- •1. Қайтармалы металдар мен қалдықтардың металлургиясы. Негізгі ұғымдар, түсті металдардың қалдықтарының пайда болу көздері.
- •2. Аккумулятор сынықтарының сипаттамасы мен заттық құрамы.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын ұсатуға және ұнтақтауға арналған жабдықтар.
- •2. Мыстың ұсақ шикізатын кесектеудің пирометаллургиялық әдістері.
- •3. Құрамында мырыш бар шлактарды фьюмингтеу
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын сорттаудың мақсаты, сорттаудың негізгі түрлері, сорттауға арналған жабдықтар.
- •2. Құрамында қорғасын бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі .
- •3. Үйінді шлактарды өңдеудің цементациялау әдістері.
- •1. Қайтармалы қорғасынды материалдарды агломерациялаудың мәні және ерекшеліктері.
- •1. Құрамында никель бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •2. Құрамында күміс бар аккумулятор сынықтары мен қалдықтардың басқа түрлерін лигатуралы қорытпаға балқыту.
- •3. Құрамында магний бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарының физикалық қасиеттері, химиялық құрамы, сапа көрсеткіштері бойынша жіктелуі.
- •1. Құрамында мырыш бар шлактарды вельцелеу әдісімен қайта өңдеу.
- •2. Құрамында алюминий бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •3. Магнийлі электролизердің пайдаланылған балқымасын өңдеу
- •1. Қайтармалы түсті металлургияның өнеркәсіптеріндегі жабдықтардың жіктелуі.
- •2. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Құрамында никель, мыс, кобальт бар қайтармалы және техногенді шикізаттан электролитті никельді өндіру.
- •2. Қара металлургияның құрамында мырыш бар шаңдары мен шламдарын қайта өңдеу.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатының сипаттамасы.
- •1. Мыс шликерлерін шахталы пештерде балқыту.
- •2. Құрамында асыл металдар бар қайтармалы және техногенді шикізатты өңдеу кезіндегі балқытудың түрлері.
- •3. Құрамында титан бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Қайтармалы және техногенді шикізаттан металдарды өндірудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •2. Химия өндірісінің шламдарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Мыстың қайтармалы және техногенді шикізатын шахталы пештерде өңдеу кезінде алынған қаралы мысты конвертерлеу.
- •1. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының алдын-ала өңдеуінде қолданылатын қосымша жабдықтардың сипаттамасы.
- •2. Мыстың сынықтары мен қалдықтарын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •3. Мырышты сұйық түріне айналдырып, шлактарды электртермиялық қайта өңдеу.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын пакеттеу мен брикеттеудің мақсаты және бұл операцияларды жүзеге асыратын жабдықтар.
- •2. Никельдің сынықтары мен қалдықтарын металлургиялық өңдеуге дайындау.
- •3. Газ ұстау жүйесіндегі шаңдардан және электрсүзгілердегі шламдардан ренийді бөліп алу.
3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
Осымен бірге, шикізатты химиялық ыдыратудың, алдын-ала жинақтап бөлудің, сондай-ақ тазалығы бойынша шарттарға сәйкес келетін өнімдерді (металдарды немесе олардың химиялық қосындыларын) алудың гидрометаллургиялық әдістері қолданылады.
Химиялық ыдыратудың бөлістерінде үштүрлі еріткіштер қолдануда: 1) материалда кездесетін компоненттердің негізгі бөлігін ерітіндіге өткізуін қамтамасыздандыратын кешенді еріткіштер (хлорлы, нитратты еріткіштер); 2) ерітіндіге асыл емес металдардың өткізілуін қамтамасыздандыратын таңдамалы еріткіштер (күкірт-қышқылды және тұз-қышқылды ерітінділер); 3) құрамындағы ілеспелі асыл емес компоненттеріне әсер етпей, асыл металдардың ерітіндіге өткізілуін қамтамасыздандыратын таңдамалы еріткіштер (сілтілі металдардың, тиосульфаттардың цианидті сулы ерітінділері, органикалық еріткіштер).
Ерітіндідегі асыл металдардың концентрациясын алдымен жоғарылату үшін және содан кейін олардан осы металдарды бөліп алу үшін келесі әдістер қолданылады: 1) бейорганикалық және органикалық реагенттердің көмегімен цементациялау немесе тотықсыздандыру; 2) электролиз көмегімен тотықсыздандыру; 3) қиын еритін тұздарды тұнбаға шөктіру; 4) сорбциялау немесе экстракциялау.
Тазалығы бойынша шарттарға сай келетін өнімдерді алу сатысында кеңінен қиын еритін тұздарды тұнбаға шөктіру және металдарды электролизбен бөліп алу әдістері қолданылады
№ 2
1. Металл сынықтары мен қалдықтарын ұсатуға және ұнтақтауға арналған жабдықтар.
Ұсату мен ұнтақтауға құйма металдың сынықтары мен қалдықтарын, жеңілсалмақты өлшемдері стандартқа сай келмейтін металл сынықтарын, кабель сынықтары мен тоқ өткізгіштерді, статор орамаларын, электрқозғалтқыштарды, қорғасынды аккумуляторларды, жоңқаны, пакеттелген түсті металдарды және т.б. ұшыратарды.
Ұсатылған өнімнің өлшемдеріне байланысты ұсатқыштарды келесідей ажыратады: ұсақ (3 мм-ге дейін) ұсақтайтын, орташа (25-30 мм) ұсақтайтын және ірі (250-300 мм) ұсақтайтын ұсатқыштар. Ұсатқыш аппараттары жалпы міндеттегі және арнайы болуы мүмкін. Бірінші топтағы аппараттарға копер қондырғылары, жақты, балғалы, роторлы ұсатқыштар жатады, ұнтақтау үшін роторлы ұнтақтағыштар мен диірмендер қолданылады.
Арнайы аппараттарға пакетжыртушы және банкажұлушы машиналар, жоңқа ұсатқыштары, сыдыру барабандары жатады
2. Мыстың ұсақ шикізатын кесектеудің пирометаллургиялық әдістері.
Құрамында мыс бар майда шикізатты шахталы балқытуға дайындау үшін агломерациялау және ыстықтай жентектеу операцияларын қоланылады.
Мысқұрамды қайтармалы және техногенді шикізатты агломерациялау кезінде шихтаның құрамына келесі материалдар кіреді, %: қоқыстар (қалыптаушы топырақтар, майда шлактар және т.с.с.) – 55-65, ірі шаң – 6-10, майда жоңқа – 5-10, айналмалы шлак – 7-10, айналмалы агломерат – 12-18, кокстың ұсағы – 2-4.
Дайын агломераттың құрамы мынадай болады, %: 20-35 Сu; 12- 20 Zn; 1,0-2,5 Pb; 0,2-1,5 Sn; 10-20 SiO2; 1-8 CaO; 4-10 Al2O3; 6-25 FeO.
Қоқыстарды, құю өндірісіндегі қалыптаушы топырақтар мен шлактарды, айналмалы шаңдарды және басқа да майда материалдарды кесектеу үшін ыстықтай жентектеу (түйіршіктеу) әдісін қолданылады. Бұл процестің технологиялық сұлбасына тесіктерінің өлшемі -5 мм елеуіштерде ірілігі бойынша сұрыптау операциясы кіреді. +5 мм фракциясы шахталы пешке бағытталады, -5 мм фракция айналмалы шаңмен (оның ірілігі 0,05-2,0 мм) және жарамсыз жентектермен араластырылып, түйіршіктелуге жіберіледі. Жентектеу шихтасына 10-12 %-ке дейін майда кокс, 15 %-ке дейін әктас енгізіп, айналмалы пешке жібереді. Мұндағы қажетті температуралық тәртіпті (750-900 ºС) отынның жану есебінен реттеп отырады.
Ыстықтай жентектеу кезінде жарамды өнімнің шығуы шихта массасынан 70 % құрайды. Құрамында, %: 10-15 Cu, 15-25 Zn, 1-2 Pb, 0,5 Sn, 5-8 Fe, 0,5-0,6 Sb, 0,5-0,6 As, 15-20 SiO2, 3-5 CaO, 3-5 С болатын жентектерді шахталы пештерде ттықсыздандырып балқытуға жібереді
