- •Жартасты және жұмсақ жыныстарды қазуға дайындау
- •4.1 Сурет. Ұнғылардың кемерде орналасу схемасы
- •Iс жүзiнде заряд массасы мына формулалармен анықталады:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 .4 Сурет. Сбш250 мн станогi 5.5 сурет. Сбу-200 қысым
- •Бұрғылау станоктарының жұмысын ұйымдастыру және олардың өнiмдiлiгi
- •Бақылау сұрақтары:
- •5.1 Сурет. Ұнғылық зарядтар: а) тұтас; б) ауа аралығымен бөлiнген
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •7.1 Сурет. Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •7.2 Сурет. Драглайнның жұмыс жасаұ схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •8.2 Кесте – Аршыма экскаваторларының техникалық сипаттамасы
- •8.3 Сурет. Механикалы күректiң жұмыс параметрлерi
- •8.4 Сурет. Механикалы күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •8.5 Сурет. Механикалы күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •9.1 Сурет. Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде; вкемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер
- •9.1 Кесте – Скреперлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.2 Кесте – Бульдозерлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.3 Кесте
- •9.2 Сурет. Жүк тиеуштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
- •Конвейерлердің технологиялық схемалары, өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •11.2 Кесте – Тартушы агрегаттардың техникалық сипаттамасы
- •12.1 Сурет. Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •13.1 Сурет. Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •14.2 Сурет. Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
- •Конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар және оларды таңдау
- •Рекультивациялық жұмыстардың түрлерi және мазмұны
- •Топырақтың құнарлы қабатын жинап алу, қоймалау және төгу технологиялық схемалары
- •15.5 Сурет. Құнарлы топырақты төгу схемасы
- •Үйінді бетiн тегiстеу
- •Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары
- •Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары
- •Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
5 .4 Сурет. Сбш250 мн станогi 5.5 сурет. Сбу-200 қысым
соқпалы станогi
Шарошкалы станоктармен темiр және түсті металдар өндiретiн карьерлерде тау жыныстарының 80%-тен астамы бұрғыланады.
Қысым соқпалы станоктар СБУ-12,5, СБУ-160 және СБУ-200 (5.3 -кесте) қиын бұрғыланатын тау жыныстарында ұңғыларды бұрғылауға арналған (5.5 сурет). Ұңғыларды бұрғылауға диаметрi 85-200мм коронкалар қолданылады. Шамалы жарықшақтанған тау жыныстарында ұш қанатты коронкалар, ал жарықшақтанған тау жыныстарында крест тәрiздi коронкалар қолданылады. Осы коронкалардың шығып тұрған кескiштерi бар.
5.3-кесте
Көрсеткiштер |
Станоктар |
||
СБУ-125 |
СБУ-100 |
СБУ-200 |
|
Ұңғылар диаметрi,мм |
105-125 |
155 |
200 |
Ұңғылар тереңдiгi,м |
22 |
36 |
34 |
Ұңғының горизонтқа көлбеулiк бұрышы, градус |
15-104 |
60-90 |
60-90 |
Бұрғылау қондырғысын айналдыру жиiлiгi, айн/мин |
26,40,60 |
25,50 |
0-50 |
Станоктың жылжу жылдамдығы, км/сағат |
0,7 |
0,8 |
1,0 |
Электроқозғалтқыштың орнатылған қуаты, кВт |
30 |
197 |
256 |
Ұңғыларды тазалауға шығатын ауа шығыны, м3/мин |
8 |
13 |
20 |
Станок массасы,т |
4,6 |
29 |
45 |
Қысым соқпалы станоктардың өнiмдiлiгi бiр соққының энергиясымен сипатталатын бұрғылау тәртiбiне, коронка өсiне келетiн тиiстi қысымға, қысым соққыштың минута iшiндегi соққы санына, бұрғылау қондырғысының айналу жылдамдығына байланысты болады. Станоктардың өнiмдiлiгiне тау жыныстарының бұрғыланғыштығы,қысылған ауаның қысымы, ұңғыдан бұрғылау ұнтақтарын толық шығару, бұрғылау коронкасының пiшiнi, оның өтетiн дәрежесi және кескiштiң ұшкiрлену бұрышы елеулi әсерiн тигiзедi. Карьерлерде қысым соқпалы станоктарымен 6-8% тау-кен жыныстары бұрғыланады.
Бұрғылау станоктарының жұмысын ұйымдастыру және олардың өнiмдiлiгi
Ұңғыларды бұрғылау кезiнде қосалқы операцияларға бұрғылау қондырғысын түсiру, көтеру, ұзарту және бөлiп алу, ұңғыларды бұрғылау ұнтақтарынан тазалау, тау жыныстарын ұнтақтау аспабын алмастыру, станокты жаңа ұңғыны бұрғылауға жылжыту және т.б. жатады. Әрбiр нақтылы бұрғылау жағдайына және қабылданған станок түрiне, 1м ұңғыны бұрғылауға келетiн, қосалқы операцияларды мүмкiн болатын дәлдiкпен есептегенде тұрақты шама деуге болады. Осыны еске ала отырып бұрғылау станоктың ауысымдық өнiмдiлiгi
,
м, (5.1)
мұндағы Та - ауысым ұзақтығы, сағат; Тн және Тқ - 1 м ұңғыны бұрғылауға кететiн негiзгi және қосалқы операцияларды орындаудың сәйкес ұзақтығы, сағат; Кn - ауысым мерзiмiн пайдалану коэффициентi.
, (5.2)
Тд.а., Тү, Тж.т. - дайындау-ақырғы операциялардың, регламенттiк үзiлiстердiң және жоспарсыз тоқтап қалудың сәйкес ұзақтықтары.
Тд.а және Тү шамалары карьерлерде жұмыс жағдайына (ауысым ұзақтығы, ауа райы жағдайы және т.б.) байланысты анықталады да, олардың жиынтығы 0,5-1 сағат болады.
Негiзгi операциялардың ұзақтығы
,
сағат, (5.3)
мұндағы Vб - бұрғылаудың техникалық жылдамдығы (әрбiр станок түрiне есептеу әдiсiмен немесе хронометриялық бақылаулар негiзiнде анықталады), м/сағат. Станоктар түрiне және тау жыныстарының бұрғылану көрсеткiштерiне байланысты бұрғылаудың техникалық жылдамдығы 5-30 м/сағат шамасында өзгередi. Жарықшақтанған тау жыныстарында бұрғылаудың техникалық жылдамдығы 25-30%-ке төмендейдi.
Қосалқы жұмыстарға кететiн мерзiм хронометриялық бақылаулар арқылы анықталады. Оны СБР, СБШ, СБУ және СБО станоктары үшiн оқу есептеулерiнде 2-6, 2-5, 8-16 және 4-5 мин. шамаларына сәйкес деп қабылдауға болады.
Карьерлерде станоктардың ауысымда жоспарсыз тұрып қалуы 1-1,5 сағат шамасында болады.
Ауысым мерзiмiндегi тұрып қалудан басқа станоктардың ауысым бойы тұруы болады (жылдық жұмыс жасау мерзiмiнiң 20%-тiң құрайды), олар жөндеумен, жұмыс бағытының болмай қалуымен, жарылыс жұмыстары кезiндегi үзiлiстермен, станоктарды алып кетумен байланысты болады. Сондықтан станоктардың жоспарлау кезеңiндегi өнiмдiлiгiн ауысымның белгiленген жұмыстық сапымен есептейдi. Станоктың жылдық өнiмдiлiгi
Пб.ж. = Пб.а. Па N, м, (5.4)
мұндағы Па - тәулiктегi жұмыс ауысым саны (карьерлердiң көбiсiнде Па=2); N=280-290-жыл iшiндегi станоктардың жұмыс күндерi саны.
Бұрғылау станоктарының жұмыс жасайтын саны Nб.ж. тау-кен жыныстары қоспаларының жоспарланған көлемiне Vқ.ж. байланысты болады
,
(5.5)
мұндағы qт.ж. - ұңғының 1м-нен шығатын қопарылған тау жыныстары қоспасы, м3.
Ұңғыларды зарядтау үшiн әр түрлi құрылымды зарядтау машиналары қолданылады. Гранулалық ЖЗ даярлау пунктiнен зарядтайтын жерге жеткiзетiн бiр бункерлi машиналар және құрамы әр түрлi зерногранулиттi зарядтайтын жерде даярлау үшiн екi бункерлi (тротил және аммиак селитрасы үшiн) машиналар қолданылады. Бункерден ЖЗ ұңғыға қысылған ауамен, шнекпен немесе салмақ күшiнiң әсерiмен түсiрiледi. ұңғыдағы зарядтың массасы дозатор арқылы бақыланады. Карьерлерде КРАЗ-222 шассиiне құрастырылған жалпы ыдысы 7м3 екi бункерлi СУЗН -5А әмбебап қысымзарядтау машинасы қолданылады. Ол ұңғыларды гранулалық тротилмен де, зерногранулитпен де зарядтай алады. Игданиттi даярлау және ұңғыларды зарядтау үшiн МЗС-1 қоспалауыш зарядтау машинасы қолданылады.
Ұңғыларды тығындау үшiн СУЗН-1 тығындау машинасы қолданылады. Тығындық ретiнде құм, байыту фабрикаларының қалдықтары және ұсақ қиыршық тас қолданылады.
Әдебиеттер: 1 нег. 41-48
