Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 2015 іс жүргізу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.51 Кб
Скачать

2.2 Кеңестік кезеңдегі іс жүргізудегі біржақтылықтар мен

кемшіліктер

Кеңестік кезеңдегі іс жүргізуде жетістіктермен қатар, біржақтылықтар мен кемшіліктердің болғаны белгілі. Біз оны сонау патшалық Ресей кезінде қалыптасқан отарлық жүйенің заңды жалғасы ретінде іс жүргізудің орыс отаршылдығы дәуірінде күрделі дамудан, яғни қарапайым құжатты жасау әдістерінен мемлекеттік басқарудың ажарамас сатысына айналу басқышынан өткен кезеңінен бастап көреміз. Ол қазақ жеріндегі империялық мекемелер қызметінің ажырамас құрылымы ретінде олардың қызметін реттеумен қатар Ресей империясының Қазақстандағы отарлық саясатын іске асырудың маңызды құралы болды. Құжаттарды толтыру қазақ тілімен бірге орысшада да жүргізілді. Бұл біртіндеп орысша іс жүргізудің аясын кеңейте түсті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік қатынастардың үлғаюы нәтижесінде жаңа құжат түрлері пайда болды. Жазу машинкасын кең пайдалануқұжаттау әдістерін жеделдетті. Іс жүргізудің дамуына оң ықпал еткен өзгерістер империялық басқару жүйесінен де соны талап етті. Бірақ патшалық империяның бюрократиялық апаратының күрделене түсуі іс жүргізуге ықпал етіп, ол бюрократиялық сипатқа ие бола бастады.

Жалпы империялық деңгейде іс жүргізуді жетілдіру қолға алынбады, мекемелер өзін-өзі жетілдіру әдісіне көшті. Қазақстанда іс жүргізудің мұндай жүйесі кеңестік дәуірге дейін сақталды.

Кеңестік кезеңнің алғашқы жылдарында басқару технологиясын тимді ұйымдастыруда 1911 жылғы «Әскери ведомстводағы хаткерлік туралы ереже» негізінде әзірленген «Хаткерлік және іс жүргізу туралы ереже» алынды. Жаңа ережеде айтарлықтай өзгерістер орын алмады. Әрі осы тарихи кезеңдегі ауыр саяси жағдай аппарат жұмысын тұрақты ете алмады, сондықтан оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болмады. Іс жүргізудің империялық дәуірдегі және кеңестік кезеңдегі өзіндік сабақтастығы мен үйлесімділігі бары кеңестік дәуірде де мойындалмады. Ескі апаратты толығымен күйретіп, жаңа кеңестік үлгідегі мемлекет қалыптасқанымен де, іс жүргізуді жаңаша ұйымдастырудың ішкі заңдылықтары алдыңғы жүйенің дәстүрлеріне сүйенді.

Кеңестік дәуірдегі іс жүргізудің дамуында түрлі ірі саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалардың мемлекеттік басқару мен мемлекеттік іс жүргізу саласындағы қайта құрулармен тығыз байланыста болды. Мұның басты себебі, іс жүргізу мемлекеттің басқару жүйесін бейнелеп және жазбаша түрде бекітіп, онымен қоса өзгертіп отыруында болды. Осы орайда 1920 жылы мемлекеттік басқару институттары толық құрылып болған соң, 1923 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті қарамағында іс жүргізуге қазақ тілін енгізу жөніндегі Орталық комиссия құрылды. Алайда бұл комиссия жер-жердегі комиссиялармен қоса 1926 жылы жойылды. Мұның басты себептері, біріншіден, ікңмшңлңе-командалық жүйе жылдам орнап, бір орталықтан басқаруды күшейту мақсатында әрі басқаруды ғылым ұйымдастыру қажеттілігі үшін 1926 жылы Басқару техникасы институты құрылады. Екіншіден, іс жүргізу басқарудың икемді құралы ретінде, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құрал қызметін де атқарды. Тіл мәселесімен тығыз байланыстағы іс жүргізуді орыстандыру ыңғайлы болғандықтан орталықтандыру жылдам жүргізілді. Қатар жүргізілген орыстандыру саясаты нәтижесінде қазақ қаріпі ауыстырылды.

Кеңестік дәуірде басқару саласын, оның ішінде іс жүргізуді жетілдіру үшін оның ұйымдық ғылыми негізі жасалды. Еібекті ғылыми ұйымдастыру, іс жүргізудің техникалық мәселелерімен айналысатын арнайы ұйымдар мен институттар ашылды. Басқару саласындағы теориялық зерттеулерде, әсіресе, іс жүргізу мәселелері ғылыми ізденістердің бағыттары анықталды. 1920 жылдары іс жүргізуде нақты шаралар жүзеге асырылып, соның табысты нәтижелері мына іс-шаралардан көрінді. Біріншіден, басқару, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, іс жүргізу салаларында зерттеулер ұйымдастырылды. Екіншіден, іс жүргізу бойынша маңызды нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірленді. Үшіншіден, басқару қызметін («жалпы іс жүргізу») және арнайы құжат жүйелерін құжаттау бойынша мекемелер жұмысының тәжірибесі тұрғысынан табысты болды.

1930-шы жылдардың ортасына дейін іс жүргізу саласының осы бағыттағы жұмыстары тоқтаған жоқ. Алайда, басқарудың қатаң орталықтанған әкімшіл-командалық жүйесі қалыптасып нығая түсті. Мұндай жағдай мемлекеттік іс жүргізуді ұйымдастырудың балама нұсқаларын қарастыру мүмкіндіктерін толық болдырмады. Нәтижесінде, Еңбекті ғылыми ұйымдастыру және іс жүргізу мәселелерін зерттеумен байланысатын құрлымдар қысқартылды, басшылары қудалауға ұшырады.

Соғыстан кейінгі біраз кідірістен кейін 1960-шы жылдары іс жүргізудің дамуында жемісті кезең саналады. Осы жылдардағы Қазақстандағы іс жүргізу жағдайы қандай болды дегенге келетін болсақ, бір орталыққа бағындырылған Қазақ Бас мұрағат басқармасының іс жүргізуді басқаруды немқұрайды жүргізгенін, одақтық деңгейде барлық республикалар үшін ортақ үйлесімділікті қамтамасыз етуде КСРО Мұрағат басқармасының және Бүкілодақтық құжаттану және мұрағаттану институтының рөлі жоғары болғанын көрсетіпберді. Ал, 1970-1980-ші жылдары іс жүргізудің біріңғай мемлекеттік жүйесінің жасалуы және ендірілуі, құжаттардың бірізді жүйелерінің әзірленуі іс жүргізудің кеңестік кезеңдегі басты жетістіктеріне айналды. Ұйымдастыру, әдістемелік, жаңа технологиялық жағынан негізі мықты жүйе болып қалыптасқан іс жүргізу бюрократиялық басқару жүйесінің талаптарын толық қанағаттандырды.

Дегенмен, іс жүзінде аталған жүйенің Негізгі ережелерін және стандарттарды ендірудің табысты болмауының тағы бір себебі, білікті кадр мәселесіне келіп тіреледі. Мәселен, Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағатының Іс жүргізудің біріңғай мемлекеттік жүйесінің Негізгі ережелерін мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізуіне ендіру нәтижелерін 1979 жылы зерттеу бойынша дайындаған шолуында былай делінген: «Облыстағы іс жүргізу қызметінің жайы әлі де жақсартуды қажет етеді. Мұндағы себептер әр түрлі. Ауылдық кеңестердегі іс жүргізу қалыптасу жағдайында... Өзге ұйымдардағы басты кедергі басшылардың өзіне жүктеме жасамауы және осы қызметті бағаламауы. Ал ең бастысы, дәстүрлі іс жүргізуден бас тартқылары келмейді... Іс жүргізу қызметтерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін білікті кадрлар қажет... Іс жүргізу кадрларын даярлау үшін Мәскеу мемлекеттік тарих мұрағат институтының филиалын одақтық республикаларда ашудың сәті келді деп ойлаймыз...», - делінген [67, 134 б].

Осы мәселеге қатысты Орталық мемлекеттік мұрағатының да 1979 жылы 28 ақпандағы шолуында: «Іс жүргізу қызметі кадрларын іріктеп алу және тағайындау жұмыс көлемінің ауқымдылығына және жалақының төмен болуына байланысты айтарлықтай кедергілер туғызып отыр. Кадрлардың ұзақ тұрақтамауы олардың біліктілігіне әрі ұтымды ғылыми негізде құжаттармен жұмысты жүргізуге кері ықпал етеді... Бұл пікірді сауалнама жүргізілген мекемелердің басым бөлігі де растайды...», - делінген [67, 134 б.].

Іс жүргізудің біріңғай мемлекеттік жүйесінің негізгі ережелерін мекемелер мен ұйымдарда ендірудің басты қиындығын білікті кадрлардың жоқтығы деп көрсетілген осы мәселеге тоқталсақ. Ұлттық кадрларды даярлау мәселесі республика үшін әрдайым түйіні шешілмейтін мәселе болып келгені мәлім. Соғыстан кейінгі жылдары мұрағат және іс жүргізу кадрларын бір орталықтан дайындаумен Мәскеу тарих мұрағат институты, ғылыми кадрларды даярлаумен 1960-шы жылдардың ортасынан бері Бүкілодақтық құжаттану және мұрағаттану институты айналысады. Әрине, кадр мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді. Дегенмен, ҚазКСР жоғары және орта арнайы білім министрлігінің қорындағы 1970-1980 жылдарда іс жүргізу кадрлары жөнінде мәліметтер іздестірілді. ҚазКСР жоғары және орта арнайы білім министрлігі КСРО жоғары және орта арнайы білім министрлігіне және ҚазКСР Орталық статистика басқармасына жоғары және орта білімі бар мамандардың саны мен құрамы туралы статистикалық мәліметтер беріп отырған [67, 134 б]. Мәліметтер арнайы №9, 9-ср, 10, 10-ср, 14 формалы үлгідегі бланкте көрсетілген. Мәселен, білім министрі орынбасарының қолы қойылған статистикалық мәліметтер 10.01.1981 жылы №6-6-34 (с) ілеспе хатымен жолданған статистикалық мәліметтерде тек іс жүргізуші мамандығы бойынша барлық саны он төрт маман көрсетілген [67, 134 б.]. Кейінгі жылдары мамандарды даярлау мәліметтерін анықтау мүмкін болмады.

Қазақстанда іс жүргізуді ұйымдастыру шаралары дербес мемлекетке тән өзіндік ерекшеліктерімен жүзеге асыру қолға алынды. 1923 жылы 20 шілдеде Қазақ Орталық Атқару Комитеті (Қазатком) қарамағындағы «ҚазАКСР-де іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру туралы ерекше кеңес» ұйымдастырылды. Осы күндері кеңестің алғашқы отырыстары өтіп, онда бірінші кезекте уездерді қазақша іс жүргізуге көшіру мәселесі қаралады. Қазақ ауылдық кеңестерімен тек қазақша байланыс орнатып, болыстық атқару комитеттері отырыстарының хаттамалары қазақша жүргізілуі тиіс деген шешімге келеді. Уездік аткомдарда отырыс хаттамалары қазақша жазылып, губерния орталықтарымен барлық жазбаша қатынастар қазақша жүргізілуі тиіс. Жергілікті аткомдардың апаратындағы орыс қызметкерлері 1924 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақ қызметкерлерге ауыстыру тапсырылады. Білікті, сауатты қазақтарды Ішкі істер халықкомиссариатының бағдарламасы бойынша болыстық атокм хатышларының арнайы курстарында даярлау көзделеді. Ал куберниялық аткомдарда қатынасудың мынадай тіртібі белгіленеді. Бөкей, Орал, Ақтөбеде қатынас қазақша, қазақша іс жүргізуге көшкен уездік аткомдармен қазақша жүргізіліп, губерниялық атком отырысының хаттамалары қос тілде жүргізілсін. Илек, Орал, Ақбұлақ, Ақтөбе, Атбасар, Ақмола, Черлакск губерниясында іс жүргізу мәселесін қарай кейінге қалдырылды. Қалған уездер мен губерния орталықтарында губерниялық және уездік аткомдар қазақшаға көшкен болыстық аткомдармен қазақша қатынас жүргізілсін деген шешім қабылданды [66, 95-96 бб.]. 1923 жылы желтоқсанда Орталық және жергілікті губерниялық іс жүргізу комиссиялары туралы ережелер бекітіліп, іс жүргізуді ұйымдастыру шаралары жүйелі жүйелі түрде іске аса бастады.

Қазаткомның 1923 жылғы 22 қарашадағы «іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру туралы» декретін орындау үшін 1924 жылдың бірінші жарты жылдығында қазақ болыстарында, уездері мен губернияларында іс жүргізуді қазақ тіліне толық көшіруді жылдар әрі бұлжытпай іске асыру қажет еді. Жұмыстарды нәтижелі жүргізу үшін әр губернияның бір болысында қазақша іс жүргізудің ерекше үлгісін ұйымдастыруды қолға алып, оларға губерниялық комисиялар, ал уездерде уездік комиссиялар басшылық етеді. Келесі маңызды шара халық комиссариаттары мен өлкелік мекемелердің іс жүргізуін қазақшаға көшіру ісіне басшылық ету үшін олардың есеп беруттәртібі, губерния мен уездердегі органдары штаттарының жеке құрамын қарай және осы құрамда іс жүргізуді қазақшаға көшіру мүмкіндігі деңгейін анықтаубелгіленді. Қызметкерлерді қазақтармен ауыстыру және қосымша штат бірліктерін белгілеу де көзделді.

Қазақша іс жүргізуді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Орталық іс жүргізу комиссиясы кеңестік мекемелерде лауазымдарға орналастыру үшін қазақ қызметкерлерін даярлау курстарын ұйымдастыруды жоспарлап, ол үшін нақты шараларды жүзеге асыру қарастырылады. Әсіресе, қазақтардан техниклық қызметкерлерді – хатшыларды, іс жүргізушілерді даярлау курстарын ұйымдастырудың дайындық жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөлінді.

Орталық іс жүргізу комиссиясының 1924-1925 жылдарға арналған жұмыс жоспарында еі маңыздысы мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізуіне қазақ тілін енгізу ісіне аса көңіл бөлінді. Осы мақсатта губерниялық комиссиялардың қызметіне басшылық жасау маңызды шара деп қабылданып, мынадай міндеттер қойылды. Біріншіден, губерниялық комиссиялар Орталық іс жүргізу комиссиясына ай сайын өз жұмыстары жөнінде толық есеп береді; екіншіден, мәжіліс хаттамалары көшірмелерін, жұмыстарын көрсететін уиркулиярлар мен өзге де материалдарды да жіберіп отырады.

Орталық іс жүргізу комиссиясы қазақша іс жүргізуге көшіуде қазақ тілін меңгеруге үлкен мән берген. Жұмыс жоспарында бірқатар шаралрды белгілеген. Қазақ тілін іс жүзінде қолданысқа енгізу мақсатында кемінде сыныптық халық училищесінен білім алған барлық сауатты қазақтардың есебі алынады. Оларды біріншіден, таза қазақ тілінде білім алғандар, екіншіден, орыс тілінде немес қос тілде білім алғандар деп топтау қажет. Осы ретте халық комиссариаттары, өлкелік мекемелер, олардың губерниялық және уездік бөлімдері, болыстық аткомдар, ауылдық кеңестер мен жұмысшы-шаруа өкіметінің ауылдық бастауыш ұйымдары, сондай-ақ шаруашылық мекемелердің – фабрика, зауыт, кәсіпшіліктердің барлығының есебі алынады. 1923 жылы мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен ұйымдарды қазақ қазақ қызметкерлерімен толықтыру үшін педагогикалық мектептерде І, ІІ дәрежелі кеңестік партия мекетептерінде, рабфактарда, Қазақстаннан тыс жоғары оқу орындарында, қысқа мерзімді ведомстволық курстарда барлық білім алғандарды есепке алу. Еңбек биржалары бойынша жұмыссыз қазақтардың есебін алу. Қалың бұқара алдында қазақ тілінің қолданысын іс жүзіне асыру шараларымен Орталық комиссия «ҚазКСР Орталық хроника бюллетені» арқылы таныстырып отырады. Жеке бюллетенді шығаруды өз міндеті деп есептеген. Төменгі билік аппаратындағы орыс тілді қызметкерлер жергілікті қазақ халқының мұқтажына қарай қызмет көрсете алмады. Әсіресе, басым бөлігі немесе таза қазақтар тұратын болыстықтарда жағдай күрделі еді. Бұл жөнінде Орталық іс жүргізу комиссиясының есебінде былай делінген: «Кеңес аппаратын жергілікті халықтың тұрмысына бейімдеу, оны еңбекші халыққа жақындастыру және оларды белсенді құрылысқа, жергілікті төменгі кеңестер жұмысына тарту барлық қазақ халқының рухани, саяси және шаруашылық дамуына толықтай мүмкіндік береді. Мүмкіндіктерді аса тыңғылықты қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар ең алдымен кеңес органдарының іс жүргізуіне қазақ тілін енгізу және органдарды қазақ қызметкерлерімен толықтыру туралы мәселені алға шығарды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қос тілде негізгі заң актілерін жариялау, қазақтарды кеңестік аппаратқа тарту шаралары кейінгі жылдары жалғасын тауып, азамат соғысы аяқталғаннан кейін іс жүргізуге қазақ тілін енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жоспарлы түрде қолға алуға мүмкіндік туды» [66, 96 б.].

Қазақша іс жүргізуді енгізуде де, кеңестік органдарды қазақ қызметкерлерімен толықтыруда да іс жүргізуді білетін және аппараттарда арнайы ведомстволық жұмыстарды орындай алатын білікті қазақ мамандарының жетіспеушілігі ең басты кемшілік екені анықталды. Жеке губерниялар жүргізген қазақша жаза білетін және қандайда білімі бар қазақтарды есепке алу олардың аздығын көрсетті. Олардың кқпшілігі – мұғалімдер өз мамандығы бойынша кеңестік аппаратқа жұмыс істесе, қалған бөлігі – қазақ зиялылары өз шаруашылықтарында қалуды жөн санаған. Себебі, жергілікті аппараттарда жалақының өте аздығы және уез немесе губерния орталығында жұмысқа бара қалғанның өзінде органдардың материалдық жағдайларының төмендігі олардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Әсіресе, губерниялық және өлкелік органдарда қазақ қызметкерлерінің жетіспеушілігі айқын сезілді. Олардың жұмысында іс жүргізу техникасын білу жеткіліксіз, өз жұмысының мәнінде білу қажет еді.

Осы жағдайлар Орталық іс жүргізу комиссиясын жергілікті қазақтардан аппараттардың лауазымдарын ауыстыру үшін қызметкерлер даярлау үшін қызметкерлер даярлау, олардың ішінде алдымен болыстық аткомдар мен ауылдық кеңестерге қызметкерлер даярлау мәселесін шешу болды. 1924 жыл бойы губерниялық комиссиялар қаржы тапшылығының қиыншылығымен қазақтар үшін болыстық хатшылар даярлау курстарын ұйымдастырады. Курстарды аяқтаған тыңдаушыларды губерниялық комиссиялар өздері жіберген уездер мен болыстықтарға жолдаса, біразы губерниялық бөлімдерге жіберілді. Курстарды бітіргендер санының аздығы барлық жергілікті органдардың сұраныстарын қанағаттандыра алмады. Губерниялық комиссиялар осыған орай курстарды жоспарлы түрде қайтадан ұйымдастырмақ болғанымен, жергілікті бюджет тапшылығынан және мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеуінен бұл шара жүзеге аспады. Сонымен қатар қазақ қызметкерлерді даярлау практикант әдісімен де жүргізілді. Мұндай тәжірибе 1924 жылдың жазында уездік, губерниялық, өлкелік губернияларда кеңестік партия мектептері мен өзге де оқу орындарының шәкірттерін практикант ретінде пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Бұл шараның да кемшіліктері болды. Смета бойынша бөлінген қаражат тек практиканттарға несиесіз шығындар жұмсауға немесе тек штаттағы лауазымдар бойынша қазақ практиканттарын қабылдауға ғана жетті. Әрі жергілікті аппаратты қазақтандыру жұмысында жоспарлы бастаманың, осы жұмысты жүргізетін органдар тарапынан басшылық жасау мен бақылаудың жоқтығы, ең бастысы орталық мекемелер мен жергілікті аппарат арасында тірі байланыстың болмауы Орталық іс жүргізу комиссиясының жоспарлы шараларының іске аспауының басты себептері еді. Белгілі жәйыттарды және өз тәжірибесін қортындылаған Орталық ісжүргізу комиссиясы қазақша іс жүргізуді іске асыру жөніндегі нұсқаушыларды даярлау курстарын ұйымдастыруды қолға алады. Алғашқы курс 1924 жылдың жазында Орынборда ұйымдастырылады. Оған әр уезге бір нұсқаушы есебінен губерниялардан еурсанттар шақырылып, екі жарым айда 36 сағаттық бағдарлама бойынша білім алған тыңдаушылар губерниялық комиссиялар қарауына жіберілді. Алайда кейінгі уақытта мұндай курстарды қаражат тапшылығынан қайта ұйымдастыруға мүмкіндік болмаған. Ал арнайы білімді қажет ететін ведомстволық жұмыстарды орындайтын қазақ қызметкерлерін даярлаудың ведомстволық курстарын ұйымдастыру да қолға алынды. Мұның артықшылығы салалық органдар тікелей оларға басшылық жасап, өз күшімен өткізеді әрі бұл курстарды ұйымдастыруға ведомстволар негізгі смета бойынша несие алады. Осындай курстарды ұйымдастыруды жоспарлаған өзге өлкелік мекемелер, олардың ішінде Тұтынушылар қоғамдарының Қазақ Өлкелік Одағы, Еңбек халық комиссариаты, Ішкі істер халық комиссариаты қаржыландыру мәселесінің шешілмеуі себебінен бұл шараны жүзеге асыра алмаған [66, 97 б.].

Шешімін таппаған осы жайыттар жөнінде де Орталық іс жүргізу комиссиясының есебінде мемлекеттік аппаратты қазақ өызметкерлерімен толықтыру ісінде Қазақстанның бүгінгі жағдайында ауыз толтырып айтатындай еш нәрсенің жоқтығы, мемлекеттік мекемелердің бұл міндетті атқаруда басшылыққа алған әдістері мен іс жүзінде кездескен қиыншылықтары мен кемшіліктеріне тоқталады. Бұл жұмысқа қазақ кадрларының аздығы кедергі келтірді. Патша үкіметі Қазақстан аумағында отаршылдық саясатын жүргізе отырып, езілген бұқара халықтың ағартуға мүдделік танытпаса керек. Білімді патша үкіметіне қазақ еңбекші бұқараны тимді әрі заңды езу үшін қажетті тек бай элементтерінің аздаған жастары ғана ала алды. Оларға болысты басқару және басқарманың әкімшілік органдарында кішігірім шенеунік, әдетте тілмаштар лауазымдарын берді. Осыдан келіп қарапайым қазақ халқының билікке деген немқұрайлылығы мен жеккөрініштілігі туындап отырды делінген. Қосымша енгізілген практиканттар институты да кеңестік мекемелерді қажетті қазақтар санымен қанағаттандыра алмады. Өлкелік мекелемерде салалық қызметтерді атқаратын қазақтар саны бірен-саран ғана. Әрі аппараттарда орыстарды сауатты немесе жалпы әкімшілік дайындығы бар қазақтармен алмстырғанда ведомствоның ағымдық жұмысына кері әсерін тигізді.

Қорыта келгенде, Кеңестік кезеідегі іс жүргізудің өзіндік біржақтылықтары мен қайшылықтары болды. Кеңестік идеологияға бағындырылған кеңес аппараты іс жүргізуді өзінің құралына айналдырды. Іс жүргізу саласында жергілікті халыққа бағытталған шаралар іс жүзіне іске асыруда айтарлықтай нәтиже бермеді. Қаражат тапшылығы, білікті қазақ кадрларының аздығы, республика көлемінде де, жергілікті жерлерде де мәселелерді шешуге мүмкіндік бермеді.