- •1. Қайтармалы металдар мен қалдықтардың металлургиясы. Негізгі ұғымдар, түсті металдардың қалдықтарының пайда болу көздері.
- •2. Аккумулятор сынықтарының сипаттамасы мен заттық құрамы.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын ұсатуға және ұнтақтауға арналған жабдықтар.
- •2. Мыстың ұсақ шикізатын кесектеудің пирометаллургиялық әдістері.
- •3. Құрамында мырыш бар шлактарды фьюмингтеу
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын сорттаудың мақсаты, сорттаудың негізгі түрлері, сорттауға арналған жабдықтар.
- •2. Құрамында қорғасын бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі .
- •3. Үйінді шлактарды өңдеудің цементациялау әдістері.
- •1. Қайтармалы қорғасынды материалдарды агломерациялаудың мәні және ерекшеліктері.
- •1. Құрамында никель бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •2. Құрамында күміс бар аккумулятор сынықтары мен қалдықтардың басқа түрлерін лигатуралы қорытпаға балқыту.
- •3. Құрамында магний бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарының физикалық қасиеттері, химиялық құрамы, сапа көрсеткіштері бойынша жіктелуі.
- •1. Құрамында мырыш бар шлактарды вельцелеу әдісімен қайта өңдеу.
- •2. Құрамында алюминий бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •3. Магнийлі электролизердің пайдаланылған балқымасын өңдеу
- •1. Қайтармалы түсті металлургияның өнеркәсіптеріндегі жабдықтардың жіктелуі.
- •2. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Құрамында никель, мыс, кобальт бар қайтармалы және техногенді шикізаттан электролитті никельді өндіру.
- •2. Қара металлургияның құрамында мырыш бар шаңдары мен шламдарын қайта өңдеу.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатының сипаттамасы.
- •1. Мыс шликерлерін шахталы пештерде балқыту.
- •2. Құрамында асыл металдар бар қайтармалы және техногенді шикізатты өңдеу кезіндегі балқытудың түрлері.
- •3. Құрамында титан бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Қайтармалы және техногенді шикізаттан металдарды өндірудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •2. Химия өндірісінің шламдарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Мыстың қайтармалы және техногенді шикізатын шахталы пештерде өңдеу кезінде алынған қаралы мысты конвертерлеу.
- •1. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының алдын-ала өңдеуінде қолданылатын қосымша жабдықтардың сипаттамасы.
- •2. Мыстың сынықтары мен қалдықтарын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •3. Мырышты сұйық түріне айналдырып, шлактарды электртермиялық қайта өңдеу.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын пакеттеу мен брикеттеудің мақсаты және бұл операцияларды жүзеге асыратын жабдықтар.
- •2. Никельдің сынықтары мен қалдықтарын металлургиялық өңдеуге дайындау.
- •3. Газ ұстау жүйесіндегі шаңдардан және электрсүзгілердегі шламдардан ренийді бөліп алу.
2. Құрамында алюминий бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
Алюминий мен алюминий қорытпаларының сынықтары мен қалдықтары үш класқа бөлінген: металл сынықтары және кесекті қалдықтар (А класы), жоңқа (Б класы) және басқа да қалдықтар (Г класы). А класы өз кезегінде 10 топқа бөлінген, алюминий мен алюминий қорытпаларының жоңқасының топтар бойынша жіктелуі металл сынықтары мен кесекті қалдықтардың жіктелуіне ұқсас болып келеді. Алюминий мен алюминий қорытпаларының басқа қалдықтарын (металды тазарту кезінде пайда болатын қалдықтар, шлактар, шламдар) сорттарға тек металлургиялық шығуына байланысты бөледі. Сонымен қатар мұндай басқа қалдықтарға алюминий фольгасын, ұсақ жоңқаны және алюминийлі-зімпаралы шаңды жатқызады.
3. Магнийлі электролизердің пайдаланылған балқымасын өңдеу
Сусыздандырылған карналлитті электролиздеу кезінде орташа құрамы келесідей, %: 72-76 КС1; 14-16 NaCl; 4-6 MgCl2 пайдаланылған электролит қалады.
Бұл электролитті келесі мақсаттармен пайдалануға болады: 1) тауарлы өнім ретінде (дайын калийлі тыңайтқыш ретінде); 2) хлормагнийлі ерітіндіден жасанды карналлитті алуға қажетті компоненттерінің бірі ретінде; 3) магнийді тазарту кезінде қолданылатын флюсті алу үшін; 4) титанды хлорлауыштарда титанның шикізатын хлорлау кезінде; 5) К2СО3, Na2СО3 және жолай рубидий тұздарын алу үшін.
Пайдаланылған электролиттің анағұрлым мөлшері тауарлы калийлі тыңайтқыш ретінде өткізіледі. Техникалық шарттарға сәйкес мұндай өнімде 72 %-тен жоғары КСl болуы керек, сонымен қатар ұсатылған тыңайтқыштын 90 %-ті 1-3 мм фракциясынан тұруы қажет. Осындай калийлі тыңайтқышқа қойылатын талаптарды қамтамасыздандыру үшін пайдаланылған электролитті әртүрлі әдістермен өңдейді.
Өскеменнің титан-магний комбинатында магнийлі электролизердің пайдаланылған балқымасын пайдаға асыру үшін электролиттің сұйық балқымасын ішкі жағынан ағынды сумен суытылып тұратын айналмалы қуыс барабанды кристалдандырғыштың бетіне құяды. Бұның нәтижесінде балқыма қатып, барабанның бетінен кішкене жұқа пластинкалар түрінде түседі. Әрі қарай тасымалдау кезінде бұл пластинкалар одан әрі ұсатылады
№ 10
1. Қайтармалы түсті металлургияның өнеркәсіптеріндегі жабдықтардың жіктелуі.
Қайтармалы түсті металлургияның жабдықтары үш топқа бөлінеді: 1) түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының бастапқы өңдеуіне арналған негізгі жабдықтар; 2) түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының бастапқы өңдеуіне арналған қосымша жабдықтар; 3) металл сынықтары мен қалдықтарының металлургиялық өңдеуіне арналған жабдықтар.
Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының бастапқы өңдеуіне арналған негізгі жабдықтар алдыңғы дәрісте қарастырылған.
Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының бастапқы өңдеуіне арналған қосымша жабдықтардың қатарына, жұмыс істеу барысында материалдың сипаттамасын өзгертпейтін жабдықтар жатады. Мұндай жабдықтарға тасымалдаушы құралдар, жүк көтергіш машиналар, қоймадағы механизмдер және салмақ өлшегіш жабдықтар, өнімді сынамалайтын және бақылайтын құрылғылар жатады.
Шикізатты бастапқы өңдеу цехында түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын қозғалту және тасымалдау үздіксіз немесе мерзімді түрде қамтамасыз етілуі мүмкін.
Жүкті үздіксіз тасымалдайтын жабдықтарға конвейер мен элеваторлар, сондай-ақ науалар мен ағындар, қоректендіргіштер мен қақпалар жатады.
Жүкті мерзімді түрде тасымалдайтын жабдықтарға сандал және көпірлі крандар, көлік және темір жол машиналары, сондай-ақ авто- және электржүктегіштер (олар сонымен бірге көтергіш машиналар мен механизмдер тобына кіреді) жатады.
