Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.21 Кб
Скачать

1. Құрамында никель бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.

Құрамында никель бар қайтармалы және техногенді шикізатты 3 класқа бөледі: А – кесекті металл сынықтары мен қалдықтары; Б – жоңқа және Г – басқа қалдықтары. А және Б кластарында бес топтар бар, металл мөлшеріне байланысты қалған қалдықтарды да сорттарға бөледі: 1-ші сорт – құрамындағы Ni, Cu және Cо мөлшері 20 %-тен жоғары пештен шыққан сынықтар, катод ілгектері, шлактар; 2-ші сорт – құрамындағы Ni мен Cо мөлшері 3 %-тен жоғары жоғарыда аталған қалдықтар; 3-ші сорт – бөлінбеген темірникельді аккумуляторлар.

Құрамында кобальт бар қайтармалы және техногенді шикізаты топтарға жіктелмей екі класқа бөлінеді: А және В –ұнтақтәрізді қалдықтар.

Никель өнеркәсібінің кәсіпорындарында өңделетін металлургиялық қайтармалы және техногенді шикізатты, оның құрамындағы түсті металдардың мөлшеріне байланысты никельді, мыс-никельді, мыс-никель-кобальтті, никель-кобальтті, кобальтті және болатты күрделі легірленген деп бөледі.

Құрамында никель бар қайтармалы және техногенді шикізаттың жалпы көлемінің негізгі үлесін түсті металдар мен қорытпалардың сынықтары мен қалдықтары алып отыр.

2. Құрамында күміс бар аккумулятор сынықтары мен қалдықтардың басқа түрлерін лигатуралы қорытпаға балқыту.

Лигатуралық қорытпаға әртүрлі күмісқұрамды шикізатты, сонымен қатар оны металлургиялық байыту кезінде түзілген аралық өнімдерді балқытады. Металды сынықтармен (қорытпалар, аккумуляторлар, дисперсті металдық материалдар) бірге металдың химиялық қосындыларын (галогенидтер,сульфидтер, роданидтер мен тотықтар) да өңдейді. Әдеттегідей шихтаның құрамына бір уақытта әртүрлі қатынастағы қалдықтардың бірнеше түрін енгізеді. Негізгі өндірістік жабдықтар болып, қуаттылығы 25-650 кВт шектерде өзгеретін электрдоғалы пештер табылады. Әртүрлі уақыттарда бұл мақсатпен индукциялы және тигелді электрпештер де қолданылатын. Ал доғалы пештерге келетін болсақ, олардағы балқытудың орташа ұзақтылығы 2-2,5 сағ болады және 1 т балқытып алынатын күміске шығындалатын электрэнергия шамамен 9000-9200 кВт∙сағ тең. Шлактағы күмістің мөлшері 1,5-1,6 % болса, шаңдар мен ұшырынды шаңдардағы оның мөлшері 4 %-ке дейін жетуі мүмкін

3. Құрамында магний бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.

Магний мен магний қорытпаларының сынықтары мен қалдықтары үш класқа бөлінеді: А, Б және Г.

А класы – металл сынықтары мен кесекті қалдықтар – 5 топқа бөлінеді: 1) магний және магнийлі-алюминийлі қорытпалар. Бұл топ екі сорттан тұрады, 1-ші сорттың ластануы – ≤2 %, 2-ші сорттікі – ≤15 %; 2) құрамында литий бар магний қорытпалары. 1-ші сорттың ластануы – ≤2 %, 2-ші сорттікі – ≤15 %; 3) 1 және 2 топтарға кірмеген магний мен оның қорытпалары. 1-ші сорттың ластануы – ≤2 %, 2-ші сорттікі – ≤15 %; 4) 1 және 3 топтарда көрсетілген, бірақ марка бойынша емес, топтар бойынша өткізілетін магний мен оның қорытпалары. 1-ші сорттың ластануы – ≤15 %, 2-ші сорттікі – ≤40 %; 5) құрамында магний мен оның қорытпаларының мөлшері 50 %-тен жоғары төменсапалы металл сынықтары мен кесекті қалдықтар.

Б класы – құрамындағы магний мен оның қорытпаларының мөлшері 50 %-тен жоғары брикеттелген жоңқа.

Г класы – қалдықтардың басқалары – құрамындағы магний мен оның қорытпаларының мөлшері 50 %-тен жоғары шлактар (кесектер түрінде).

8

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]