктер бір-біріне параллель жақын орналасқан, өзара байланысып, несеп концентрациялайтын тұтас бір тетігі ретінде қызмет атқарады. Генле ілмегінің өрлеу және төмендеу иіндерінен несеп қарама –қарсы бағытта ағады. Оларда несеп кері қайтады. Генле ілмегінің төмендеу бөлігіндегі эпителий ерекшелігі тек суды ғана өткізіп, натрийді жібермейді., өйткені мұнда ион тасушы ферменттер болмайды. Ал өрлеу иінінің эпителийі натрий иондарын қайта сіңіреді . Генле ілмегінің өрлеу және төмендеу иіндерінің эпителий өткізгіштігінің ерекшеліктеріне байланысты байланысты, яғни төмендеу иінінде судың қайта сіңуі күшейеді де, натрийдің сіңуі тоқталғандықтан несеп бірте бірте қоюланып, концентрацияланады . судың интертицияға өтуінен , осмос қысымының өте жоғары болуынан несептің ең көп осмостық концентрациясы өрлеу -төмендеу иінінде бұрылатын жерінде байқалады, яғни генле ілмегінің ең жоғарғы аймағында несептің осмостық концентрациясы өте көп 290-310моль\л болса, төмендеу иінінің бұрылатын жерінде осмостық қысым 2000моль\л көтеріледі. Бұл өте жоғары гипертоникалық несеп . кейін өалған гипроникалық несеп ілмешектің өрлеу бөліміне түседі де , одан әрі бірте бірте натрийдің концентрациясы төмендейді. Өйткені бұл бөлім эпителийі натрий ионын белсенді түрде қайта сіңіреді. Сондықтан несеп қайтадан изотоникалық н\се гипотоникалық болады. Оның мөлшері едәуір кемиді. Сосын ол одан әрі дистанттық иірім түтігі – несеп жинайтын түтікке түседі. Ондағы су минерал гомеостаз қажеттігіне қарай қайта сіңіп, несеп қайта концентрацияланады. Яғни соңғы несеп пайда болады. Соңғы несеп мөлшері тәулігіне 1,5-2,0 л.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]