Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
981.5 Кб
Скачать
  1. Қосынды жақсартылған болаттардың ентаңбасы және олардың қасиеттері. Хромды болаттар.

Жақсартылатын болаттар. Термиялық жақсартуға болатын болаттар – шынықтыру және жоғары босату, босатылған сорбит құрылымын алуды қамтамасыз етеді, күрделі кернеулер кезінде жұмыс істейтін тетікбөлшектерді жасау үшін кеңінен қолданылады (ауыспалы және динамикалы жүктемелер кезінде жұмыс істейтін тетіктер). Бұл болаттарға морт сынғыштыққа қарсы тұру маңызды орын алады. Олар өте жоғары конструкциялық беріктікке ие болуы керек. Жақсартылатын болаттар – орташа көміртекті. Легірленген жақсартылатын болаттарды ірі және ауыр жүктелген жауапты тетікбөлшектерді жасау үшін қолданады (40Х, З0ХГСА, 40ХН, З0ХНЗА, 40ХН2МА, 36Х2Н2МФА).

Хромды болаттар термиялық өңдеуден кейін беріктік сипаттамасы көміртекті болаттарға қарағанда жоғары. Хромды болаттар жебірлі орталарда жемірілуге төзімді болады. Егер 1-2% хром қосса, онда болаттың қаттылығы 1,5-2 есе жоғарылайды. Ал егер 12% хром қосса, болат тот баспайтын болады. Егерде 25% хром қосса, онда болат қышқылға төзімді әрі ыстыққа төзімді болады. Шынықтыру мен босатудан кейін хромды болаттар пайдалы механикалық қасиеттеріне ие болады. 15Х, 15ХА, 15ХР, 15ХРА, 20Х, 20ХР маркалы цементтелетін болаттар тозуға төзімді және орташа қысым мен жылдамдықта жұмыс істейтін саусақ (пальцы) осьтер, итергіштер, плунжерлер, тісті дөңгелектер сияқты бөлшектер жасауға қолданылады. Автомобиль мен трактор бөлшектерін жасауда қолданады.

  1. Жоғары берікті болаттарды жоғары температуралық термомеханикалық өңдеу.

Жоғары берік болаттар. Жоғары берік болаттарға беріктігі sв > 1500 Мпа болатын болаттар жатады. Беріктігі жоғары болаттарға 30ХГСНА, 40ХГСН3ВА, 40ХН2СМА, 30Х5МСФА ентаңбалары жатады. .... кестесінде 900о С –дан шыныққан және 250о С – дан төменгі босатуға ұшыраған беріктігі жоғары болаттың екі ентаңбасының механикалық қасиеттері келтірілген (8.1 кесте).

Болаттардың аталған беріктігі төменгі температуралы босату нәтижесінде сақталады, ал қанағаттанарлық илемділігі құрылымының жоғары дәрежелі тазалығы және майдатүйіршілігімен қамтамасыз етіледі. Мұндай беріктік дәрежесін орташа көміртекті легірленген болаттарда алуға болады, ол үшін шынықтыру мен төменгі босатуды (200 – 250 °С) немесе төменгі бейнит құрылымын алуға болатын изотермиялық шынықтыруды қолданады.

Орташа көміртекті легірленген конструкциялық болаттарды термиялық өңдеген кездегі жеткізілетін беріктік деңгейі көміртегі мөлшерімен анықталады. Беріктік дәрежесі жоғары болған кездегі шынықтыру және төменгі босатылған орташа көміртекті болаттар кернеу шоғырландырғыштарына өте сезімтал, морт сынғыштыққа икемді болып келеді, сондықтан оларды біртіндеп жүктеу жағдайларында жұмыс істейтін бөлшектерді жасау үшін қолданады.

4

  1. Жоғарғы беріктілігімен аз қосынды болаттар.

Құрылғы болаттарға құрамы бойынша жақын, бiрақ тұтынушыда жылумен өңдеуге тағайындалмағандар құрылыс болаты деп аталатын топқа бірiгедi (олар негiзiнен құрылыста қолданылады). Жиi оларды аз қосынды деп атайды. Аз қосынды болат көмiртектi мен қосынды болаттар арасындағы өтпелi болып табылады. Ол өзiнiң негiзiмен аз көмiртектi болатқа сәйкес келедi (0,1-0,2%С) аздаған және шағын мөлшерде (пайыздың ондаған және жүздеген үлесiмен) құрамында Cr, Ni, Cu, V, Nb және басқа элементтер қосылған.

Болаттың ентаңбасы құрылыстың түрiне (құрылғының бөлiгiне), пайдалану жағдайларына және есептелетiн температурадарға, әсер ететiн жүктемелердiң (күштiң) түрi мен шамасына т.б сүйенiп таңдалады. Болат құрылғылары үшiн қолданылатын болаттар sв /s0,2 қатынасына сүйенiп С600/450, С700/600, С850/750 сыныптарына жоғары берiктiгiмен болаттар жатады. Дiрiл жүктемелерiнiң тiкелей әрекетiне түсетiн пiсiрмелi құрылғылар үшін жоғары берiктi С600/450 (16Г2АФ) сыныбының болаты қолданылады. . Пiсiрмелi арқалықтар мен жабу құрылғылары үшін жоғары берiктi С700/600 (12Г2СМФ) сыныбының болаттары қолданылады. Қозғалмалы немесе дiрiл жүктемелердiң тiкелей әрекетiне түспейтiн пiсiрмелi құрылғылар үшін С600/450 (16Г2АФ және жылумен нығайтылған болат 15Г2АФ) және С700/600 (12Г2СМФ, 14ГСМФР) сыныптарының болаттары қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]