Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-59_BILET.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
553.38 Кб
Скачать

2) Ультракүлгін сіңіргішті газталдағыштар

Ультракүлгін сіңірілудің газталдағыштары

Бұл аспаптардың әрекеті сынаптың, хлopдың, күкіртсутектің, азот оксидінің және бірқатар басқа заттардың буларының спектрдің (л<0,4 мкм) ультракүлгін бөлігінде жұтуға сипатты сызықтарының болуына негізделген. Заттың концентрациясы ультракүлгін сәуленің жұтылу шамасы бойынша анықталады.

Мысалы, сынап буының мөлшерін анықтау үшін ультракүлгін сәулелену көзі ретінде жиілігі 30 МГц генератордан қоректенетін сынапты шамдар пайдаланылады. Бұл кезде 90 % аса шамның сәулесі, сынаптың жұту максимумына сәйкес келетін, 2537 А толқын ұзындығына келеді.

Ультракүлгін жұтудың екі каналды газталдағышының сұлбасы 45 суретте келтірілген. Жоғары жиілікті генератордан 11 қоректенетін сынапты шамның 1 сәулеленуі салыстырмалы және жұмысшы оптикалық каналдарға түседі. Жұмысшы каналда сәулелену жарықсүзгіш 3, линза 4, жұмысшы камера 5 арқылы өтеді және фотоэлементке түседі.

44 Сурет. Оптика – акустикалық газталдағыштың принципиалды сұлбасы.

Жұмысшы камераға талданатын газ қоспасы үздіксіз беріліп отырады. Жоғарғы оптикалық каналда, линзадан 4, жарық сүзгіштен 3 және салыстырмалы фотоэлементтен 6 өзге, жұмысшы камера 5 арқылы бақыланатын газ қоспасы өту кезінде шкаланың нөлін кезеңді орнықтыру үшін қызмет ететін жартылай мөлдір пластина 2 орнадластырылған. Фотоэлементтер 6 және 7 қоректену блогімен 10 көпірлі сұлбаға ендірілген. Көпірдің өлшенетін диагоналына электронды күшейткіш 8 қосылған. Талданатын газ қоспасындағы сынап буының пайда болуы кезінде жұмысшы өлшеуші каналда ультракүлгін сәуленің бір бөлігі жұтылады, ол магнилі фотоэлементпен 7 тіркеледі, соның салдарынан көпірдің тепе-теңдігі бұзылады. Баланстанбаған өлшеуші диагоналда пайда болатын сигнал электронды күшейткіш арқылы реверсивті қозғалтқышқа әсер етеді (РҚ) 9, ол жаңа тепе-теңдік түсу кезеңіне дейін реохордты Rр ығыстырады. Сонымен бірмезгілде реохордтың қозғалтқышымен аспап шкаласы бойлығымен көрсеткіш жылжиды. Аспаптың сезімталдығы 0,001 мг/м3 құрайды, жылдам әрекеттенуі 10 секунд. Өлшеу диапазоны 0-0,3 және 0-2 % құрайды. Негізгі қателік 5 % тең.

45 Сурет. Ультракүлгін сіңіргіш газталдағыш сұлбасы.

3) Электромашиналық күшейткіштердің әрекет принципі.

Электронды күшейткіштер.

Электронды күшейткіштер кернеудің амплитудасын, ток күшін немесе электрлік ауытқуларқуатын ұлғайтуға арналған. Электронды күшейткіш қоректену көзінің энергиясын сәйкес жиіліктің, нысанның, қуаттың және т. б. электрлік тербелісіне түрлендіреді. Бұл түрлену, күшейтілетін электрсигналымен басқарылатын электрондық шамдар немесе транзисторлар көмегімен жүзеге асады.

Күшейткіш үшін шығыс сигналының кіріс сигналына сызықтық тәуелділігі қажет: бұл сигналдардың қатынастары электронды күшейткіштің күшейту қасиеттерін сипаттайды. Шығыс шамасы ретінде ненің қабылданатынына байланысты кернеу, ток және қуат бойынша күшейту коэффициенттеріне бөледі.

Күшейткіш шамның ең қарапайым типі – ол триод. Егер шамның анодтық тізбегіне резисторды Ra (6 сурет, а) қосса, онда өтетін ток Iа кернеу тудырады Ua = IaRa.

Сеткаға қандайда бір кернеуді берген кезде Uкір оның өзгеруіне сәйкес анодтық ток Iа және кернеу Ua өзгереді (6, б сурет). Касқадты күшейту коэффициенті

k = Uвыx /Uвx = м Ra/(Ra + Ri) (8)

мұндағы м=S Ri – шамды күшейту коэффициенті;

Ri – шамның ішкі кедергісі;

S – шам сипаттамасының құлама тіктігі.

Ra арттыра отырып, күшейту коэффициентін жоғарылатуға болады.

а б

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]