- •1. Қайтармалы металдар мен қалдықтардың металлургиясы. Негізгі ұғымдар, түсті металдардың қалдықтарының пайда болу көздері.
- •2. Аккумулятор сынықтарының сипаттамасы мен заттық құрамы.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын ұсатуға және ұнтақтауға арналған жабдықтар.
- •2. Мыстың ұсақ шикізатын кесектеудің пирометаллургиялық әдістері.
- •3. Құрамында мырыш бар шлактарды фьюмингтеу
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын сорттаудың мақсаты, сорттаудың негізгі түрлері, сорттауға арналған жабдықтар.
- •2. Құрамында қорғасын бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі .
- •3. Үйінді шлактарды өңдеудің цементациялау әдістері.
- •1. Қайтармалы қорғасынды материалдарды агломерациялаудың мәні және ерекшеліктері.
- •1. Құрамында никель бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •2. Құрамында күміс бар аккумулятор сынықтары мен қалдықтардың басқа түрлерін лигатуралы қорытпаға балқыту.
- •3. Құрамында магний бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарының физикалық қасиеттері, химиялық құрамы, сапа көрсеткіштері бойынша жіктелуі.
- •1. Құрамында мырыш бар шлактарды вельцелеу әдісімен қайта өңдеу.
- •2. Құрамында алюминий бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •3. Магнийлі электролизердің пайдаланылған балқымасын өңдеу
- •1. Қайтармалы түсті металлургияның өнеркәсіптеріндегі жабдықтардың жіктелуі.
- •2. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Құрамында никель, мыс, кобальт бар қайтармалы және техногенді шикізаттан электролитті никельді өндіру.
- •2. Қара металлургияның құрамында мырыш бар шаңдары мен шламдарын қайта өңдеу.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатының сипаттамасы.
- •1. Мыс шликерлерін шахталы пештерде балқыту.
- •2. Құрамында асыл металдар бар қайтармалы және техногенді шикізатты өңдеу кезіндегі балқытудың түрлері.
- •3. Құрамында титан бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Қайтармалы және техногенді шикізаттан металдарды өндірудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •2. Химия өндірісінің шламдарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Мыстың қайтармалы және техногенді шикізатын шахталы пештерде өңдеу кезінде алынған қаралы мысты конвертерлеу.
- •1. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының алдын-ала өңдеуінде қолданылатын қосымша жабдықтардың сипаттамасы.
- •2. Мыстың сынықтары мен қалдықтарын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •3. Мырышты сұйық түріне айналдырып, шлактарды электртермиялық қайта өңдеу.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын пакеттеу мен брикеттеудің мақсаты және бұл операцияларды жүзеге асыратын жабдықтар.
- •2. Никельдің сынықтары мен қалдықтарын металлургиялық өңдеуге дайындау.
- •3. Газ ұстау жүйесіндегі шаңдардан және электрсүзгілердегі шламдардан ренийді бөліп алу.
1. Металл сынықтары мен қалдықтарын пакеттеу мен брикеттеудің мақсаты және бұл операцияларды жүзеге асыратын жабдықтар.
Пакеттеу және брикеттеу. Пакеттеудің мақсаты – жеңіл салмақты тұтас емес металл сынықтары мен қалдықтарын нығыздап, белгілі бір салмақтағы, өлшемдердегі және тығыздықтағы пакеттерді алу. Тығыз материалды металлургиялық агрегаттарға тиеу ыңғайлы, оны балқыту кезінде тотығудан металдардың жоғалуы аз болады, шикізатты тасымалдауға шығындар азаяды. Пакеттеуге кесектерге бөлінген ірігабаритті металл сынықтарын, радиаторларды, кесінділерді, металл шыбықтары мен құбырлардың қалдықтарын, кабель сынықтарын, статор орамаларын, штамптау қалдықтарын, тұрмыстық металл сынықтарын және т.б. ұшыратады.
Алынатын пакеттердің тығыздығы пресс күшінің шамасына және престелетін материалдың қалыңдығына тәуелді. Мысалы, мыс үшін ол 2000-4500 кН болса, алюминий үшін бұл шама 1400-2000 кН болады.
Престеу күшіне байланысты гидравли-калық пакет-престерді келесідей бөлуге болады: престеу күші ≥2500 кН жететін төмен қуатты престер (Б-132, Б-1330, ПГ-150), 2500-5000 кН – орташа қуатты престер (Б-1334, ПГ-400, СРА-400) және престеу күші 5000 кН-нан жоғары жоғары қуатты престер (СРА-1000, СРА-1250).
Түсті металдардың жоңқаларын кейінгі металлургиялық өңдеуге дайындау үшін, оның сақталуын, тасымалдауын ыңғайлату мақсатымен, балқыту процесін үдету және металл жоғалуын азайту үшін брикеттеуді қолданған тиімді. Брикеттеу кезінде бастапқы шикізат 2000-2200 кг/м3 тығыздыққа дейін нығыздалады. Бұл операцияға ірілігі 100 мм-ден кем емес құрғақ ластанбаған жоңқаны ұшыратады. Жоңқаны брикеттеу үшін кеңінен гидравликалық престер (Б-654) және импульсті брикеттеу престері (МИБ-275А) қолданылады.
2. Никельдің сынықтары мен қалдықтарын металлургиялық өңдеуге дайындау.
Шикізатты өңдеуге дайындау. Никель сынықтары мен қалдықтарының алдын-ала өңдеуі сирек қолданылады, бұл шикізаттың металлургиялық өңдеуінің көрсеткіштеріне кері әсер етеді. Сонымен бірге металл сынықтары мен қалдықтарын балқытуға ең қарапайым әдістерімен алдын-ала дайындаудың өзінде осы металдың дайын өнімге шығарылуын жоғарылатады.
Никельдің ұсақ қайтармалы және техногенді шикізаты балқыту алдында кесектеледі, бұны брикеттеу немесе байланыстыратын заттарды қосып түйіршіктеу арқылы жүзеге асырады; алынған брикеттер мен түйіршіктерді кептіреді. Сонымен қатар никель-кобальтті ұсақ қалдықтарды ыстықтай кесектеу әдісі белгілі, бұл кезде шикізат компоненттерінің жартылай балқуы берік жентектер алуға мүмкіндік береді.
Никельдің тотыққан кендері мен ұсақ қайтармалы және техногенді шикізатын шахталы балқытуға дайындаудың кеңінен тараған әдісі – бұл агломерациялау, оның алдында тотыққан никель кенін ірілігі бойынша сорттап, ірі кесектерін балғалы ұсатқыштарда ұсатады. Осылайша дайындалған кенді барабанды араластырғыштарда құрамында никель бар қалдықтармен, майда кокспен және айналмалы агломератпен мұқият араластырады, қажетті болса, шихтаны ылғалдандырады. Никельдің кендері мен қалдықтарының агломерациялау процесін таспалы машиналарда жүргізеді.
3. Газ ұстау жүйесіндегі шаңдардан және электрсүзгілердегі шламдардан ренийді бөліп алу.
Рений өндірудегі қайтармалы және техногенді шикізаттар металлургиясы. Молибденитті және мыс концентраттарын өңдеу кезінде ренийді алудың негізгі шикізат көздері болып концентратты күйдіру кезінде пайда болатын шаңдар, сүлы шаңұстағыштардың қышқыл ерітінділері, молибденнің күйінділерін гидрометаллургиялық әдіспен өңдегеннен кейін қалатын өндірістен шығарылатын жарамсыз ерітінділер, электрсүзгіштердің шайынды күкірт қышқылы (0,1-0,5 г/дм3 Re) табылады.
Электрсүзгілердің шламдарынан және газ жүйесінің шаңдарынан ренийді бөліп алу. Газ жүйесінде және электрсүзгілердің шламдарында ұсталатын шаңның құрамында 0,4-1,5 % Re болады. Шаңның негізгі компоненттері – бұл молибденнің қосындылары (MoO3, MoS2). Әдеттегідей шаңда көп мөлшерде күкірт қышқылы бар, өйткені күйдіру газдарында SO3 газымен бірге судың булары болады.
ТМД елдерінің бір зауытында қолданылатын шаңды өңдеу технологиясы қ:с=1:(2,5-3) қатынаста және ерітіндіге майда ұсақталған MnO2 пиролюзитті енгізіп (ренийдің төменгі тотықтарын тотықтыру үшін), ыстық сумен екі қайтара шаймалаудан тұрады. Ерімеген қалдықты сүзгімен бөледі. Біріктірілген ерітінділер мен шайынды сулардың құрамы мынадай болады, г/дм3: 0,5-0,6 Re, 8-10 Mo, 20-30 H2SO4, сонымен қатар CuSO3 и Fe2(SO4)3.
Ерітіндіден молибденнің елеулі мөлшерін, сонымен қатар мыс пен темірді бөліп алу үшін ерітіндіні рН=11-12 дейін әк сүтімен бейтараптандырады және 60-70 ºС температураға дейін қыздырады. Ерітіндідегі кальцийдің молибдаты мен сульфаты, темір мен мыстың сулы тотықтары тұнбаға шөгеді. Жуылған тұнбамен ренийдің жоғалуы аз мөлшерде болады. Ерітінділерді тотбаспайтын құрылғыларда буландырып, ренийдің концентрациясын 15-20 г/дм3 мәнге жеткізеді.
