- •Оқушыларды математиканы оқыту барысында тәрбиелеу.
- •1. Мектептегi математика курсының тәрбиелеу мақсаттары
- •2.Математиканы оқыту тәрбиелеу бағыттары
- •3 Тарихи-математикалық мәлiметтердiң тәрбиеге бағытталуы
- •Сабақтың барысы
- •Бақылау сұрақтары және тапсырмалар
- •Математикалық есептер
- •1. Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері
- •2.Математикалық есеп және оның түрлері
- •3. Есеп шығаруға қойылатын негізгі талаптар
3 Тарихи-математикалық мәлiметтердiң тәрбиеге бағытталуы
Математиканы оқытуда осы ғылымның гуманитарлық мүмкiндiктерiн қолдану мектептегi математикалық бiлiмнiң нәтижелiлiгiн арттырудың бiр жолы болып табылады. Оқу материалын беруде тарихи математикалық мәлiметтердi қолданатын мұғалім оқушыларға негiзгi математикалық ұғымдар мен идеялардың қалай дамығанын көрсетедi, қоршаған ортаны танудағы математиканың рөлiн ашады, оны саналы түрде және терең түсiнуге ықпал етедi. Мектептегi бiлiм беру үрдiсiн гуманизациялау және демократизациялау мұғалімге оқытудың тиiмдi түрлерi мен әдiстерiн таңдау мүмкiндiгiн бередi, шығармашылық белсендiлiгiн көрсетуге жол ашады.
Бірақ пән және ұғымдардың қалыптасу тарихы бойынша терең бiлiмсiз математиканың оқыту әдiстемесiн еркiн меңгеру мүмкiн емес.
Математиканың кейбiр жеке тарауларының болсын тарихын бiлу мұғалімнің кейбiр оқушы қателiктерiн болжауына, кейде тiптi болдырмауына да жол ашады. Сонымен қатар бiраз әдiстемелiк қателiктерге жол бермеуге көмектеседi. Өз пәнiнiң тарихын жақсы бiлу, мұғалімге өтiлiп жатқан тақырып пен ұғымдардың орнын бiлiктiлiкпен бағалауға, терең бiлiм беруге көмектеседi.
Математиканы оқыту әдiстемесiнiң негiзгi мәселесi мынада: математиканы бiз дедуктивтi түрде беремiз, яғни анықтамадан бастаймыз, ал анықтаманың ұзақ дамудың қорытындысы екенiн ескермеймiз. Оқушы дамудың кезеңдерiн көре алмайды, өйткенi анықтама оған дайын күйде берiледi. Осыған байланысты түсiнiспеушiлiктер пайда болады. Тарихи материалды бiлу оқушыға математикалық үғымның дамуын көруiне жол ашып, оның басқа ғылымдардағы орнын терең түсiнуге көмектеседi, ал нәтижесiнде бiлiм мен тәрбиенiң сапасын арттырады.
Егер мұғалім математиканың тарихын бiлсе, осы бiлiмiн пайдалана отырып, ол оқу үрдiсiн реттеп, математиканы оқушылар үшiн түсiнiктiрек етiп үйлестiре алады.
С.П.Капица ғылым тарихының маңызы туралы былай деген: “Ғылымды оның тарихына мүлде тиiспей-ақ оқуға болатыны жақсы белгiлi. Бірақ оның тарихына бармай ғылымның әдiсiн түсiну қиын және бiздiң мәдениетiмiзден алатын орнын дұрыс анықтау мүлде мүмкiн емес”.
Ғылымның тарихынан мәлiмет беру, жоғарыда айтылғандай, танымдық тұрғысынан өте пайдалы, өйткенi ол оқушыларда диалектикалық–материалистiк дүниетаным қалыптастыруға ықпал етедi. Сонымен қатар ол әр тарауды немесе тақырыпты өту барысында оқушыларға математиканың кеңiстiктiк пiшiндердiң ғылымы ретiнде адамның практикалық қызметiмен байланысты пайда болған және дамығанын көрсетуге мүмкiндiк бередi. Мектепте оқытылатын мектеп курсына енгiзiлген ережелер, анықтамалар, теоремалар, формулалар – адамзаттың мыңжылдық тәжiрибесiнiң жинақталуы. Олар дайын түрде берiлмеген,қоршаған ортаны танудың нәтижесiнде алынып, практикамен тексерiлген. Математика тарихынан мәлiмет беру ғылымның дамуындағы қозғаушы күш өндiрiстiк қажеттiлiк екенiне оқушылардың көзiн жеткiзедi.
Ғалым-әдiскерлер мынадай қорытындыға келгенiн айта кету керек: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудыратын тиiмдi құрал болып табылатын математика тарихының элементтерi оқушыларға патриоттық және интернационалистiк тәрбие беру құралдарының бiрi болып саналады.
Өз отанына деген сүйiспеншiлiк, өз халқына, өлкесiне деген сүйiспеншiлiктен басталады. Сондықтан оқушылардың патриоттық сезiмдерiн дамыту үшiн оларды халық шаруашылығының, мәдениетiнiң, ғылымының даму тарихымен таныстыру өте маңызды. Мысалы, патриоттық сезiмдi тереңдетiп, Қазақстанға деген қызығушылықты тудыратын, жерлестер үшiн мақтаныш сезiмiн тәрбиелейтiн материал болып республикадағы математика мен математикалық бiлiмнiң даму тарихының мәлiметтерi табылады.
Бiздiң оқушыларға Отырар қаласында (Оңтүстiк Қазақстан аумағында болған қала) тұрған ұлы энциклопедист – ғалым, шығыстың орта ғасырлардағы ойшылы Әбу Наср Фараби (әл- Фараби) мен атақты математик және астроном Аббас Ибн Саид Жаухаридiң (әл-Джаухари) аттары белгiлi болуға тиiс.
Әл-Фарабидiң арифметикадан, геометриядан, тригонометриядан еңбектерi мен математикалық әдiстердi практикалық есептер шығаруда қолдануға арналған зерттеулерi өте қызықты болып табылады. Оқушылардың өз Отанына, халқына деген сүйiспеншiлiк сезiмдерiн тәрбиелейтiн және дамытатын материал ретiнде мынадай мәселелердi қолдандық:
Фарабидiң математикалық мұрасы:
Фарабидiң өмiрбаянынан қысқаша мәлiметтер.
Ғалымдар мен атақты адамдардың Фараби туралы пiкiрлерi;
Фарабидiң “Өнерлi тәсiлдер кiтабы . . .” - атты еңбегiнен
геометриялық, тригонометриялық есептердi шығару мысалдары;
Фараби және музыканың математикалық теориясы.
Джаухаридiң математикалық зерттеулерi.
Қазақстандағы халықтық математика және математиканың халықтық педагогикасы:
Сөздiк нөмiрлеу және ауызша есеп;
Саусақтың және заттың есеп элементтерi;
Көне жазба ескерткiштерiндегi математикалық терминдер
мен белгiлер;
қазақ халық метрологиясы және күнтiзбесi;
құрылыс өнерi және математика.
Төңкерiске дейiнгi Қазақстанның әртүрлi мектеп жүйелерiнде математиканы оқыту тарихынан.
Қазақстандағы математикалық зерттеулердiң дамуы.
Республика ғалымдары және еңбегi жоғары өкiмет белгiлерiмен аталып өткен алдыңғы қатарлы математика мұғалімдерi туралы материалдар.
Қазақстан математиктерi халықаралық конгресстер мен бүкiлодақтық математикалық съездерде және конференцияларда.
Әрине, жоғарыда аталған тақырыптар үлгi ретiнде берiлдi. Сондықтан математика мұғалімi өз жұмысында математика ғылымы мен республикадағы математикалық бiлiм берудiң даму тарихынан мәселелердi кеңейте және тереңдете алады.
Математиканың даму тарихының элементтерiмен таныстыру мынадай жолдармен iске асырыла алады:
Республикадағы математиканың даму тарихының жеке элементтерiн жаңа материалды түсiндiруге енгiзу;
Әртүрлi сыныптан тыс жұмыстар өткiзу (тарихи-математикалық үйiрмелер, кештер, тақырыптық газеттер, тарихи математикалық күнтiзбелер шығару және т.б.)
Тарихи мәлiметтер табу үшiн мұғалім тиiстi әдебиеттердi қолдана алады. Төменде бiр сабақтың үлгісінен дәлелдер келтiрiледi. Бұл “Ондық бөлшектер” тақырыбы бойынша қорытынды сабақ.
Сабақтың жоспары.
Оқушыларды ондық бөлшектер ұғымының даму тарихымен таныстыру (қысқаша).
Ондық бөлшектер туралы iлiм қалыптастырудағы әр халықтың ғалымдарының еңбектерi (алғы шарттар, ондық бөлшектердiң ашылуы, олардың жазылуын жетiлдiру, теорияның жасалуы).
Ондық бөлшектер туралы iлiм қалыптастырудағы орта азиялық ғалым Джемшид Гиясэддин Кашидiң ролi.
Ондық бөлшектердiң ашылуының математика дамуындағы және адамдардың практикалық өмiрiндегi маңызы.
