- •1. Қайтармалы металдар мен қалдықтардың металлургиясы. Негізгі ұғымдар, түсті металдардың қалдықтарының пайда болу көздері.
- •2. Аккумулятор сынықтарының сипаттамасы мен заттық құрамы.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын ұсатуға және ұнтақтауға арналған жабдықтар.
- •2. Мыстың ұсақ шикізатын кесектеудің пирометаллургиялық әдістері.
- •3. Құрамында мырыш бар шлактарды фьюмингтеу
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын сорттаудың мақсаты, сорттаудың негізгі түрлері, сорттауға арналған жабдықтар.
- •2. Құрамында қорғасын бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі .
- •3. Үйінді шлактарды өңдеудің цементациялау әдістері.
- •1. Қайтармалы қорғасынды материалдарды агломерациялаудың мәні және ерекшеліктері.
- •1. Құрамында никель бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •2. Құрамында күміс бар аккумулятор сынықтары мен қалдықтардың басқа түрлерін лигатуралы қорытпаға балқыту.
- •3. Құрамында магний бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарының физикалық қасиеттері, химиялық құрамы, сапа көрсеткіштері бойынша жіктелуі.
- •1. Құрамында мырыш бар шлактарды вельцелеу әдісімен қайта өңдеу.
- •2. Құрамында алюминий бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •3. Магнийлі электролизердің пайдаланылған балқымасын өңдеу
- •1. Қайтармалы түсті металлургияның өнеркәсіптеріндегі жабдықтардың жіктелуі.
- •2. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Құрамында никель, мыс, кобальт бар қайтармалы және техногенді шикізаттан электролитті никельді өндіру.
- •2. Қара металлургияның құрамында мырыш бар шаңдары мен шламдарын қайта өңдеу.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатының сипаттамасы.
- •1. Мыс шликерлерін шахталы пештерде балқыту.
- •2. Құрамында асыл металдар бар қайтармалы және техногенді шикізатты өңдеу кезіндегі балқытудың түрлері.
- •3. Құрамында титан бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Қайтармалы және техногенді шикізаттан металдарды өндірудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •2. Химия өндірісінің шламдарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Мыстың қайтармалы және техногенді шикізатын шахталы пештерде өңдеу кезінде алынған қаралы мысты конвертерлеу.
- •1. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының алдын-ала өңдеуінде қолданылатын қосымша жабдықтардың сипаттамасы.
- •2. Мыстың сынықтары мен қалдықтарын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •3. Мырышты сұйық түріне айналдырып, шлактарды электртермиялық қайта өңдеу.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын пакеттеу мен брикеттеудің мақсаты және бұл операцияларды жүзеге асыратын жабдықтар.
- •2. Никельдің сынықтары мен қалдықтарын металлургиялық өңдеуге дайындау.
- •3. Газ ұстау жүйесіндегі шаңдардан және электрсүзгілердегі шламдардан ренийді бөліп алу.
1. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының алдын-ала өңдеуінде қолданылатын қосымша жабдықтардың сипаттамасы.
Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының бастапқы өңдеуіне арналған қосымша жабдықтардың қатарына, жұмыс істеу барысында материалдың сипаттамасын өзгертпейтін жабдықтар жатады. Мұндай жабдықтарға тасымалдаушы құралдар, жүк көтергіш машиналар, қоймадағы механизмдер және салмақ өлшегіш жабдықтар, өнімді сынамалайтын және бақылайтын құрылғылар жатады.
Шикізатты бастапқы өңдеу цехында түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын қозғалту және тасымалдау үздіксіз немесе мерзімді түрде қамтамасыз етілуі мүмкін.
Жүкті үздіксіз тасымалдайтын жабдықтарға конвейер мен элеваторлар, сондай-ақ науалар мен ағындар, қоректендіргіштер мен қақпалар жатады.
Жүкті мерзімді түрде тасымалдайтын жабдықтарға сандал және көпірлі крандар, көлік және темір жол машиналары, сондай-ақ авто- және электржүктегіштер (олар сонымен бірге көтергіш машиналар мен механизмдер тобына кіреді) жатады.
Үздіксіз жұмыс істейтін тасымалдаушы жабдықтар. Сусымалы, кесекті немесе даналы жүктерді көлденең не көлбеу бағытта үздіксіз қозғалтып отыру үшін әртүрлі конструкциялы конвейерлер пайдаланылады.
2. Мыстың сынықтары мен қалдықтарын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
Мыстың гидрометаллургиясы. Мыс пен оның қорытпаларының кейбір сынықтары мен қалдықтарын мысты алу үшін гидрометаллургиялық әдістермен өңдеуге болады. Мысқұрамды қайтармалы және техногенді шикізаттың гидрометаллургиялық өңдеуінде темірмен әрекеттеспейтін аммиак ерітінділерін пайдаланған тиімді. Аммоний тұздарының, мысалы сульфат немесе карбонаттарының, қатысуымен аммиак ерітінділердің әсерінен түсті металдар тұрақсыз аммиак кешендерін түзеді. Мұндай тұрақсыз қосындыларды қыздыру кезінде олар ыдырап, нәтижесінде қайтармалы және техногенді шикізатты сілтілеу кезінде қайтадан қолданылатын аммиак бөлінеді. Аммиакты ерітінділерден мыс пен басқа түсті металдарды электролиздеу, цементациялау, экстракциялау әдістермен бөліп алады.
Аммиакты ерітінділерді құрамындағы темірдің мөлшері жоғары қайтармалы металдарды өңдеу үшін қолданған тиімді, мүндай шикізатқа ең алдымен құрамындағы темірдің мөлшері 90 %-ке жететін биметалды қалдықтар және электрқозғалтқыштардың қалдықтары (20 % Cu, 76 % Fe) кіреді. Әдеттегідей аммиакпен сілтілеуді 55-60 ºС температурада перколяциялық түрдегі жабдықтарда жүргізеді. Олар тек түйіршіктелген емес, сонымен қатар пакеттелген мысты да ерітуге ыңғайлы болып табылады. Ерітіндідегі аммиактың бастапқы концентрациясы 100-150 г/дм3, көмірқышқылды газдың – 80-100 г/дм3 болады. Ерітіндіге мыстың бөлінуі 99 % құрайды, сонымен бірге ерітіндіге мырыш пен никель өтеді. Ерімейтін қалдықта Fe, Sn, Pb қалады. Бұл аммиакты ерітудің ең негізгі артықшылықтарының бірі.
3. Мырышты сұйық түріне айналдырып, шлактарды электртермиялық қайта өңдеу.
Өңдеуші (травильные) ерітінділерден мырышты бөліп алу. Пайдаланып болған өңдеуші және гальваникалық ерітінділерден түсті металдарды бөліп алуында, ең алдымен экологиялық көзқарастан, үлкен маңызы бар. Мұндай ерітінділердің жалпы көлемінде түзілу мөлшеріне байланысты ең жоғары үлесі құрамында 10 г/дм3 дейін Zn және 5 г/дм3 Cu бар өңдеуші ерітінділерінде болады. Қазіргі кездегі өңдеуші ерітінділерді қалпына келтіру технологияларын қолдану кезінде түсті металдарды өңдеу зауыттарында ақырғы өнім ретінде мыспен ластанған, сондықтан өтім таппайтын, мырыш сульфаты болады.
Бұл кемшілікті жою үшін пайдаланып болған ерітіндіден мысты жалған сұйық (псевдожидкий) қабаттағы электролиз әдісімен бөліп алуға болады. Мыстан толығымен тазартылған ерітіндіні гальваникалық мырыштауда, шартқа сәйкес сульфатты мырышты немесе катодты мырышты алуда қолданады.
Мыссыздандырылған өңдеуші ерітінділерден мырышты катод түрінде бөліп алуы анағұрлым тиімді, бірақ мырыш иондарының концентрациясы төмен болған жағдайда, ерітінділердің электролиздеу процесі қажетті сападағы катодты тұнбаның алынуын қамтамасыздандырмайды. Бұл мәселені шешу үшін ерітінділердің электролиздеу процесінде жазық катодтарды қолданылады және процесті электрөткізбейтін бөлшектердің жалған сұйық қабатында жүзеге асырады, бұл масса тасымалдауды жақсартады.
Алдын-ала мыссыздандырылған өңдеуші ерітінділердің электролиздеу процесі кезінде жалған сұйық қабатты қолдануы алынатын катодты мырыштың сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал электролизден кейін қалған ерітіндіні прокатталған қорытпаларды өңдеу үшін қолдануы мұндай ерітінділердің өңделу технологиясын қалдықсыз қылып жасайды.
Пайдаланып болған өңдеуші және әртүрлі сульфатты ерітінділерден Zn, Cu, Ni және т.с.с. түсті металдарды өнеркәсіптік экстрагенттердің көмегімен (мысалы ди-2-этил-гексилфосфор қышқылымен – Д2ЭГФҚ) рН көрсеткіштің әртүрлі мәндерінде толығымен бөліп алуға болады: мырышты – рН 2,2 болғанда; мысты – рН 3,5 және никельді – рН 5,5 болған жағдайда.
№ 15
