Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арайка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.49 Кб
Скачать

Кіріспе

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт бойы өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі «inflatio»қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады.

Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді. Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақшаның қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен, ол тек ақшаға ғана тән «ғажайып» құбылыс емес.

Инфляция – күрделі, әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

Инфляция- негізінен қағаз ақша айналымына тән құбылыс. Мәні жөнінен ол айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан құнсыздану процесі. Осы айқындаманың сырттай қарапайымдылығына қарамастан, инфляцияның іс жүзінде дамуы көптеген факторларға тәуелді өте күрделі процесс екендігін де ескеру қажет. Ол мемлекет өзінің өсе түсіп отырған шығындарын қағаз ақшаларды қосымша эмиссиялау жолымен жабылған ұтымды сияқты теріс экономикалық саясаттың салдары болуы мүмкін. Инфляция қоғамдық ұдайы өндірісті дамытудағы тұрақты сәйкессіздіктері (пропорцияның жоқтығы) салдарынан да орын алуы мүмкін.Кәсіподақтардың еңбекақыны арттыру жолындағы күресі және басқа да көптеген жайлар инфляцияға әсерін тигізеді. Осынау бөлекше құбылыстың мәніне көз жеткізу үшін инфляцияны түрлері және даму қарқынына қарай бөле білу қажет.

Инфляция- өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі құбылыс.

Инфляцияның мәні- ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оны сатып алу мүмкіндіктерінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеу салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономикалық салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халық топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілеріні арасында қайта бөлуге тірейді.

«Инфляция»- көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да қауырт жағдайларда мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт көтеріліп, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналымынан байқауға болады.Мысалы, АҚШ- тың бостандық үшін 1775-1783 жылы болған соғысы және 1865 жылғы Азамат соғысы, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы, 1789-1791 Француз революциясы. Әсіресе,Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті, 1923 жылы күзде айналымдағы ақша массасы 496 квинтриллион есе құнсызданды. Осы келтірілген мәліметтер бойынша инфляция бұрыннан келе жатқан құбылыс екендігі дәлелденеді.

І тарау. Жалпы инфляция туралы түсінік

1.1. Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .

Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.

Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады;

Айналысқа ақшаның артық шығуы

Қолайсыз төлем балансы

Үкіметке сенімнің жоғалуы

Инфляцияның көріну нысандары;

Тауарлар мен қызметкерлерге бағаның өсуі, оның үстінде бір қалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады;

Ұлттық ақша бірлігіне қатысты бағамның төмендеуі;

Ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көрінуі.

Инфляциялық процестің қуаттылығы бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратылады:

-Баяу-баға жылына 10 пайызға өскенде.

-өшірмелі-баға 100 пайыз шегінде өскенде

-әсіре –баға жүздеген пайызға өскенде

Инфляцияның нәтижелерін қысқаша атап өтейін:

Инфляция еңбек ету ынтасын азайтады,

Бағаның өсу шарттары кезінде, халықтың әлеуметтік дифференциялауын күшейтеді

Жиналу қаблетін азайтады, ликвидті формадағы жинаулар қысқарылады,олар натуралды түрге айналады, жинау және жұмсау қатынасы тұтыну жағына қарай жылжиды.

Ұлттық табыстың тепе-тең емес өсуі халықтың шын табысының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Инфляциямен басқару экономикалық және ақша-несие саясатының ең басты қиыншылығы болып табылады. Сонымен қатар инфляцияның көп қырлы, көп факторлы мінезін қарастыру керек. Оның негізінде тек монетарлық қана емес, сонымен біргеде басқа факторлар кіреді. Мемлекеттік шығындар толық мағынасындағы қысқарылуы, ақша эммиссясының бірте-бірте таратылуы кең көлемдегі антиинфлияциялық шараларды өткізуді талап етеді.

Солардың ішінде өндірістік стабилизация мен стимуляциясы, салық жүйесінің қайталанбастығы, ақшаның айырбастау курсының өзгеруі.

Экономикасы ауыспалы мемлекеттерде инфляциялық процестер өсу темпімен өзгереді. Осы өзгерістер инфляцияның ең ауыр, әрі басқарылмайтын қасиеті.

Қазақстан Республикасының президенті өзінің жолдауында былай деп кеткен: «Ақша – кредит саясатының негізгі мақсаты –инфляцияны тежеуді қамтамассыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар».

2007 жылдың аяғы мен 2008 жылдың басында ҚР тоқырау болды.Бұл тоқыраудың себебі азық-түлік, жеміс жидектің бағасы бір сәтте өсіп кеткені. Мұндай жағдай әлемдік рынокта болып жатқан құбылыстар Қазақстанға да әсер етпей қоймасы анық. Міне осы жағдайда Қазақстан бірнеше шаралар қолданып инфляция деңгейін төмендетті. Алдыңғы жылы инфляция деңгейі 8,4 пайызды құраған, ал сол дағдарыс кезінде 80,2 пайызды құраған.

Инфляцияның өрістеп, күшеюі эканомикалық және қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндігінен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.

Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:

1. Бейімделу саясат жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, компаниялар мен фирмаларды қысқа мерзімде жобаларды өткізеді.

2. Инфляцияны төмендету немесе басу жөнініде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.

Инфляцияға қарсы саясат - инфляциямен күрес бағытталған эканомиканы мемелекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені.

1. Дефляциялық саясат

2. Кірістер саясаты

Қорыта айтқанда қазіргі ҚР инфляция деңгейі 6,4 пайызды құрайды және инфляцияға қарсы шаралардың барлығы өз нәтижесін береді деген үміттемін.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflation - вздутие, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ – ғасырда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ – ғасырларда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес – өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде ХХ – жылдардың орта кезінде көрінді .

Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өнімінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Бірақ бұл анықтамамен шектелуге болмайды. Ақшаның тауарға шетел валютасына байланысты қарастырсақ, біз тек алтын ақшаның эквиваленті ретінде қарастырамыз.

Инфляция – сұранымға қатысты ұзақ уақыт теңсіздік нәтижесінде елдегі жалпы баға деңгейінің өсуі. Яғни инфляция жиынтық ұсынымның сәйкес келмеуі .

Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді, ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б байланысты. Демек, бағаның сәйкес өсуіне көптеген несие түрлі себептердің әсері болады.

Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз ? Инфляция сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланыстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынанкөрінеді.

Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - өмір қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигпациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне апарады.

Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі, қазіргі нарықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өтімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай, уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист жетілмеген бәсекелес едәуір бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы.

Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте – бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импортты» инфляцияның қаупі туады.

Бесіншіден, инфляция өзіне - өзі дем беретін сипат алады , ол «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады . Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде.

Шығын инфляциясы. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін өнім өлшемінің (единица продукции) қымбаттауына байланысты тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін шығын инфляциясы дейді. Шығып инфляциясы да әр елдің экономикасына байланысты, оз ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанда болып еткен дағдарыс жылдары инфляцияның бұл түрінің негізгі себептерін былай деп тұжырымдауға болады:

1. Кәсіподақтар және басқа қоғамдық бірлестіктердің талаптарын ескеріп, еңбекақы мен табыстарды үнемі индекстеу. Еңбекақыны ұлғайту оз кезеңінде кәсіпкерлердің шығындарын жоғарылатады, өнімін қымбаттатады. Ол өнімнің қымбаттылығы өндірісті әрі қарай дамытын, оны ұлғаюға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде жалпы ұсыныс (тауарға, қызметтерге) қысқара бастайды, ал сұраныс сол қалпында қалады немесе өседі. Сондықтан өндірістен түсетін таза пайданы төмендетпеу үшін кәсіпкерлер шығатын өнімнің бағасын өсіреді. Айтылған процестер ақыр аяғында «инфляциялық спиральдің» пайда болуына әкеледі («инфляциялық спираль» теориясы бойынша): бағаның өсуі еңбекақыны ұлғайтуды талан етеді, ал еңбекақының өсуі оз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне алын келеді;

2. Шығын инфляциясының өсуіне тағы да мына себептер негіз болады:

а) бюджет, салық салу, ақша-кредит саясатындағы сандар базасының кемшіліктері, олардың жетілдірілмеуі;

б) экономиканы реттеуге әкімшіліктің араласуы;

в) құқықтық нормалардың жиі өзгеруі, заңдар түсініктемесінің көп жақтығы, кәсіпкерлікке шектеулер қою, олардың заттық күштері мерзімдерінің үнемі өзгеріп отыруы сияқты экономикадағы теріс факторлар. Айтылған себептер бағаның тұрақсыздануына, инфляциялық құбылыстардың күшеюіне әкеліп соғады.

3. Қазіргі жағдайда шығын инфляциясының көзі болып отырғандар: энергия ресурстарының бағасының әлемдік баға нарығында өсуі, кейбір тауар нарығында монополист компаниялардың және делдал фирмалардың болуы, тұтынушылық тауарлардың ішінде импорттық тауарлардың үлесінің басымдығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]