- •Жартасты және жұмсақ жыныстарды қазуға дайындау
- •4.1 Сурет. Ұнғылардың кемерде орналасу схемасы
- •Iс жүзiнде заряд массасы мына формулалармен анықталады:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 .4 Сурет. Сбш250 мн станогi 5.5 сурет. Сбу-200 қысым
- •Бұрғылау станоктарының жұмысын ұйымдастыру және олардың өнiмдiлiгi
- •Бақылау сұрақтары:
- •5.1 Сурет. Ұнғылық зарядтар: а) тұтас; б) ауа аралығымен бөлiнген
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •7.1 Сурет. Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •7.2 Сурет. Драглайнның жұмыс жасаұ схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •8.2 Кесте – Аршыма экскаваторларының техникалық сипаттамасы
- •8.3 Сурет. Механикалы күректiң жұмыс параметрлерi
- •8.4 Сурет. Механикалы күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •8.5 Сурет. Механикалы күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •9.1 Сурет. Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде; вкемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер
- •9.1 Кесте – Скреперлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.2 Кесте – Бульдозерлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.3 Кесте
- •9.2 Сурет. Жүк тиеуштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
- •Конвейерлердің технологиялық схемалары, өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •11.2 Кесте – Тартушы агрегаттардың техникалық сипаттамасы
- •12.1 Сурет. Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •13.1 Сурет. Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •14.2 Сурет. Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
- •Конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар және оларды таңдау
- •Рекультивациялық жұмыстардың түрлерi және мазмұны
- •Топырақтың құнарлы қабатын жинап алу, қоймалау және төгу технологиялық схемалары
- •15.5 Сурет. Құнарлы топырақты төгу схемасы
- •Үйінді бетiн тегiстеу
- •Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары
- •Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары
- •Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
14.2 Сурет. Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
Егерде жұмыста N автосамосвалдар болса, онда бiр мезгiлде төгiлетiн машиналар саны
Nт
=N
,
(14.1)
мұндағы tт.м- автосамосвалдың үйіндідегi төгу және маневр жасау уақыты; (tt.м =60100с); tр-рейстiң техникалық ұзақтығы, с.
Төгу алаңы бағытының ұзындығы (м)
lт =Nт в, (14.2)
мұндағы в-автосамосвалдың төгу және маневр жасауына қажеттi алқаптың енi, м (в=1520м).
Үйінді бағытының ұзындығы (м)
L=3 lт (14.3)
Бульдозерлiк жұмыстар көлемi (м3)
Qk=Пт Кт, (14.4)
мұндағы Пт -үйіндіде қабылданатын тау жыныстар көлемi; Кт-үйінді үстінде қалатын және бульдозермен тегiстелуге тиiстi тау жыныстар көлемiн сипаттайтын үйіп тастау коэффициентi (Кт =0,4 0,7).
Жолдарды көшiру адымы әдетте 30-50м болады.
Бульдозерлiк үйінділеудiң артықшылығы төмендегiдей: үйінділеу жұмыстарының қарапайымдылығы; оларды тез салудың мүмкіншiлiгi; үйінділеудiң азғантай шығынды қажет ететiндiгi; жабдықтарға күрделі қаржының аз кететiндiгi.
Бульдозер үйінді машинасы болып қалмай, тағыда үйінді және карьер жолдарын салатын және жөндейтiн машина түрінде де қолданылады.
Қуаты 70 кВт-тан 180 кВт-қа дейiн бульдозерлердiң үйінділеу кезiндегi орташа өнiмдiлiгi тасты тау жыныстары бойынша 1500 м3/ауысым болады.
Конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
Тау жыныстарын ленталық конвейермен тасымалданғанда үйінділеу консолдық ленталық үйіндіжасағыштармен жүргізiледi (14.1 сурет). Консолдық үйіндіжасағыш айналмалы платформада құрастырылған тәуелсiз жүру мүмкіншiлiгi бар бiртiректi металл фермасы болып саналады. Карьерлерде адымдаушы және рельсте адымдаушы қимылды үйінді жасағыштар ең көп қолданылады. Тағы да шынжыр табанды жүретін үйіндіжасағыштар да қолданылады.
14.1 сурет. Үйінділеу схемалары: а - консолдық үйіндіжасағыш iшкi үйінділеуде;
б - консолдық үйіндіжасағыш сыртқы үйінділеуде; вабзетцер;
I, II, IIIсыртқы үйінді тiлмесiн толтыру тәртiбi; аүйінді тiлмесiнiң еңi
Консолдық ленталық үйіндіжасағыштарды қолданып үйінділеу процесi төмендегiдей негiзгi операцияларды енгiзедi: тау жыныстарын үйіндіге қабылдау, тасымалдау және төгу, үйінді бетiн тегiстеу және ленталық конвейерiн жылжыту. Технологиялық үйінді жабдығы магистралдық конвейердi, ленталық үйінді конвейердi және үйінді конвейерiнен тау жыныстарын қабылдап үйіндіге төгетiн консолдық ленталық үйіндіжасағышты енгiзедi. Магистралдық конвейерден үйінділiк конвейерге тау жыныстарын аударып тиеу үшін жылжымалы төгу құрылғылары қолданылады. Үйіндінiң қабылдау қабiлетiн ұлғайту мақсатымен үйіндіжасағыш пен үйінді конвейерiнiң ортасында ленталық аударып тиеуiштердi орнатады.
Үйіндіге тау жыныстарын бiр және екi қабатқа төгуге болады. Екi қабатты үйінділерде алдымен төменгi қабат, ал артқа қарай жүргенде жоғарғы қабат толтырылады. Үйінді толмасы үйінді консолын горизонталь жазықтықта бұру арқылы толтырылады. Консолдық ленталық үйіндіжасағыштарды қолданғанда жұмыс бағыты веерлiк және параллельдiк схемалармен дамиды. Үйінді беттерi бульдозермен тегiстеледi, ал ленталық үйінді конвейерлерi турнодозерлермен жылжытылады. Консолдық ленталық үйіндіжасағыштармен салынған үйіндінiң биiктiгi тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерiне және үйіндіжасағыштың сызықтық параметрлерiне байланысты болады да, екi қабатты үйінді үю кезiнде құрғақ және ылғалды жұмсақ тау жыныстары үшін 50-60 және 35-40 мге сәйкес болады.
Үйінді толмасының енi үйіндіжасағыштың сызықтық параметрлерiне және тау жыныстарының орнықтылығына байланысты болады да мына формула бойынша анықталады
Аұ =Lж-в,м, (14.5)
мұндағы Lж-үйіндіжасағыш жебесiнiң шығуы, м; в-үйіндіжасағыш осiнен үйінді қабатының жоғарғы жиегiне дейiнгi қауiпсiз ара қашықтық, м.
Консолдық үйіндіжасағыштарды ленталық конвейер мен көпшөмiштi экскаваторлар кешенiнде қолдану аршыма жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіндiк туғызады.
Әдебиеттер: 1 нег. 132-134
