Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-59_BILET.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
553.38 Кб
Скачать

БИЛЕТ 31

1)Басқару жүйесін енгізу тиімділігі қалай есептеледі?

Технологиялық процестерді басқару үшін ақпаратты алу және оны қолдану, автоматты реттегіштер, микропроцессорлар, есептеуші машиналар және атқарушы құрылғылар сияқты бақылау құралдарын сатып алу және пайдалану шығындарымен байланысты. Біз қаншалықты көп факторларды өлшесек, тұрақтандырсақ, үйлестірсек, соншалықты басқарушы есептегіш кешен қымбат болады, демек оның өтелу мерзімі азаяды. Зерттеулердің көрсетуінше, басқару жүйелерінің тиімділігі және оларды алуға, құрастыруға және қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар экспоненциалдық тәуелділікпен байланысты:

Э = Эmax(1-В0 е-К/К0 ) (1)

мұндағы Э- берілген БАЖ енгізу тиімділігі; Эmax – объектінің толық автоматтандырылуы мен ақпараттың толық көлеміне сәйкес максимал тиімділік; К – берілген жүйенің құны; Ко – автоматтандыру бойынша жұмыс басталғанға дейінгі басқару жүйесінің құны; Во – объектінің бастапқы күйін сипаттайтын коэффициент.

Осы өрнекті (1) талдау келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

  1. Автоматты бақылау мен басқару жүйесі экономикалық тұрғыдан негізделген және автоматтандырудың рационалды деңгейі анықталған болуы қажет. Қара металлургиядағы технологиялық процестерді автоматтандырудың рационалдық деңгейі басқарудың экономикалық және әлеуметтік аспектілерін ескеруі керек.

2. Басқарудың математикалық модельдері мен алгоритмдері экономикалық тұрғыда негізделген болуы қажет. Көптеген жағдайларда, басқару объектісі жұмысының өзгермелі жағдайларына бейімделетін (адаптивті жүйелер), процестерін моделі мен басқару жүйелерінің болуы мен қолданылуы жеткілікті.

3. Басқару жүйелерін құруды сатылы жүргізу тиімді, яғни сатылы жүйелерді жасау. Бұл кезде, төменгі деңгейлердің автономды жұмыс істеу мүмкіндігіне байланысты, басқарудың сенімділігі мен тиімділігі жоғарылайды. Автоматтандыруды қолданудың ең жоғары тиімділігі өндірістің барлық бөлімшелеріне енгізумен және бастапқы сатыларында жүзеге асады.

2)Электромагнитті шығын өлшеуіштер.

Электромагниттік шығын өлшеуіштер.

Электромагниттік (индукциялық) шығын өлшеуіштердің әрекеті электрөткізгіш сұйықта сыртқы магниттік өріспен ағында индукцияланатын және көлемдік шығынға пропорционал э.қ.к. өлшеуге негізделген. Бұл аспаптар агрессивті немесе ласталған электрөткізгіш сұйықтар мен пульпалардың, сонымен қатар сұйық металдар шығынын өлшеуге қолданылады. Сұйықтың өтімділігі 10 -5Ом -1 м-1 төмен болмауы қажет.

Электрмагнитті шығын өлшеуіштің сезімталды элементінің сұлбасы 38 а суретте келтірілген. Цилиндрлік немесе төртбұрышты қималы құбыр 1 оқшаулаушы материалдан жасалған және тұрақты магниттің 2 және3 полюстері арасында, магниттік өрістің күштік сызықтары бағытына перпендикуляр орналасқан. Құбырдың қабырғасына диаметралді, қарама-қарсы өлшеуші электродтар енгізілген, оған шығын бірлігі салынған шкалалы өлшеуші аспап қосылған. Индукциялаушы э.қ.к. пен шығын арасында сызықты тәуелділік алынады:

Е = Q 4B/πd (64)

Осы тәуелділік шынындада сызықты болуы үшін, каналдың барлық қимасы бойынша бірқалыпты магниттік өріс болуы және магниттік өріс осі бағытында өлшеуші электродтардың минимал мөлшерлері болуы қажет. Осы талаптар сақталған кезде сезімталды элементтің сипаттамасы сұйық ағынындағы жылдамдықтардың таралуына тәуелді болмайды, бұл индукциялық шығын өлшеуіштердің оң қасиеті болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]