Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППСГР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

7.1 Сурет. Драглайнның жұмыс параметрлерi

Драглайнның жұмыс цикл операциялары төмендегiдей жүйеде орындалады: шөмiштi кенжарға лақтырып тастау, шөмiштi жұмыс жағдайына келтiру, шөмiштi толтыру (шөмiшпен көсiп алу), шөмiштi кенжардан шығару, төгуге бұрылу, төгу, кенжарға бұрылу. Шөмiштi кенжарға түсіру және оны кенжардан шығару операциялары экскаватордың бұрылуы кезiнде жасалынады.

Тау жыныстарын үйіндеге тасымалдағанда экскаватордың 3600-қа бұрылу мүмкіндiгi арқасында шөмiштi төгу экскаваторды тоқтатпай-ақ орындалуы мүмкін. Осы жағдайда циклдың ұзақтығы азаяды, себебi ол шөмiштi төгу бұрылумен қатар жасалынып, экскаваторды тоқтатпай бұрылу бағыты өзгертiледi.

Тау жыныстарын драглайн кеспелтек дөңбектi және тұйық кенжарларда қаза алады. Осы кезде ол кемердiң үстінде, аралық алаңда және кемердiң табанында орналасуы мүмкін (7.2 сурет).

7.2 Сурет. Драглайнның жұмыс жасаұ схемалары:

а, б, в-кеспелтек дөңбектi кенжарда драглайнды кемердiң үстінде, аралық алаңда және кемер табанында орналастырғанда; г­тұйық кенжарда драглайнды кемердiң үстінде орналастырғанда

Драглайн кемердiң үстінде орналасқан жағдайда тау-кен жыныстары қоспалары үйіндіге немесе көлiк құралдарына тасымалданып төгiледi. Драглайнның кенжары шөмiштiң траекториясына сәйкес қисық сызықты профильдi құрады. Шөмiштiң жылжуы және тау жыныстарын көсiп алу тартушы болат арқан арқылы жасалынады, ал шөмiштiң кенжарда жылжуы мен тау жыныстар қабатын кесiп алу бұрышы көтеру болат арқанмен реттеледi. Кенжардың ықтимал биiктiгi көсiп алудың құжаттық тереңдiгiмен, кенжардың беткей бұрышымен және драглайнның тұрған орнына байланысты анықталады. Тiлменiң барынша көп енi

Аmax = Rк (sin1 + sin2) , м, (7.1)

мұндағы 1 =30450, 2 = 30450 - драглайнның жүру өсiнен сiлем жаққа және қазылған кеңiстiкке қарай сәйкес бұрылу бұрышы (9.3сурет), градус.

Әдетте үйіндіге жұмыс жасағанда 1 =0. Онда драглайнның көсiп алу кезiндегi жалпы бұрылу бұрышы  = 2 = 30450. Драглайнның шөмiштi төгу кезiндегi бұрылу бұрышы 900-тан аспайды. Сонымен кенжардың енi

А = Rк sin, м. (7.2)

ЭШ-4/45, ЭШ-8/60, ЭШ-15/90, ЭШ-80/100 драглайндар кенжарларының енi 23, 29, 42, 47 м-ге сәйкес болады.

Драглайнның аралық алаңда орналасу схемасы биiк жартылай кемердi бiр мезгiлде қазу мақсатымен шөмiш сыиымдылығы 8-10м3 қуатты драглайндарды пайдаланғанда қолданылады, себебi драглайнның жүру осi үйіндіге жақын жылжытылады. Жоғарғы жартылай кемердi қазғанда шөмiштiң сырғанауын болдырмау үшін кенжар беткейiнiң бұрышы 250-тан аспауы керек. Жоғарғы жартылай кемердiң биiктiгi мына шартты қанағаттандыруы тиiс hж к  (0,7  0,8)Нк.

Драглайнның жоғары көсiп алу кезiндегi өнiмдiлiгi төменгi көсiп алумен салыстырғанда 10-15 %-ке төмен.

Драглайнды қазылатын кемердiң табанына сирек орналастырады. Iс жүзiнде тау-кен және жер жұмыстарының шамамен 15%-тi драглайндармен орындалады.

7.3 сурет. Драглайн тiлмесiнiң енiн анықтау схемасы

Кенжарлар қарапайым Ақ, тар Ат және кең Ақ болып бөлiнедi (7.4 сурет).

7.4 сурет. Қарапайым (а), кең (б) және тар (в) кенжарлар

Қарапайым кенжарлар қазу машиналарының жұмыс жасау параметрлерiн толық пайдалануымен сипатталады. Кең кенжарларда қазу машиналарының жұмыс жасау мезгiлiнде жүру осiнiң орны өзгерiп отырады.

Әдебиеттер: 1 нег. 68-72