Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
981.5 Кб
Скачать

46. Мартенситті-ескірген болаттарды қосындылаудың сыныпталуы және принциптері.

Металаралық нығаю үлесiнен болаттардың жоғары берiктiгi бар. Шынықтырғанда практикалық көмiртексiз мартенсит алынады, сосын жұмсартуда (шамамен 500°С) металаралық күйтүрлерде бөлінулер орын алады. Сонда мына қасиеттер алынады : sв=2200¸1550МПа, s0,2=2100¸1500МПа, d=8-6%, y=45¸30%, аН=30¸60Дж/см2.

Мартенситтi – ескiретiн болат 18¸10% Ni тұрады және қосымша (~1%)Ti, (1¸0.25%)Al және жиi (5¸3%)Mo мен (~10%)Co қосылады.

Никель мен титанның бар болуы ескiруге әкелетiн NiTi немесе Nі3Ti, немесе NiAl(NiFeAl), Fe2Mo т.б. сияқты металаралық күйтүрлердiң түзiлуiне қажет. Көмiртек мөлшерi ең аз болуы тиiс (0,03%С<), өйтпегенде бұл күйтүрлер емес, а карбидтердiң түзiлуi мүмкiн, бұл бытыраңқы қатаю әсерiн нашарлатады.

Қосынды элементтердiң көп және көмiртегiнiң аз мөлшерiнде шынықтыру кезiнде аустениттiң айналуының мартенсит емес өнiмдерiнiң түзiлуiне қауiптенбей суытуды кез келген жылдамдықпен iске асыруға болады. Шынықтырудан кейiн болаттың қаттылығы 30НRC тең, бұл оны механикалық оңай өңдеуге мүмкiндiк бередi, Ескiруден кейiн қаттылық 52-53НRC дейiн артады. Құрамы бойынша ең көп тараған 03Н18K9M5T болаттың мартенситтiк айналуы 150¸200 °С басталып практикалық толығымен 20 °C (қалдық аустенит <10%) аяқталады. Соңғы берiктiк қасиеттерi кейiнгi жұмсартуда (ескiруде) 520-540 °С қалыптасады.

Жоғары берiктi мартенситтi – ескiретiндердiң iшiнде ең кеңiнен қолданыс тапқаны 03Н18К9М5Т болаты.

Кiшкене қимасымен (30 мм дейiн) табақтар мен шыбықтардан жасалатын тетiкбөлшектер үшiн жылумен өңдеу 820 °С-тан шынықтыру мен 480-520 °С ескiруден тұрады. Үлкен қалыңдығымен тетiкбөлшектер үшiн күрделi жылумен, 1220 °С-тан шынықтыру 940 °С-тан үш рет шынықтыруды қосып 520-540 °С ескiру 3 сағат бойы өңдеудi қолданған жөн. Шынықтыруды беттiң қатаюына дейiн суда, сосын ауада суытуды жүргiзген жөн.

03Н18К9М5Т болатты азоттандыруға болады. Сонда қатты бет пен берiк өзек алынады, азоттандырылған қабат тетiкбөлшектерге бұзылусыз үлкен түйiспелi және созатын жүктемелерге шыдауға мүмкiндiк бередi. Азоттандырғанда өлшемдерiнiң ең аз өзгеруi үшiн қолайлысы азоттандыру температурасынан 40-50 °С жоғары алдын-ала ескiрудi жүргізеді.

Азоттандыру түзiмi : 520 °С (50сағ.), сонда қабатының тереңдiгi 0,15-0,20 мм; бетiнiң қаттылығы 60НRC, өзегңiнiң 48-49НRC алынады.

03Н18К8М5Т болаттың кемшiлiгi – салыстырмалы үлкен бағалы және қалыңдығымен жарты өнiмдерден жасалатын тетiкбөлшектер үшiн күрделi жылумен өңделуi және ыстықтай түрөзгеруге көтерiңкi қарсыластығы.

Мартенситтi-ескiретiн болаттардың негiзгi артықшылықтары ескiрумен практикалық қисаюсыз нығаю қабiлетi болып табылады; орташа қосынды жоғары берiктi болаттарға қарағанда сүйiр тiлiктер мен жарықтарға сезiмталдығының едәуiр аздығы; 450 °С дейiн жұмыс iстеу қабiлетi және жақсы пiсiрiлгiштiгi, соның iшiнде нығайтылған күйжайында да.

Мартенситтi - ескiретiн болаттар әуе өнеркәсiбiнде, зымыран техникасында, кеме жасауда, серпiмдi бөлiктер үшiн аспап жасауда, криоген техникасында т.б. қолданылады. Бұл болаттар қымбат тұратындар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]