Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-59_BILET.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
553.38 Кб
Скачать

58 Билет

1 Өлшеуге анықтама

Металлургиядағы технологиялық процестердің әртүрлі болуына қарамастан, олардың өтуі физикалық шамалардың салыстырмалы аз санымен анықталады: температураның, қысымның, процесте қатысатын заттардың құрамы мен шығынымен және басқада заттармен. Осы шамаларды бақылау үшін металлургиялық агрегаттарды бақылаушы-өлшеуші аспаптар жүйелерімен (КИП) жабдықтайды.

Өлшеу деп техникалық құралдар көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шамалар мәнін табуды атайды. Өлшеу процесі кезінде шаманы өлшеу бірлігімен салыстырады, ол өлшенетін шамамен тектес болуы керек.

Өлшеуіш аспаптар бақылаушы тікелей қабылдай алатын нысандағы өлшеуші ақпарат сигналдарын шығарады. Аспаптар (немесе өлшеуіш жүйелер) 17 суретте кескінделген кәдімгі типті құрылымдық сұлбаларда болады.

Сезгіш элемент 1 өлшенетін шаманың тікелей әсерінде болады. Түрлендіруші элемент 2 өлшенетін ақпарат сигналын қолдану үшін ыңғайлы нысанға түрлендіреді. Өлшеуші механизм 3 өлшеу процесін жүзеге асырады. 1-3 элементтері жалпы жағдайларда алғашқы өлшеуші түрлендіргішті (алғашқы аспап) I құрайды. Өлшеу нәтижесін беретін түрлендіргіш элементпен 4 түрлендіреді және байланыс желісі бойынша (б.ж.) екіншілікті аспапқа ІІ беріледі. Бұл аспаптың құрамына кіретіндер: аралық өлшеуші түрлендіргіш 5, өлшеуші механизм 6, есептеуші құрылғы 7, ол шкала мен сілтеуші көмегімен өлшенетін шаманың мәнін есептеуге арналған.

2КИП

Металлургиядағы технологиялық процестердің әртүрлі болуына қарамастан, олардың өтуі физикалық шамалардың салыстырмалы аз санымен анықталады: температураның, қысымның, процесте қатысатын заттардың құрамы мен шығынымен және басқада заттармен. Осы шамаларды бақылау үшін металлургиялық агрегаттарды бақылаушы-өлшеуші аспаптар жүйелерімен (КИП) жабдықтайды.

Өлшеу деп техникалық құралдар көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шамалар мәнін табуды атайды. Өлшеу процесі кезінде шаманы өлшеу бірлігімен салыстырады, ол өлшенетін шамамен тектес болуы керек.

Өлшеуіш аспаптар бақылаушы тікелей қабылдай алатын нысандағы өлшеуші ақпарат сигналдарын шығарады. Аспаптар (немесе өлшеуіш жүйелер) 17 суретте кескінделген кәдімгі типті құрылымдық сұлбаларда болады.

Сезгіш элемент 1 өлшенетін шаманың тікелей әсерінде болады. Түрлендіруші элемент 2 өлшенетін ақпарат сигналын қолдану үшін ыңғайлы нысанға түрлендіреді. Өлшеуші механизм 3 өлшеу процесін жүзеге асырады.

3 Реттегіш

Объектіні басқаруға берілетін міндеттің орындалуын қамтамасыз ететін барлық техникалық құралдардың жиынтығы басқарушы құрылғы деп аталады. Басқару процесін зерттеу кезінде басқарушы құрылғы мен басқару объектісінің біріккен жұмысын қарастыруға тура келеді, өйткені олар өзара байланысты және белгілі бір түрде бір-біріне әсер етеді. Басқару объектісі басқарушы құрылғымен қосыла отырып басқару жүйесін құрайды. Егер жүйелер элементтерінің жоғарыда аталған функциялары адамның тікелей қатысуынсыз орындалатын болса, онда басқару жүйесі автоматты деп аталады. Егер автоматты басқарудың қарапайым түрі қарастырылған жағдайда, яғни берілген деңгейде объектінің шығыс шамасының кейбір мәндерін ұстау қажет болғанда, басқарушы құрылғы автоматты реттегіш деп аталады. Реттелетін объект пен автоматты реттегіштен тұратын басқару жүйесі реттеудің автоматты жүйесі (РАЖ) атауға ие. Техниканың дамуы нәтижесінде басқарудың өте күрделі жүйелері жасалынды, олар технологиялық процестердің әртүрлі комплексті басқару міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді — АСУТП (ТПБАЖ), оның ішінде алынатын өнімнің сапасы, оның құны және агрегаттар өнімділігі бойынша белгілі бір техникалық – экономикалық көрсеткіштерді орындайтын көп объектілерді бірмезгілде басқаруды қамтамасыздандырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]