Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-59_BILET.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
553.38 Кб
Скачать

2 Термоэлектрлік термометрлер.

Термоэлектрлік термометр деп қорғаушы арматурамен қамтамасыздандырылған терможұп аталады.

Екі термоэлектродтан тұратын терможұптың кәдімгі термоэлектрлік тізбегі.Әртекті термоэлектродтан Х және У тұратын, тұйықталған электр тізбегі (21 сурет) терможұпты түзейді, оның t температуралы қосылығы ыстық немесе жұмысшы деп, ал t0 температуралы қосылығы суық немесе еркін деп аталады. Терможұптың әрекеттену принципі Томсон мен Зеебек эффектілеріне негізделген және электрондық өткізгіштігі бар өткізгіш өзінің ұзындығы бойынша қызғанда, оның қызған шетінде еркін электрондар концентрациясының жоғарылауымен және оның суық шетіне диффундирленуімен қорытындыланады. Бұл кезде ыстық шеті оң зарядталады, ал суық шеті теріс. Егер тұйықталған тізбек екі әртүрлі өткізгіштерден Х және У тұрса, онда Томсон т.э.д.с. мұндай тізбекте әрбір өткізгіште пайда болатын т.э.д.с. айырымына тең және t0 мен t қосылықтарының температурасына тәуелді болады. Зеебек эффектісі, ол жерде концентрациясы үлкен болатын, потенциалдардың жанасу айырымдары пайда болатын әртүрлі өткізгіштердің Х және У қосылықтарында байқалады.Томсон мен Зеебек эффектілеріне негізделген, жалпы т.э.д.с., t0 және t температураларының функциясы болып табылады және Х пен У өткізгіштіктерінің физикалық табиғатына тәуелді. Ол терможұптың контурын айналып өту кезінде сағат тіліне қарсы келесідей жазыла алады

Еху(t0 t) = еху(t) + еух(t0) (28)

мұндағы Еху(t0 t) – терможұптың жалпы т.э.д.с.; еху(t) және еух(t0) – Томсон мен Зеебек эффектілерінен шығатын т.э.д.с.

3Киип сезімталдығы

Металлургиядағы технологиялық процестердің әртүрлі болуына қарамастан, олардың өтуі физикалық шамалардың салыстырмалы аз санымен анықталады: температураның, қысымның, процесте қатысатын заттардың құрамы мен шығынымен және басқада заттармен. Осы шамаларды бақылау үшін металлургиялық агрегаттарды бақылаушы-өлшеуші аспаптар жүйелемен (КИП) жабдықтайды.Өлшеу деп техникалық құралдар көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шамалар мәнін табуды атайды. Өлшеу процесі кезінде шаманы өлшеу бірлігімен салыстырады, ол өлшенетін шамамен тектес болуы керек. Өлшеуіш аспаптар бақылаушы тікелей қабылдай алатын нысандағы өлшеуші ақпарат сигналдарын шығарады. Аспаптар (немесе өлшеуіш жүйелер) 17 суретте кескінделген кәдімгі типті құрылымдық сұлбаларда болады.

С езгіш элемент 1 өлшенетін шаманың тікелей әсерінде болады. Түрлендіруші элемент 2 өлшенетін ақпарат сигналын қолдану үшін ыңғайлы нысанға түрлендіреді. Өлшеуші механизм 3 өлшеу процесін жүзеге асырады. 1-3 элементтері жалпы жағдайларда алғашқы өлшеуші түрлендіргішті (алғашқы аспап) I құрайды. Өлшеу нәтижесін беретін түрлендіргіш элементпен 4 түрлендіреді және байланыс желісі бойынша (б.ж.) екіншілікті аспапқа ІІ беріледі. Бұл аспаптың құрамына кіретіндер: аралық өлшеуші түрлендіргіш 5, өлшеуші механизм 6, есептеуші құрылғы 7, ол шкала мен сілтеуші көмегімен өлшенетін шаманың мәнін есептеуге арналған.Егер өлшенетін ақпарат бақаланатын бірнеше нүктесінде немесе басқару жүйелерінде қолданылатын болса, онда екіншілікті аспап бір немесе бірнеше беретін түрлендіргіштерден 8 тұра алады. Бірнеше беретін түрлендіргіштер алғашқы аспапта бола алады. Есептеуші құрылғы түріне тәуелді аспаптар көрсететін және тіркейтін болып бөлінеді. Тіркейтінге жататындар – көрсеткіштерді диаграмма түрінде жазатын өздігінен жазушылар; басушылар, көрсеткіштерді сандық нысанда басады, және интегралдаушы, келтірілетін шама уақыт немесе басқа тәуелсіз ауыспалы бойынша интегралданады.Көрсететін аспапта есептеуші құрылғы қозғалмайтын шкаладан және соның бойлығымен жылжитын тілді нұсқаушыдан тұрады. Қозғалыстағы, әншейінде айналатын шкалалы және қозғалыссыз нұсқамалы аспаптар сирек қолданылады.Шкаланың бастапқы Абас. және ақырғы Аақыр. мәндері – белгіні ескерумен осы шкала бойынша анықталатын, өлшенетін шамалардың ең үлкен және ең кіші мәніне сәйкес белгілер. Абас. – Аақыр айырмасын көрсету диапазоны деп атайды. Екі көрші белгінің арасындағы қашықтық шкаланың бөлшектігі болады, ал шкаланың екі көрші белгісіне сәйкес шаманың мәндерінің айырмасы – шкаланың бөлшегінің бағасы.Тағайындалуы бойынша Бақылаушы Өлшеу Аспаптары техникалық (жұмысшы), зертханалық, бақылаушы, үлгілі және эталонды болып бөлінеді.

52-БИЛЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]