Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-59_BILET.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
553.38 Кб
Скачать

1 Қысымды өлшеуге арналған сұйықтық аспаптар.

Бұл аспаптарда өлшенетін қысым немесе сиреу жұмысшы сұйық бағанасының гидростатикалық қысымымен теңестіріледі, жұмысшы сұйық ретінде спирт, трансформаторлық май, су және кейде сынап қолданылады. Сұйықтық аспаптардың қателіктері төмен, сондықтан оларды бақылаушы және үлгілі аспаптар ретінде қолданады.Қарапайым сұйықтық аспап U-тәріздес манометр (25 а сурет) болады. Оң және сол жақтарындағы қысымның қатынасына тәуелді сұйықтың деңгейі өзгереді. Осы деңгейлердің айырмасы қысымның өлшенетін құламасын көрсетеді. Өлшенетін қысым Р қабылданған бірліктерде келесі теңдеумен анықталады

Р = Ро – Рс = Н (с –сс)g (43)

мұндағы Ро және Рс —оң және сол жағындағы қысымдар, Па; Н — сұйық бағанасының биіктігі, м; с және сс — жұмысшы сұйық пен оның үстіндегі ортаның тығыздығы, кг/м3; g — еркін түсу үдеуі, м/с2.

Егер с > сс, онда теңдеу (43) жеңілдейді:

Р = Н с g (44)Бұл манометрлермен қысымды өлшеудегі ең үлкен абсолюттік қателік биіктіктің Н 2 мм-нен аспайды. Мұндай манометрлердің өлшеуінің жоғарғы шегі 100, 160, 250, 400, 600 және 1000 мм құрайды. Демек, келтірілген қателік 2-ден 0,2 % дейінгі шекте жатады. Бір құбыршалы тостағанды манометрде (25 б сурет) бір иығы үлкен қималы s ыдыспен алмастырылған. Өлшенетін қысым Р бұл жағдайда келесі қатынаспен анықталады:

Р = Н1сg (1+ f/s) (45)

мұндағы Н1 = Н — Н2 –шкаланың нөлдік белгісінен сұйық бағанасының биіктігі (Н2 — манометр тостағанындағы сұйық деңгейінің ығысуы), м; f — көрсететін құбыршаның қимасы, м2.Әншейінде, f/s қатынасы 0,01 төмен, сондықтан есептеуді байқалмайтын қателіксіз бір деңгеймен Н1 жүргізуге болады.

25 Сурет. Құбыршалы сұйықтық манометрлер сұлбасы

Аз қысымдарды өлшеу үшін сиреуге (600—2400 Па шамасындағы) ММН-240 типті еңкіш құбыршалы тостағанды микроманометрлер қолданылады (25 в сурет). d/D = 1/20 немесе f/s =1/400 болған кезде өлшенетін қысым тең:

Р = lgp sin a . (46)

мұндағы l — еңкіш құбырша бойынша есептеу; а — құбырша еңкіштігінің бұрышы; d – құбырша диаметрі; D — тостаған диаметрі. Теңдеуден (37) табамыз:

l = P/gp sin a (47)Бұрыштың а және сұйық тығыздығының с төменгі кезінде шкала ұзарады, ол есептеудің үлкен дәлдігін қамтамасыз етеді. Дегенмен құбыршаның еңкіштік бұрышын кеміту кезінде аспаппен өлшенетін шекті қысымда төмендейді. Тостаған спиртпен толтырылады, өйткені ол шыныны аз дымқылдатады және аспап шкаласының бөліну бағасының мәні суға қарағанда жоғары болады. Еңкіш құбыршалы манометрлерде а бұрышын жеңіл өзгертуге болады, ол өлшеу шегін кеңейтеді. Өлшеу қателігі 0,6—1,0 % құрайды.Қоңыраулы дифференциалдық манометр серіппеге 3 ілінген қоңыраудан 1 (26 сурет) тұрады.

26 сурет. Қоңыраулы дифференциалдық манометр.Р2 қысымы қоңырау астына беріледі, Р1 қысымы — қоңырау үстіндегі ыдысқа, жәнеде Р2 > Р1. Бастапқы жағдайда (Р2 = Р1) серіппе 3 қоңырау массасы мен қоңырау қабырғасындағы сұйықтың 5 (трансформатор майы) гидростатикалық қысымы арасындағы айырманы теңестіреді. Қысым айырмасының пайда болуы кезінде Р2 - Р1 > 0 қоңырау көтеріле бастайды және сұйық һ биіктігіне жылжиды. Бұл кезде серіппе сығылады. Жүйе тепе-теңдік күйіне келеді, онда

Р2 — Р1= сgh (48)

немесе у = А (Р2 — Р1) (49)

А = рd2/4 с g (d + д)д (50)

мұндағы у — қоңыраудың орын ауыстыруы, м; с — жұмысшы сұйық тығыздығы, кг/м3; d — қоңыраудың ішкі диаметрі, м; д — қоңырау қабырғасының қалыңдығы, м.ДКО типті манометрлерде қоңырауға, қашықтыққа көрсеткішті беретін дифференциалды-трансформаторлық жүйенің катушкасы ішінде қозғалатын жүрекше 4 бекітілген. Осы жүйенің көмегімен, өлшенетін қысым құламасына пропорционал сигнал, КСД типті екінші аспапқа беріледі. Жүрекшені бейтарап жағдайға орнықтыру үшін шиыршықты корректор 2 қарастырылған.Дифференциалдық манометр жоғары сезімталдықты және өлшеу шектері 40-тан 1000 Па дейін. Негізгі қателігі 1,5—2,0 % құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]