Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-59_BILET.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
553.38 Кб
Скачать

10 Сурет. Модуляторлардың сұлбасы мен сипаттамалары

Әрекеттену принциптері бойынша модуляторларды электрлік және электромеханикалық деп екіге бөлуге болады. Электрлік модуляторларда тасушы жиілік кернеуінің модуляциясы сызықсыз басқарылатын электрлік элементтерге модулдеуші кернеудің әсер етуі жолымен жүзеге асырылады. Мұндай модуляторлар электрондық шамдарда, транзисторларда немесе ма­гниттік күшейткіштерде тұрғызуға болады. Осы модуляторлардың артықшылығы төменгі инерциялылығы, бұл жоғары тасушы жиіліктерді қолдануға мүмкіндік береді.

44 Билет

1.Оптикалық пирометрлерінің әрекеттену принциптері

Оптикалық және фотоэлектрлік пирометрлердің әрекеттену принципі қыздырылған дененің монохроматикалық сәулеленуінің қарқындылығы мен қыздыру шамының эталонды пирометриялық сәулеленуін салыстыруға негізделген.

ОППИР-017 және «Проминь» типті оптикалық пирометрлерде қарқындылықты салыстыру бақылаушы көзімен жүргізіледі, ал ФЭП типті фотоэлектрлік пирометрлерде фотоэлементтер көмегімен жүргізіледі.

Жарықтық температураны анықтау кезінде монохроматикалық сәулеленуді алу үшін, Планк пен Виннің заңдарына сәйкес өткізудің жіңішке спектралдық жолағы бар шынылы жарықсүзгіштер қолданылады. Оған қолданылатын шыны қалыңдығы 2 мм КС-15 типті қызыл шыны болады. Бұл жарықсүзгіш толқын ұзындығы 0,63-0,68 мкм сәулені өткізеді.

ОППИР-017 типті оптикалық пирометрдің принципиалды сұлбасы 3 суретте келтірілген. Ол объективтен 1, окулярдан 4, қызыл жарықсүзгіштен 5, пирометрлік шамнан 3, көргіш құбыршадан 2, реостаттан 6, жарықсүзгішті қараңғылатқыштан 7, өлшеуіш аспаптан 8 (милливольтметрден) және ток көзінен 9 тұрады.

Объектив пен окуляр көмегімен объект фонындағы шоқтану жібінің айқын көрінісін алады. Содан соң, пиромеирлік шамдағы ток күшін өзгерте отырып, объекттің сәулелену қарқындылығымен шоқтану жібінің сәйкес келуін жүзеге асырады, объект фонынан жіп «жоғалған» сияқты. Бұл кезде қызыл жарықсүзгіш міндетті түрде көзге түсетіндей болуы керек. Температураны өлшеу градусталған милливольтметр шкаласы бойынша жүргізіледі.

Пирометр ОППИР-017 модификациясына байланысты өлшенетін температуралардың үш диапазонында болады: 800—2000°С келесі диапазондарға бөлінген 800—1400, 1200—2000°С; 1200—3200°С келесі диапазондарға бөлінген 1200—2000, 1800—3200 °С; 1500—6000 °С келесі диапазондарға бөлінген 1500—2500 және 2200—6000 °С.

22 сурет. Оптикалық пирометр ОППИР-017 сұлбасы.

Абсолютті қара дененің температурасын өлшеу кезіндегі негізгі ұйғарынды қателік 1,5% жуық болады. Кіші диапазоннан үлкеніне өту көзге көрінер жерге қараңғылағыш жарықсүзгішті енгізу жолымен жүзеге асады, ол сәулелену энергиясының бір бөлігін жұтады және шоқтану шамының вольфрамды жібінің 1400°С жоғары, қатты қызуын болдырмайды, бұл температурада оның сипаттамаларының өзгеруі жүреді. Температуралардың 1800°С жоғары болған кездегі өлшеуі кезінде қараңғылағыш жарықсүзгіштің орынына объективке үлкен тығыздықты жұтатын сүзгішті арнайы құрылғы қолданылады. ОППИР-017 кернеуі 2-2,6 В тұрақты токтен қоректенеді.

2.КИП құрылымдық сұлбасын түсіндіріңіз. Металлургиядағы технологиялық процестердің әртүрлі болуына қарамастан, олардың өтуі физикалық шамалардың салыстырмалы аз санымен анықталады: температураның, қысымның, процесте қатысатын заттардың құрамы мен шығынымен және басқада заттармен. Осы шамаларды бақылау үшін металлургиялық агрегаттарды бақылаушы-өлшеуші аспаптар жүйелерімен (КИП) жабдықтайды.

Өлшеуіш аспаптар бақылаушы тікелей қабылдай алатын нысандағы өлшеуші ақпарат сигналдарын шығарады. Аспаптар (немесе өлшеуіш жүйелер) 17 суретте кескінделген кәдімгі типті құрылымдық сұлбаларда болады.

I II

л.с.

л.с.

1

2

3

4

5

6

7

8

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]