- •1. Қайтармалы металдар мен қалдықтардың металлургиясы. Негізгі ұғымдар, түсті металдардың қалдықтарының пайда болу көздері.
- •2. Аккумулятор сынықтарының сипаттамасы мен заттық құрамы.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын ұсатуға және ұнтақтауға арналған жабдықтар.
- •2. Мыстың ұсақ шикізатын кесектеудің пирометаллургиялық әдістері.
- •3. Құрамында мырыш бар шлактарды фьюмингтеу
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын сорттаудың мақсаты, сорттаудың негізгі түрлері, сорттауға арналған жабдықтар.
- •2. Құрамында қорғасын бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі .
- •3. Үйінді шлактарды өңдеудің цементациялау әдістері.
- •1. Қайтармалы қорғасынды материалдарды агломерациялаудың мәні және ерекшеліктері.
- •1. Құрамында никель бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •2. Құрамында күміс бар аккумулятор сынықтары мен қалдықтардың басқа түрлерін лигатуралы қорытпаға балқыту.
- •3. Құрамында магний бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарының физикалық қасиеттері, химиялық құрамы, сапа көрсеткіштері бойынша жіктелуі.
- •1. Құрамында мырыш бар шлактарды вельцелеу әдісімен қайта өңдеу.
- •2. Құрамында алюминий бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •3. Магнийлі электролизердің пайдаланылған балқымасын өңдеу
- •1. Қайтармалы түсті металлургияның өнеркәсіптеріндегі жабдықтардың жіктелуі.
- •2. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Құрамында никель, мыс, кобальт бар қайтармалы және техногенді шикізаттан электролитті никельді өндіру.
- •2. Қара металлургияның құрамында мырыш бар шаңдары мен шламдарын қайта өңдеу.
- •3. Асыл металдардың қайтармалы және техногенді шикізатының сипаттамасы.
- •1. Мыс шликерлерін шахталы пештерде балқыту.
- •2. Құрамында асыл металдар бар қайтармалы және техногенді шикізатты өңдеу кезіндегі балқытудың түрлері.
- •3. Құрамында титан бар қайтармалы және техногенді шикізаттың сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1. Қайтармалы және техногенді шикізаттан металдарды өндірудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •2. Химия өндірісінің шламдарынан мырышты бөліп алу.
- •3. Мыстың қайтармалы және техногенді шикізатын шахталы пештерде өңдеу кезінде алынған қаралы мысты конвертерлеу.
- •1. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының алдын-ала өңдеуінде қолданылатын қосымша жабдықтардың сипаттамасы.
- •2. Мыстың сынықтары мен қалдықтарын өңдеудің гидрометаллургиялық әдістері.
- •3. Мырышты сұйық түріне айналдырып, шлактарды электртермиялық қайта өңдеу.
- •1. Металл сынықтары мен қалдықтарын пакеттеу мен брикеттеудің мақсаты және бұл операцияларды жүзеге асыратын жабдықтар.
- •2. Никельдің сынықтары мен қалдықтарын металлургиялық өңдеуге дайындау.
- •3. Газ ұстау жүйесіндегі шаңдардан және электрсүзгілердегі шламдардан ренийді бөліп алу.
№ 1
1. Қайтармалы металдар мен қалдықтардың металлургиясы. Негізгі ұғымдар, түсті металдардың қалдықтарының пайда болу көздері.
Қайтармалы металдар мен қалдықтардың металлургиясы – бұл кен-металлургия кешенінің, сонымен қатар кен-химиялық және энергетикалық өндірістерінің қатты, сұйық, газ тәрізді қалдықтарынан, баланстан тыс кендерден, үстінгі қабаттағы тау жыныстарынан және шикізаттың басқа дәстүрлі емес түрлерінен тауарлы өнімді (металдар, химиялық қоспалар, бейорганикалық материалдар және т.б.) алу процестерінің теориялық және тәжірибелік негіздерін өңдейтін, мұның нәтижесінде техногенді қалдықтарды жоюдың ғылыми-тәжірибелік базасын қамтитын және экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін ғылым мен техниканың саласы
Түсті металдар мен қорытпалардың қалдықтары деп құрамында түсті металдары бар барлық бөлістің сатыларында, балқыту кезінде, сондай-ақ басқа металлургиялық процестерде және механикалық өңдеу кезінде пайда болатын өнеркәсіптік қалдықтарын атайды. Сонымен қатар қалдықтарға өндіру процесі кезінде пайда болатын және түзетуге келмейтін бөлшектер мен бұйымдардың ақауларын жатқызады.
Осы күнгі өндірістің қалдықтарына негізінде жататындары: а) металлургиялық бөлістің қалдықтары (шлактар, ұшырынды шаңдар, шламдар, кектер, шашырау кезінде пайда болған қалдықтар, қоқыстар және т.б.); б) прокат өндірісіндегі қалдықтар (кесінділер (обрезь), сыдыру кезінде пайда болған жоңқа, қайшы немесе арамен кесектерді кесу кезінде пайда болған үгінділер және т.б.); в) құю өндірісіндегі қалдықтар (балқыған металл ағатын арықтын шет жақтарында пайда болған қалдықтар (литники), шашырау кезінде пайда болған қалдықтар, шлактар мен қоқыстар және т.б.); г) жартылай дайындалған бұйымдарды механикалық өңдеу кезінде пайда болатын қалдықтар (кесінділер, жоңқалар, үгінділер және т.б.); д) кабель өндірісінің қалдықтары (сымның кесінділері, шатысқан сым және т.б.); е) қатты қорытпадан жасалған аспапты дайындау немесе жөндеу кезінде пайда болатын қалдықтар (кесекті және шаң тәрізді қалдықтар); ж) металдардан қорғаушы қаптамалар жасау кезінде пайда болатын қалдықтар (күл, шламдар); з) қалайымен қапталған темірді және ақ қаңылтырды өндіру кезінде пайда болатын қалдықтар (күл, гартцинк және т.б.); и) химиялық өндірістің қалдықтары (пайдаланылған катализаторлар, шламдар).
2. Аккумулятор сынықтарының сипаттамасы мен заттық құрамы.
Аккумулятор сынықтарының заттық құрамы анағұрлым күрделі болып табылады, өңделетін қорғасынның қайтармалы шикізатының жалпы көлемінде оның үлесі 80 %-ке жетеді. Мұндай аккумулятор сынықтарындағы қорғасынның мөлшері 60 %-ке жетуі мүмкін, оның жартысы пластиналарда, қосқыш құрылғыларда және түйісу бөлшектерінде құрамында 3,5-6 % Sb бар сурьмалы қорғасын түрінде, ал қалғаны – пластиналардың белсенді массасында жинақталады. Оң пластиналардың массасының құрамы, %: 90 PbO2, 7 PbO, 3 PbSO4 болса, теріс пластиналардың массасының құрамы, %: 95 Pb, 3 PbO, 2 PbSO4 болады. Аккумуляторларды пайдалану кезінде түзілетін шламдардың да заттық құрамы осыған ұқсас болып келеді, олардың құрамындағы қорғасынның орташа мөлшері 70,8 % құрайды. Аккумулятор сынықтарында эбонит, полипропилен, полиэтилен, поливинилхлорид сияқты 20-25 % органикалық заттар болады, олар аккумуляторлы батареялардағы тығыздауыштың, тығындардың, сепараторлардың, қақпақтардың, моноблоктардың құрамына кіреді. Ішінде электролиті бар пайдаланып болған батареялардың ластануы орташа шамамен 50 % болады; электролитсіз эбонитті моноблоктардың ластануы шамамен 45 %, ал термопластты моноблоктардың ластануы 40 % жетуі мүмкін.
Қазіргі уақытта бөлінген аккумулятор сынықтарымен қатар, бөлінбеген аккумулятор сынықтарын да өңдейді. Қайтармалы шикізатты қаралы қорғасынға өңдейтін негізгі пирометаллургиялық әдістері болып шахталы балқыту және электрбалқыту саналады. Кейбір кезде балқытуды шарпыма және барабанды пештерде жүзеге асырады
