Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППСГР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар және оларды таңдау

Ашық әдiспен жүргізiлетiн тау-кен жұмыстарында территорияның беткi қабатын едәуiр көлемдi карьерлер (ашық кендер) алып жатады. Қазiргi карьерлер дегенiмiз аумағы бiрнеше километрге, тереңдiгi 300-400 метрге дейiн жететiн үлкен ойыстар. Жер қойнауынан шығарылған тау жыныстарды үйінділеу үшін едәуiр территория бөлiнедi. Жер қойнауы туралы және жер заңдарына сәйкес жер пайдаланушылар бұзылған жерлердi жоба бойынша белгiленген мерзiмде рекультивациялауы тиiс.

Пайдаланудан шығарылған жерлердiң көлемi негiзiнен алғанда төрт факторға байланысты:

- географиялық фактор, ол жер бедерiне, климат зонасына, жердiң құнарлылығына, ауданның инфрақұрылымына байланысты. Бұл-ең маңызды фактор, өйткенi қалпына келтiру жұмыстарының технологиясы мен жылдамдығын осы фактор айқындайды;

- кен-геологиялық фактор, ол пайдалы қазындылардың орналасу тереңдiгiне, олардың морфологиясына, құрамына байланысты. Кен-геологиялық жағдайлар пайдалы қазынды өндiрудiң әдiстерi мен бұкiл технологиялық циклдi анықтайды;

- кен-техникалық фактор, ол кен орындарын игеру әдiсiне, үйінділеу технологиясына және соңғы үйіндінiң пайда болуына байланысты;

- уақыт факторы, ол кен орындарын игерудiң ұзақтығын, пайдалы қазындының өңделуiн және байыту өнiмдерiнiң пайда болуын ескередi.

Жер бетiнiң карьер ойыстарымен бүлінуi кен орнының жер қойнауында орналасу тереңдiгiне, оның жобадағы көлемiне және карьердiң кемер бұрышының шамасына байланысты. Қазып шығарылған тау жыныстарды үюге арнап бөлiнетiн жер көлемi үйіндінiң мөлшерi мен оның беткейiнiң құлама бұрышына байланысты.

Кендердi игерудегi бұзылған жерлердi рекультивациялаудың негiзгi бағыттары төмендегiдей:

ауыл шаруашылық - бұзылған жерлерде ауыл шаруашылығында пайдаланылатын алқаптарды дайындау;

орман шаруашылық - арнайы және өндiрiстiк мақсаттарда ағаш отырғызу үшін;

балық шаруашылық - техногендiк ойыстарда балық өсiруге жарамды су қоймаларын жасау;

рекреациялық - бұзылған жерлерде әр түрлі демалыс орындарын салу;

табиғат қорғау және санитарлық - эстетикалық бұзылған жерлер, үйінділер және қалдық қоймалар беттерiн биологиялық немесе техникалық қорғау;

құрылыс - бұзылған жерлердi өндiрiстiк және тұрғын үй-тұрмыстық құрылыстар салу бағытында дайындау.

Жоғарыда аталған рекультивация бағыттарының ең тиiмдiсiн iс жүзiнде таңдау үшін мына төмендегi факторларды ескерген жөн:

табиғаты мен ауа райы, жер бедерi, топырақ жамылғысының, өсiмдiктердiң геологиялық және гидрогеологиялық ерекшелiктерi;

ауданның келешекте дамуы мен аудандық жоспарлау талаптарына сәйкес шаруашылық және санитарлық-гигиеналық жағдайлары,

өндiрiстiң даму сатысын, карьердiң жұмыс iстеу мерзiмiн, тау-кен жұмыстарының кешендi механикаландырылуын, пайдаланылатын көлiк құралдарды ескеру;

бұзылған жердi қалпына келтiрудiң экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiгiне, ауданның табиғи қорларын игерудiң экономикалық және әлеуметтiк талаптарына қарау.

Қазiргi уақытта елiмiзде тау-кен жұмыстарын ашық әдiспен игеру нәтижесiнде бұзылған жер көлемiнiң артып отырғандығы, халық шаруашылығының минералдық шикiзаттарды барған сайын көп қажет етуi, бұзылған территориялардың жиi ұшырасуы, табиғи, кен-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың барынша алуан түрлілiгi, жер қойнауын игеру және осыған байланысты табиғаттағы тепе-теңдiктiң бұзылуына сәйкес техникалық және экологиялық процестердiң күрделілiгi, жердi рекультивациялау бағытын таңдау дербес салааралық проблема қатарына шығып отыр.