- •Математикалық сыныптан тыс жұмыстар
- •1. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
- •12 Жылдық білім беру жағдайындағы мектептің жоғары сыныптарындағы бейіндік оқыту
- •1. Бейіндік оқыту, оған қойылатын талаптар мен міндеттер.
- •2. Бейімдік оқыту бағыттары.
- •3.Бейімдік оқытудағы таңдау курстары.
- •Оқушылардың өзіндік жұмысының тақырыптары
- •Таңдау тақырыптары(4 сағ.)
- •5.Бейімдік оқытуда математиканы оқыту әдістемесі
12 Жылдық білім беру жағдайындағы мектептің жоғары сыныптарындағы бейіндік оқыту
Жоспары:
1. Бейіндік оқыту, оған қойылатын талаптар мен міндеттер.
2. Бейіндік оқыту бағыттары.
3.Бейіндік оқытудағы таңдау курстары.
4. 8-9 сыныптар үшін «Математиканың таңдамалы мәселелері» атты таңдау (электив) курстар.
1. Бейіндік оқыту, оған қойылатын талаптар мен міндеттер.
12 жылдық білім берудегі негізгі мақсаты - оқытудың жоғары сатысында бейіндік оқыту.
Бейімдік оқыту - оқушының қабілеті мен икемділігіне, қызығуына
қарай оқу процесінің ұйымдастыру және оның мазмұнына өзгерістер енгізу арқылы оқытуды саралау мен жекелеу, жоғары сынып оқушыларының кәсіптік қызығушылығын туғызу, оқуды жалғастыру ниетін жүзеге асыруына
жағдай жасау құралы.
Бейімдік оқыту оқу процесін тұлғалық-бағытталықты жүзеге асыруға
арналған.
Математикадан бейіндік оқытудың негізгі міндеттері:
Математикалыық білім мен біліктіліктерді тереңдету.
Логикалық ойлау мен кеңістіктік елестетуін дамыту.
Математиканың қолданбалық мүмкіндіктері туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
Математиканың даму тарихынан мәліметтер беру.
Жоғарғы сыныптардағы бейіндік оқыту дегеніміз оқыту үдерісін саралау және жекелеуді жүзеге асыратын құралы. Бейіндік (арнайы) оқыту кезінде мыналар іс-жүзіне асырылуы керек.
- оқушының болашақ мамандығын дұрыс таңдауына мүмкіндік туғызу;
- оқушының қабілеті, икемділігі және қызығушылығына қарай оқытуды ұйымдастыру;
- оқушының оқуын әрі қарай жалғастыру ниетін жүзеге асыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың кәсіптік қызығушылығын туғызу;
- жоғарғы оқу орындарындағы мен мектепте оқыту оқу процесін ұйымдастыру арасындағы алшақтықты жою.
Сонымен бейімдік оқыту бірінші кезекте ЖОО-дағы оқу материалдарын студент еркін меңгеретіндей болуын қамтамасыз ету және оқу процесін ұйымдастырудағы қиыншылықтардың алдын алу. Сондықтан мектептен бастап белгілі бір мамандық бағытындағы пәндерді терең білуді қажет етеді. Бұл өз кзегінде метептің жоғары сыныптарда мамандандыруға алып келеді.
Бірақ бейіндік оқытуды ЖОО-дағы оқылатын оқу материалдарын мектепке алып келу деп түсінбеу керек. Бейіндік оқытуда да орта білім беруді негізгі мақсат етіп қоя отырып, оқушының таңдған бағытындағы пәндерден тереңдетіп білім алуға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде әрине, жоғарғы сыныптағы бейімдік оқытуды кәсіптік білім берумен шатастыруға болмайды.
Бейіндік оқытуға мынадай талаптар қойылады:
1)Мектеп математика курсы мен жоғары оқу орындарында оқытылатын математика курсының мазмұндары арасындағы алшақтықты жақындату;
2)Оқу үдерісін ұйымдастырудағы алшатықтарды болдырмау: мектепте - сабақ; ЖОО - лекция, парактикалық сабатар; білімді есепке алу және бағалаудығы: мектепте күнделікті тексеру –ЖОО сессия кезінде-емтихан, есепк алу, курстық және дипломдық жұмыс.
3) Мектептегі және ЖОО матемтикалық танымның алшақтығын азайту үшін:
- мектепте математика курсын теориялық жағынан тереңірек оқыту;
- жиын теориясы мен логикалыық символдарды кең түрде қолдану;
4) Оқу материялдарын бяндудағы қатаңдық (математика курсын құрудың аксиоматикалық) негізін түсіну.
