- •1. Қайтармалы металдар мен қалдықтардың металлургиясы. Негізгі ұғымдар, түсті металдардың қалдықтарының пайда болу көздері.
- •2. Аккумулятор сынықтарының сипаттамасы мен заттық құрамы.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын ұсатуға және ұнтақтауға арналған жабдықтар.
- •2. Мыстың ұсақ шикізатын кесектеудің пирометаллургиялық әдістері.
- •3. Құрамында мырыш бар шлактарды фьюмингтеу
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын сорттаудың мақсаты, сорттаудың негізгі түрлері, сорттауға арналған жабдықтар.
- •2. Құрамында қорғасын бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі .
- •3. Үйінді шлактарды өңдеудің цементациялау әдістері.
- •1. Қайтармалы қорғасынды материалдарды агломерациялаудың мәні және ерекшеліктері.
- •1. Құрамында никель бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •2. Құрамында күміс бар аккумулятор сынықтары мен қалдықтардың басқа түрлерін лигатуралы қорытпаға балқыту.
- •3. Құрамында магний бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарының физикалық қасиеттері, химиялық құрамы, сапа көрсеткіштері бойынша жіктелуі.
- •1. Құрамында мырыш бар шлактарды вельцелеу әдісімен қайта өңдеу.
- •2. Құрамында алюминий бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •3. Магнийлі электролизердің пайдаланылған балқымасын өңдеу
- •1. Қайтармалы түсті металлургияның өнеркәсіптеріндегі жабдықтардың жіктелуі.
- •2. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Құрамында никель, мыс, кобальт бар қайтармалы және техногенді шикізаттан электролитті никельді өндіру.
- •2. Қара металлургияның құрамында мырыш бар шаңдары мен шламдарын қайта өңдеу.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатының сипаттамасы.
- •1. Мыс шликерлерін шахталы пештерде балқыту.
- •2. Құрамында асыл металдар бар қайтармалы және техногенді шикізатты өңдеу кезіндегі балқытудың түрлері.
- •3. Құрамында титан бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Қайтармалы және техногенді шикізаттан металдарды өндірудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •2. Химия өндірісінің шламдарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Мыстың қайтармалы және техногенді шикізатын шахталы пештерде өңдеу кезінде алынған қаралы мысты конвертерлеу.
- •1. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының алдын-ала өңдеуінде қолданылатын қосымша жабдықтардың сипаттамасы.
- •2. Мыстың сынықтары мен қалдықтарын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •3. Мырышты сұйық түріне айналдырып, шлактарды электртермиялық қайта өңдеу.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын пакеттеу мен брикеттеудің мақсаты және бұл операцияларды жүзеге асыратын жабдықтар.
- •2. Никельдің сынықтары мен қалдықтарын металлургиялық өңдеуге дайындау.
- •3. Газ ұстау жүйесіндегі шаңдардан және электрсүзгілердегі шламдардан ренийді бөліп алу.
3. Құрамында мырыш бар шлактарды фьюмингтеу
Фьюмингтеу процесінің мәні келесіде: құрамында металл тотықтары бар балқытылған шлак ваннасына қысыммен көмір шаңын үрлейді. Берілетін ауаның мөлшері көмірдің толық жануына жеткіліксіз, сондықтан көміртегі СО қосылысқа дейін жанып, шлактағы металл тотықтарын тотықсыздандырады. Процестің температурасы 1200-1300 °С, көмір шаңының шығыны шлак салмағынан 17- 25 % құрайды.
Шлакты ваннаның үстіндегі металдар мен сульфидтер булары, сондай-ақ СО арнайы берілетін немесе табиғи сорылып тұратын ауаның есебінен тотығады. Мырыш және басқа металдардың түзілген тотықтары пештен газдар ағынымен шығарылып, шаңұстағыштарда ұсталынады.
Мыс пен асыл металдар штейнге өтіп, ол жеткілікті мөлшерде жиналғаннан кейін пештің алдынғы горнынан немесе электрлі жылынатын тұндырғыштан шығарылады. Үйінді шлакты түйіршіктеп, үйіндіге бағыттайды. Фьюмингтеу кезінде ұшырынды шаңдарға 98-99 Pb, 90 Zn және 80-85 Sn алынады, бірақ бұл процесс шлактан мыс пен басқа бір қатар құнды компоненттерді алуға мүмкіндік бермейді.
Көмір шаңы және мазутпен қатар шлактарды фьюмингтеу кезінде табиғи газды қолдануға болады. Сонымен қатар фьюмингтеу процесін үдету үшін оттегімен байытылған үрлеуді, қыздырылған үрлеуді, металды тотықсыздандырғыштарды қолдануға болады.
Қағида бойынша, фьюмингтеу құрылғыларда балқыту пештерінен тікелей келіп түсетін сұйық ыстық шлактарды өңдейді. Бұл ыстық шлакқа салыстырмалы аз мөлшерде суық шлак қосылуы мүмкін.
№3
1. Металл сынықтары мен қалдықтарын сорттаудың мақсаты, сорттаудың негізгі түрлері, сорттауға арналған жабдықтар.
Оның мақсаты – металл сынықтары мен қалдықтарын біртекті металдар мен қорытпаларға бөлу, сонымен қатар металл емес материалдар мен қара металдарды ажыратып алу. Сорттаудың негізгі түрлері: түрлік, механикалық, ауыр орталарда бөлу, металлургиялық сорттау.
Түрлік сорттау қайтармалы шикізатты сыртқы (түсі, қаттылығы, тығыздығы, магнитті қасиеттері және т.с.с.) және заттық (бұйымның аталуы) белгілері бойынша, маркалары бойынша, арнайы аспаптарды, талдаудың тамшы және спектрлі әдістерін қолданып көзбен шолу кезіндегі бөлінуінде негізделген.
Механикалық сорттауға шикізатты ірілік бойынша (елеуіштерде) бөлу және темір қоспаларынан ажыратып алу (электмагнитті сепарация арқылы) операциялары кіреді. Қорғасынды аккумуляторлардың сынықтарын және қайтармалы шикізаттың басқа түрлерін бөлу үшін ауыр орталарда бөлу қондырғыларын пайдаланылады.
Құрамында темір бөлшектері бар түсті металдардың төменгі сапалы шикізатының металлургиялық сорттауын балқығыш пештерде жүзеге асырады. Сорттаудың мына түрі түсті металдар мен болаттың балқу температураларының анағұрлым айырмашылығында негізделген.
Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының түрлік сорттауын сорттаушы үстелдерде, конвейерлерде және конвейерлі желілерде жүргізеді. Кесектер өлшемдері 250 мм-дан аспайтын шикізатты сорттау үшін механикаландырылған үстелді қолданылады. Шикізатты елеу операциясы құрғақ және сулы болуы мүмкін, соңғыны ылғал және ұсақ материалдарды бөліп алу үшін қолданған тиімді. Ол әрқашан құрғақ елеуден тиімді болады, егер елеуіш астындағы өнімнің өлшемі 5 мм-дан төмен болса. Жұмыс істеу принципі бойынша елеуіштерді қозғалмайтын колосникті, барабанды және тербелмелі деп ажыратады. Оларды таңдау кезінде өңделетін шикізаттың қасиеттерін және елеу кезінде алынатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарын ескереді.
