- •І тарау. Жалпы инфляция туралы түсінік
- •1.1. Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері.
- •1.2. Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері.
- •1.3. Инфляцияның түрлері мен типтері.
- •Іі тарау. Қ.Р. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптары
- •2.1. Қазақстандағы инфляция жағдайы және оның салдары.
- •2.2. Шығындар
- •2.3. Өндірістік шығындар инфляциясы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер:
1.3. Инфляцияның түрлері мен типтері.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшінкөп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі: а) баяу немесе сұлама инфляция, б) қарқынды инфляция , в) ұшқыр инфляция.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де, ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20 дан 200%-ке дейін өседі. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астропологиялық қарқынмен 1000%-тен жоғары. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың (өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің ) да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды.
Шет ел нарықта болатын инфляцияның тепе-теңдік формаларына байланысты инфляциясы ашық және Басылыңқы деп бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында , өтімнің сапасының нашарлауында, амалсыздап ақша жинақтауда, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді .
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртып экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Инфляция күтілетін және күтілмейтін инфляция болады.
Күтілмейтін инфляция – бұл белгілі бір уақытқа, болжалайтын инфляция.
Күтілмеген инфляция – бұл кенеттен өсуімен сипатталады. Бұл ақша айналымына, салық жүйесіне нұсқан келтіреді.
Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке бөледі:
а) сұраным инфляциясы,
б) өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде болатын инфляция.
Сонымен, инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары болады:
1.Бағаның өсу қарқынына қарай:
- Баяу инфляция – бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны он пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсумен сипатталатын инфляция.
- Орташа инфляция – баға өсінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция.
- Қарқынды инфляция – бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляцияы, бағалардың өсуі жылына жүз пайыздан асады.
2. Пайда болу сипатына қарай:
- Әкімшілік инфляция - «әкімшлікті» басқарулы бағалардан туындаған бағаның өсуі мен пайда болатын инфляция.
- Шығын инфляциясы – ресурстар мен өһндіріс факторларына бағаның өсуі мен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығынлар мен тауарлардың бағалары өседі.
- Сұраным инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуы мен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.
- Ұсыным инфляциясы - өндірісті к ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өнджіріс шығындарының өсуі мен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция.
- Импортталған инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция.
- Кредиттік инфляция – шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған инфляция.
3. Инфляция формаларының көрінісі бойынша.
- Ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен болатын инфляция.
- Жасырын – мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция.
Инфляцияның даму факторлары және оның салдары.
Инфляцияның даму факторлары әр-түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес- шығын инфляциясын білдіреді.
Бұл екеуі де ішкі факторға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың өсуі т.б жатады. Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі, экономиканың циклдік дамуы, директивалық бағаның түзелуі жатады.
Инфляция факторларын былайша топтаймыз:
-ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды.
-қазыналық факторлар- ақша эмиссиясы есібінен бюджеттік тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі.
-ақшалай факторлар-ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы үнемі сипат алып отырады.
-сыртқы факторларға- экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің ұлғаюы.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;
энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
алтынға;
тауар;
шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;
инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
Таралу орнына қарай:
локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Бағаның өсу қарқынына қарай:
баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш — тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
