Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОӘ Лек 23-24.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
547.62 Кб
Скачать

23-лекция.

Оқушыларды математиканы оқыту барысында тәрбиелеу.

1. Мектептегi математика курсының тәрбиелеу мақсаттары

2.Математиканы оқыту тәрбиелеу бағыттары

3 Тарихи-математикалық мәлiметтердiң тәрбиеге бағытталуы

1. Мектептегi математика курсының тәрбиелеу мақсаттары

Математикалық бiлiм беру үрдiсiнде математиканың теориясындағы және оқыту әдiстемесiндегi оқушыларды тәрбиелеуге көптен-көп назар аударылуда. Бүған математиканы оқыту әдiстемесiне көзқарастың өзгеруi және осыған байланысты бұл ғылымның атауының: «оқытудың және тәрбиелеудiң теориясы мен әдiстемесi (математика)» болып өзгергенi дәлел бола алады.

Қазiргi ҚР Мемлекеттiк стандартының жалпы бiлiм беру бағдарламасы мектептегi математиканы оқытудың келесi негiзгi мақсаттарын көрсетедi:

1 Бiлiмдiк мақсаты – барлық оқушыларды математика ғылымының негiзi болатын бiлiмдер жүйесiмен және ол бiлiмдердi саналы түрде қолдана алудың iскерлiктерi мен дағдыларын берiк қалыптастыру.

2 Тәрбиелiк мақсаты – оқушылардың математикалық мәдениеттiлiгi мен математикалық iс-әрекеттер арқылы халық мәдениетiнiң элементтерiн қолдана алу iскерлiктерiн қалыптастыру.

3 Дамытушылық мақсаты – әрбiр жеке түлғаның ақыл-ойының дамуына, адамгершiлiкке ұмтылып, шығармашылық мүмкiндiгiнiң дамуына жағдай жасау.

Мектептегi математика курсы оқушы тұлғасын дамыту мен тәрбиелеуде қандай роль атқарады? Бұл сұрақтың жауабы математиканы оқыту мақсаттарының қойылуына байланысты.

Тәрбиелей-дамыта оқыту жүйесiнде математиканы оқытудың жалпы мақсаттарының мазмүны оқушы тұлғасының негiзгi компоненттерi - сұраныстар, қызығушылықтар, мотивтер қабілеттерінің қалыптасуына байланыста қаралуы қажет.

Математика оқу пәнi ретiнде жалпы болып табылатын қасиеттердi (ойлау, ес, зейiн, сөйлеу, адамгершiлiк идеалдар) сонымен қоса математиканы оқыту үрдiсiнде ғана меңгерiлетiн арнайы қасиеттерді: шынайы құбылыстар мен үрдiстердiң математикалық модельдерiн құру дағдылары, математикалық модельдердiң кейбiр түрлерiн зерттеу аппаратын меңгерудi қалыптастырады.

2.Математиканы оқыту тәрбиелеу бағыттары

Математиканы оқытудағы тәрбиелеу мақсаттарына келесi бағыттар жатады:

  1. Тұлғаның дағдылық қырына жататын, математиканы оқып-үйренудегi тәрбиелiк мақсаттарға сөзсiз жету:

    1. логикалық ойлау (ой жүгiрту, талдау, дедуктивтi, абстрактiлеу, жалпылау, кесте түсiре бiлу т.б.);

    2. ойын дұрыс жеткiзе бiлу (нақты, айқын, ықшамды түрде т.б.);

    3. баса назар аудару қабілетін және зейiнiн дамыту, тәртiппен жұмыс iстеу әдетiн және табандылыққа тәрбиелеу т.б.

  2. Математикаға оқытудың пәндiк-мазмұндық маңызы, математикалық бiлiмдi меңгеру мiндеттерi. Элементарлық математикалық бiлiмдi қажет ететiн, техникалық, экономикалық, әлеуметтiк кәсiптердiң көбеюiне байланысты өмiрде туындайтын мәселелердi түсiну қажеттiлiгi.

  3. Басқа пәндердi оқытуда математикалық бiлiмнiң, математиканың ролiн ашу. Математиканы және оған тән ойлау стилiн қазіргі адамның жалпы мәдениетiндегi маңызды элемент ретiнде және оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырушы құрал ретiнде қарау керек.

Барлық пәндер арасында математика логикалық ойлау мәдениетiн қалыптастыруда ерекше орын алады, математиканың салыстыру, үқсастығын анықтау, жiктеу, нақтылау, қорытындылау сияқты ойлау операцияларын дамытуда үлкен потенциалдық мүмкiншiлiктерi бар.

Жоғарыда аталған мақсаттар бiр-бiрiмен байланыста және белгiлi бiр мағынада араласып кетедi.

Оқыту мақсаттарына математикалық таным ерекшелiктерiн де жатқызуға болады. Математиканы оқыту үрдiсiнде қалыптасатын тұлғаның жақсы қасиеттеріне математиканың өз тәсiлдерiмен сипатталатын нақты үрдiстердi модельдеу дағдысын, теориялар, үғымдар, қатынас және тiл меңгеру жатады. Сонымен бiрге математика теориясының өмірде қажеттілігін көрсетуде мүмкiндігі шексіз.

Соңғы кезде психологияда, дидактикада тұлға ұғымын, оның құрылымын зерттеуде көп алға басушылық болды және бұл нәтижелер тұлғаның дербестiк, әсiресе танымдық дербестiк, шығармашылық белсендiлiк, интеллект сияқты қасиеттерін математиканы оқыту әдiстемесi жазықтығында қайта қарауды талап ететiндiгiн айту керек. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер дербестiк-танымдық қызметтiң өзiн-өзi реттеуiнде көрiнетiн, танымдық мотив синтезi және дербестiк мiнез-құлықпен сипатталатын–көпаспектiлi тұлғалық түзiлiс – деген қорытындыға әкеледi.

Сонымен, тәрбиелеу оқытуда бiлiмге, iскерлiк пен дағдыға үйрету мен бірге оқытудың мазмұны мен мақсаттарын тұлғаға бағытталған оқытудың талаптарына сәйкестендіру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]