Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-59_BILET.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
553.38 Кб
Скачать

7 Сурет. Дроссель сұлбасы (а) және оның сипаттамалары (б).

8 Сурет. Екі дроссельді және кері байланысы бар магниттік күшейткіштің сұлбасы

Жоғарыда қарастырылған екі дроссельден құрастырылған сұлбалардың бірі 8 суретте кескінделген. Магниттену орамасы Wу ауыспалы ағындар Ф1 және Ф2 бір-біріне қарама-қарсы ағатын және өзара жойылатын ортадағы өзекте орындалған.Конструкцияның қарапайымдылығы мен сенімділігі, әлсіз тұрақты ток кезінде үлкен шамадағы ауыспалы токті басқару мүмкіншілігі, автоматикадағы қанығу дросселдері деп аталатын, сипатталған дросселдердің кеңінен қолданылуын қамтамасыз етті.Қанығу дросселінің ауыспалы ток орамасымен жүктемелік кедергінің Rж бірізді қосылуы кезінде қуаттың күшейу эффектісі қамтамасыз етіледі. Күштегі ауыспалы токтің қуатының өзгеруі ДРж, магниттену орамасындағы тұрақты токтың басқару қуатының өзгерісіне ДРУ қарағанда біраз жоғары болады, яғни мұндай сұлба жай магниттік күшейткішті көрсетеді.U~ = const кезіндегі жүктемедегі токтің I~ басқару тогіне Iб тәуелділігі басқарудың симметриялық қисығымен көрсетіледі (8, б сурет). Магниттік күшейткіштердің күшейту коэффициентін арттыру үшін көбінесе оң кері байланыс енгізіледі (8 в сурет) және кері байланысты магнитті күшейткішті басқару сипаттамасы симметриясыз болады (8 г сурет).

2 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ

Металлургиялық процестер, автоматты басқарудың объектілері болып табылатын, сәйкес агрегаттарда өтетін химиялық және физикалық құбылыстардың күрделі кешенін көрсетеді. Металлургия процестерді басқару үшін өндірістің бастапқы шарттары (шикізаттың параметрлері, отын, агрегаттың күйі және т.б.), процестің күйі және оның ақырғы нәтижелері туралы деректерді білу қажет. Бұл деректер (мәліметтер) берілген процесс туралы ақпаратты сипаттайды.Технологиялық процестерді басқару үшін ақпаратты алу және оны қолдану, автоматты реттегіштер, микропроцессорлар, есептеуші машиналар және атқарушы құрылғылар сияқты бақылау құралдарын сатып алу және пайдалану шығындарымен байланысты. Біз қаншалықты көп факторларды өлшесек, тұрақтандырсақ, үйлестірсек, соншалықты басқарушы есептегіш кешен қымбат болады, демек оның өтелу мерзімі азаяды. Зерттеулердің көрсетуінше, басқару жүйелерінің тиімділігі және оларды алуға, құрастыруға және қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар экспоненциалдық тәуелділікпен байланысты:

Э = Эmax(1-В0 е-К/К0 ) (1)

мұндағы Э- берілген БАЖ енгізу тиімділігі; Эmax – объектінің толық автоматтандырылуы мен ақпараттың толық көлеміне сәйкес максимал тиімділік; К – берілген жүйенің құны; Ко – автоматтандыру бойынша жұмыс басталғанға дейінгі басқару жүйесінің құны; Во – объектінің бастапқы күйін сипаттайтын коэффициен

3 Электромашиналық күшейткіштер.

Электромашиналық күшейткіштер (ЭМК) кіретін сигналды үлкен қуаттағы тұрақты токка түрлендіру қажет болған жағдайларда қолданылады. Әншейінде мұндай күшейткіштер, жылдамдығы бірқалыпты реттелуді қажет ететін тұрақты токтың атқарушы электрқозғалтқыштарын қоректендіру үшін қолданылады.

9 Сурет. Электромашиналық күшейткіш сұлбасы.

Қарапайым электромашиналық күшейткіштермен қатар көлденең қималы өрісті жетілдірілген күшейткіштерде қолданылады (9 сурет). Мұндай күшейткіштің якоры, қарапайым күшейткіштегі бір жұп щеткалардың орнына, бір – біріне перпендикуляр орналасқан щеткалардың екі жұбына ие болады. Статорда бір немесе бірнеше басқару Wб орамалары орналасады, қарымталауыш орама Wқ, магниттену орамасы Wм және қосылатын полюстер обмоткасы. Егер басқару ормасына кернеумен туатын Uкір токті Iб берсек, онда күшейткіштің бойлық осі бойынша ағын Фу пайда болады. Осы ағынның әсерінен якордың көлденең тізбегінде E1 көлденең тізбек э.қ.к. түсіріледі. Щ1 және Щ2 щеткалардың көлденең жұбы магниттену орамасының аз кернеуінде тұйықталған, сондықтан тіпті аз э. қ. к. E1 көлденең тізбекте шамасы бойынша мәні үлкен ток тудырады 11. Бұл ток, якорь бойында ағып өте отырып, көлденең магниттік ағынды Ф1 тудырады, осының нәтижесінде якордың бойлық тізбегіне э. қ. к. түседі Е2, ол көлденең тізбек щеткаларынан Щ3 және Щ4 жүктемеге Rж түсіріледі.Күшейу эффектісі оны тудыратын бастапқы көлденең ағынға ФУ қарағанда көлденең ағынның Ф1 жоғары болуымен байланысты. Көлденең тізбектің щеткаларына жүктеме қосылған кезде, якорь өткізгіштері бойынша жүктеме тогі 1ж өтеді. Кернеу Uшығ э. қ. к.Е2 айырмашылықты болады, оның шамасы 1жRi яғни Uшығ = Е2 — IжRi мұндағы Ri — ЭМК ішкі кернеуі. Жүктеме токтан туатын якорь реакциясының ағыны Ф2, оның әрекетін қарымталай отырып, басқару ағынына Фб қарсы әрекет етеді. Сондықтан көлденең өрісті барлық ЭМК, басқарушы орамадан өзге, қарымталаушы орма Wқ, қарастырылған, ол жуан сымнан жасалады және оның ағыны Фқ ағынның Ф2 әрекетін қарымталай алатындай етіп тізбекке қосылады. Фқ ағынының бағыты Фб ағынының бағытымен дәл келеді.Көлденең өрісті ЭМК екі каскадтан тұратын сияқты: біріншісінде басқарудың әлсіз ағынынан көлденең тізбектің күштірек ағынына өту жүреді, ал екіншісінде – көлденең ағын шығатын кернеуге және токқа түрленеді. Сондықтан ЭМК күшейту коэффициенті бірнеше мыңдар қатарына жетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]