Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-59_BILET.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
553.38 Кб
Скачать

1) Көрсеткіш шынылар мен қалытқылы деңгей өлшеуіштер

Көрсеткіш шыны мен қалытқылы деңгей өлшегіштер.

Өндірістік агрегаттардағы материалдар деңгейін бақылау және автоматты реттеу технологиялық процестердегі материал ағымдарын басқаруға және өнімдердің саны мен шығынын есептеуге мүмкіндік береді.

Сұйықтар деңгейін өлшеуге арналған ең қарапайым аспап – ол көрсеткішті шыны мен қалытқылы деңгей өлшеуіш. Көрсетуші шыны байланыстырылған ыдыстар принципінде жұмыс істейді. Көрсетуші шыныдағы сұйық деңгейінің жағдайы бойынша оның өлшеу объектісіндегі деңгейінің өзгеруі анықталады. Көрсетуші шыны 3 МПа дейінгі қысымға және 300 °С дейінгі температураға есептелінген.

Қалытқылы деңгей өлшеуіштер сұйық деңгейін өлшеуге қолданылады. Сезімтал элемент ретінде, деңгейдің өзгерісімен бірге тік бойлықта қозғалатын қалытқы қызмет атқарады. Оның тартқыштар немесе арқандар жүйесі көмегімен орын ауыстыруы деңгейді өлшеу мен жазу үшін қосалқы аспапқа беріледі. 33 суретте тұйықталған ыдыстағы қысымды сұйықтың деңгейін өлшеуге арналған қалытқылы деңгей өлшеуіштің сұлбасы көрсетілген. Қалытқы 3 өлшеу объектісімен 1 байланысқан қосалқы ыдыста 2 сұйық бетінде жүзеді. Құбырша 7 көмегімен қалытқы шыны ыдыспен 4 байланысқан, онда аунақша 6 арқылы тасталған арқанға бекітілген көрсеткіш 5 қозғалады. Көрсеткішті шыны құбырша газбен толтырылған. Шыны құбыршада белгіленген шкаладағы көрсеткіш жағдайы бойынша сұйық деңгейін анықтайды.

33 Сурет. Тұйықталған ыдыстар үшін қалытқылы деңгей өлшеуіш.

34 суретте УБ-П типті буйкалы пневматикалық деңгей өлшеуіштің сұлбасы келтірілген, ол 0,02—0,1 МПа стандартты пневматикалық сигналдан жұмыс істейтін екіншілікті аспаптармен кешенді қолданылады. Сезімтал элементі болып буйка табылады — ол ауыспалы бататын цилиндрлік қалытқы. Буйканың бастапқы массасы жүкпен 2 теңестіріледі. Деңгей өлшеуіштің әрекеттену принципі пневматикалық күштік компенсацияға негізделген. Сұйық деңгейінің өзгерісі буйкамен пропорционал күшке түрленеді, ол кері байланыс сильфонындағы 3 қуаттың пневмокүшімен ауаның шығатын қысымының күшімен автоматты түрде теңеседі. Пневмокүшті түрлендіргішке өлшеуші блок әсер ететін күш, берілісті механизмнің 4 рычагты жүйесінің қозғалысын тудыратын кезең тудырады. Сопло — ысырма жүйесі кері байланыс сильфонына пневмокүшейткіштен түсетін қысымды басқарады. УБ-П сериялы аспаптар деңгейді өлшеудің 0,02 ден 16 м дейінгі жоғарғы шектерінде, 1,0 және 1,5 дәлдік класты шығарылады. Пневмотрасса бойынша шығатын сигналдың берілуінің шекті қашықтығы 300 м тең.

34 Сурет. Уб-п типті буйкалы деңгей өлшеуіштің сұлбасы.

2) Ионизациялық манометрлер.

Ионизациялық манометрлер

Бұл аспаптар 133,3х10 -4 дан 133,3х10 -10 Па дейінгі вакуумды өлшеуге арналған. Мұндай манометрлердің әрекеті газ молекуласының қыздырылған катодтан немесе а-бөлшек сәулеленуінен шығарылатын электрондар ағынымен иондалуына негізделген. Ионизациялаушы манометр, қыздырылған катодты, өзінің құрылымы бойынша тура қыздырылатын үшэлектродты шамға ұқсас. Шыны немесе металдық баллонда вольфрам жібі (катод), тор және анод (коллектор) болады. Катодтан ұшып шығатын электрондар өзінің жолында, газ қысымына тәуелді, көп немесе аз молекулалар санын иондайды. Иондар коллекторға түседі және анодты ток пен газ қысымының шамасына пропорционал ток Ik тудырады:

Ik = kIaP (56)

мұндағы Iа — анодтық ток, А; Р—газ қысымы, Па; k — түрлендіргіштің геометриялық мөлшері мен газ құрамына тәуелді пропорционалдық коэффициенті.

Өлшеу жүргізу кезінде эмиссия тогі тұрақты болуы қажет. Иондық токты анықтай отырып, вакуумдық жүйедегі газ қысымын анықтауға болады. Сиреудің жоғары дәрежесі кезінде (10-8 Па дейін) иондық ток, мысалы ВИ типті иондаушы вакуумметрдің, өте төмен (2х10-7—2х10-3 А) және тікелей өлшене алмайды. Сондықтан токты өлшеудің жанама әдісі қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]